Майлар

майлар

Майлар — біздің ағзамыздың тіршілігін қамтамасыз ететін үш негізгі қоректік заттардың бірі және қуаттың (энергия) ең бай қайнар көзі. Майлар жануарлар майы және өсімдіктер майы деп екіге бөлінеді, ағзаның тіршілігі үшін майдың екі түрі де керек. Олай дейтініміз, бір грамм белок немесе қант зат алмасу кезінде 16,5 джоуль қуат берсе, ал бір грамм май 37 джоуль қуат бөліп шыгарады.

Бірақ, құрамында май көп тағамдарды, мысалы, сары май, қаймақ, т.б. мөлшерден тыс жей беруге болмайды. Адамның қабылдайтын тамағының құрамында барлық негізгі қоректік заттардың болғаны дұрыс. Тамақтың құрамындағы майдың мөлшері тәулігіне 50—60 грамнан аспауы керек. Егер майдың мөлшері бұл көрсеткіштен асып кетсе, онда ағзада зат алмасу процесінің қызметі бұзылады.

Ағзаға маймен келген қуат көзін жұмыс жасап, жұмсамасаң, онда ағзада май қоры жинала бастайды. Ағза майлы тағамдарды ұзақ уақыт бойы қабылдаса, онда қан тамырларында, бауырда, өт шығару жолдарында, әсіресе өт қабында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Ал жануарлар майы бар өнімдердің құрамында — холестерин кездеседі. Егер оның мөлшері шамадан тыс көп болса, адам жүрек-қан тамырлары ауруына ұшырайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Дене температурасы, қуат және оның өлшем бірлігі.

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Күмісбайқызы Меруерт

    адам ағзасындағы жануарлардағы майдың да атқаратын қызмету бар екен

  2. Нұрбақыт

    Май әрине артық салмақ қой рахмет

  3. Жакупова Улжалгас

    майлар екіге бөлінеді

  4. Зульфия

    майлар адам ағзасына керек ақ

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ