Туу

Өмірге жаңа адамның келуі

Жануарлар өздерінің ұрпағын өмірге әр түрлі жолмен әкеледі. Ал адам өмірге анасының ағзасы арқылы келеді. Өмірге жаңа адамның келуі аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуы — ұрықтанудың нәтижесінде іске асады. Осылайша ұрық пайда болады. Ананың жатырында пайда болған ұрық дамиды.

Қырық аптадан кейін жатырдағы ұрық ананың денесінен тыс дами алатындай жағдайға жетеді. Осы кезде арнайы гормондардың әсерінен жатырдың етті қабаты қатты жиырылып, ұрық жатыр ішінде біртіндеп жылжып, жатыр қуысынан шығуға икемденеді. Босану кезінде жатырдың бұлшық етті қабатының жиырылу қасиеті салдарынан нәресте босану жолдарына тез өтеді.

Жаңа туған нәресте бірден айқайлап, дыбыс шығарады. Бұл оның бірінші дем алу және өзінің өкпесін ауаға толтыру, яғни нәрестенің өмірге келгендегі алғашқы жасаған қадамының белгісі деп есептелінеді. Оның артынша, жатырдан іштегі бала мен кіндік бауды жалғастырып жататын — бала жолдасы бөлініп, баладан кейін түседі. Нәрестеге бұдан кейін бала жолдасының керегі болмайды, сондықтан кіндік бауды байлап, оның кіндігін кеседі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Карлыгаш

    аналарға мың тағзым

  2. Айгерим

    Расымен де Алла Тағала құдіреті шексіз ғой, дегенмен ана бақыты- балалы болу

  3. Гаухар

    дүниеге сәби әкелу әр әйел адамның арманы

  4. Эльмира

    Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, жаны қиналып бізді жарық дүниеге алып келген аналарымыз жүз жасасын.

  5. Салтанат

    кеөптеген мәліметтерді білдімғой рахмет

  6. Алуа

    Жаа туылған бала туралы жақсы мәліметтер, оқығанға өте қызық, қатты ұнады

  7. Динара

    Әр әйелдің арманы бала сүю, қанша жерден қиын әрі қорқынышты болса да бала үшін бәріне төзіп турасың ғой

  8. Толкын

    Дүниеге сәби әкелу әр ананың арманы

  9. Ермек Канатович

    Керемет материал екен. Маған ұнады

  10. Меруерт

    Дүниеге келу-туу. Адам баласы жарық дүние есігін ашып,айқайға салып өзінің мұнда келгенін ескертеді.Бұл-ғажап құбылыс.

  11. Жанна

    Баланын тууылуы бир гажайып нарсегой,керемет

  12. Шолпан

    Дүниеге келу-туу. Адам баласы жарық дүние есігін ашып,айқайға салып өзінің мұнда келгенін ескертеді.Бұл-ғажап құбылыс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ