Есінеу

Есінеу — тыныс алу рефлексі

Есінеу — тыныс алу рефлексінің ерекше бір түрі немесе еріксіз тыныс алу қозғалысы. Бұл адамның санасынан тыс пайда болады. Біз бәріміз есінеуді тоқтатудың қиын екенін білеміз. Адам есінегенде, аузын кең ашып, ішке қарай терең дем алып, сыртқа демді жылдам шығарады. Кейде адам осындай жағдайда созылыңқы дыбыс шығарады.

Есінеу арқылы біздің ағзамыз өзіне жетіспейтін оттекті қабылдайды да, артық көмірқышқыл газынан арылады. Мамандар есінеуді “мида оттектің жетіспеуінен болады” деп есептейді. Адам шаршағанда, ұйқысы келгенде, ауасы тазартылмаған, темекі көп тартылған бөлмеде ұзақ отырса есінейді. Сондай-ақ, аз қозғалып, бір орында қозғалмай жұмыс істесе де есінеуі мүмкін.

Бір қызығы, сенің көз алдында басқа бір адам есіней берсе, оны көріп отырған сен де есінегің келеді. Есінеу адам өмірінде болатын табиғи құбылыс, сондықтан есінеген кезде аузынды алақаныңмен жабуды ұмытпа.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бас ауруларының себебі не?

Тұншығу немесе булығудың негізгі белгілері.

Түшкіру рефлексі ағзадағы қандай жағдайды білдіреді?

Ұйқы туралы не білесіз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Жакупова Улжалгас

    көпшілік алдында есінеуге болмайды

  2. Айнур

    Кызыкты малимет

  3. Айнур

    пайдалы кеңестеріңіз үшін рахмет

  4. Ербол

    Қызық мәліметтер

  5. Асем

    Есінегім келіп тұрады

  6. Мергул

    Мен мысалы аурасы ауыр адамдардың қасында отырсам,көп есіней берем. Сол үшін ол жерден кетіп қалуға тырысам.

  7. Елена

    Иа, есінеу бұл рефлекстің ьір түрі. Пайдалы ақпаратыңызға көп рахмет!

  8. Багдат

    Есынемесе зиянба

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ