Ұрықтану және ұрық

ұрықтану процесі

Тірі ағзалардың көбейе алатын мүмкіншілігі — олардың ең басты қасиеттерінің бірі. Өсімдіктердің гүлдерінде тозаңданудан кейін, олардың ұрығы дами бастайды.

Жануарлар шағылысқаннан кейін, олардың ұрықтанған жұмыртқаклеткаларында жаңа тірі ағза дами бастайды. Міне, осындай жағдай адамда да болады. Ер адамның жыныс мүшесінде жыныс клеткасы — сперматозоид, ал әйелдерде — жұмыртқаклетка жетіледі. Жыныс қатынасы кезінде жыныс клеткалары бір-бірімен қосылады да, ұрықтану процесі жүреді.

Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқаклетка жатырдың шырышты қабатына еніп, екіге, төртке, сегізге, кейде одан көп бөліне бастайды. Міне, осылайша ұрықтанған клеткадан әуелі ұрық, одан кейін іштегі бала, ең соңында болашақ кішкентай адам дамып, кейін ол дүниеге келеді. Қалыпты жағдайда жүктіліктің ұзақтығы 40 аптадай (280 күн), бірақ кейде әр түрлі себептермен оның ұзақтығы қысқарып немесе ұзарып кетуі мүмкін.

Ұрық

Жүктіліктің алғашқы екі айын — ұрықтық кезең, ал сол уақытта дамитын тірі ағзаны — ұрық деп атайды. Бұл кезде ұрықтың қабығы жетіледі. Оның өте көп қан тамырлары болатын сыртқы қабығы ұрықты қоректендіреді және оттекпен қамтамасыз етеді. Ал жартылай мөлдір жұқа ішкі қабығы, іші сұйыққа толы қуысқа айналып, ұрық соның ішінде батып жатады.

Осы кезде адам ұрығының басы және мойнының қалыптасқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, ұрықтың денесінде болашақта жетілетін мүшелердің — ми, жүрек, бауыр, бүйрек және өкпенің алғашқы белгілері қалыптаса бастайды. Жүктіліктің екінші айының аяғында ұрық өзінің дамуында адамға ұқсай бастайды, сондықтан ол іштегі бала кейпіне ауысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер16
  1. Айдана

    Өте керекті мағлұматтар, қалай ұрықтанатынын да анық түсіндірілген

  2. Айгерім

    Ұрықтану әр тірі ағзалардағы маңызды қызмет деп ойлаймын.

  3. Нұрбақыт

    Керемет рахмет сіздерге

  4. Назерке

    Маған осы тақырып қызық болып жүр еді, жақсы болды.

  5. Насиба

    Ұрықтану яғни зигота деп аталады. Биология сабағында ұрық, ұрықтану ақпараттарын көптеп алғанбыз.

  6. Түймеқұл Еламан Өмірбекұлы

    Мен биология пәнінің мұғалімімін маған бул ақпараттар ұнады жіне мен бұл ақпараттарды сабаққа пайдаландым

  7. Алуа

    өте керемет ақпарат, бәрімізге пайдасын тигізді

  8. Ақманат Мерекеевна

    ұрықтану күрделі процес.

  9. Алем

    Жақсы жазылған мәлімет! Әсіресе алғаш ата ана атанатын жандарға

  10. Сандуғаш

    Осындай мағлұматтарды біліп жүрген дұрыс сауатты болайық.

  11. Айнагүл

    жүктіліктің алғашқы белгілерін қалай анықтайды

  12. Алихан

    Ұлы сөздің ұяты жоқ. Қоғам осы тақырыпты жылы жаба салмай, мейлінше сауаттанса осыны оқып. Барлық сөздер анық, түсінікті

  13. Жанна

    Озиме кажетти коп нарселерди биле алдым десемде болады рахмет сиздерге,керемет

  14. Жұлдыз

    Ұрықтану және ұрық жақсы мағлұмат алдым .Өте жақсы

  15. Шолпан

    Ұрықтану мен ұрық-күрделі тақырып.Жүктіліктің алғашқы екі айын,кейде кауіпті кезең деп те жатады.Неге?Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі тағы бар.Сондықтан керекті дәрумендерді қабылдап,барынша күтіну қажет.

  16. Ажар

    етеккірдің келуіне байланысты ұрықтану пайда болады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ