Минералды заттар

Минералдар

Адам денесінде болатын химиялық элементтердің ішінде, минералды заттардың маңызы зор. Адамның тіршілігі үшін ең керекті минералды заттардың ішінде негізгі орын алатын — тұз. Ол ағзаның барлық тіндері мен сұйықтықтарының құрамында кездеседі. Клеткалар өздерінің қызметін дұрыс атқару үшін, оларға тұздың арнайы құрамы мен концентрациясы қажет.

Біздің ағзамыз үшін тәулігіне екі грамдай ас тұзы керек. Адам ағзасында негізгі оттекгі тасымалдаушы — гемоглобиннің құрамында темір болады. Біздің ағзамызға кішкентай шегенің көлеміндей темір болса жетіп жатыр. Кальций мен фосфор қаңқа сүйектері мен тісіміз мықты болу үшін өте қажет. Йод жетіспесе, қалқанша без өзінің қызметін дұрыс атқара алмайды. Ол безде гормонның түзілуі төмендейді де, ағзада зат алмасу процесінің жұмысы бұзылады. Егер фтор жетіспесе, тісіміз бұлінеді.

Жемістер мен көкөністердің құрамы қоректік талшықтар — клетчаткага бай болады. Клетчатка толықтай ыдырамайды және ағзаның құрамынан жартылай қатты қалдық — фекалий түрінде шығады. Ол ас қорыту жүйесі үшін өте қажет, өйткені қоректік заттардың ас қорыту жолдарымен жылжуы осы арқылы іске асады. Адамның ағзасына, өте аз мөлшерде, жиырмадан астам минералды заттар қажет. Бұл заттардың барлығын біз қоректік заттар мен судан аламыз.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Қалқанша безінің ағзада атқаратын қызметі.

Ағзадағы Майлардың Атқаратын Қызметі.

Дәрумендер (витаминдер) жайлы ақпарат

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Күмісбайқызы Меруерт

    Минералды заттар ағазаның тапшылығын толтырады

  2. Эльмира

    Минералды заттарды көп тұтынсақ иммунитетіміз мықты болады.

  3. Анель

    Пайдалы мәліметтер өте көп рахмет

  4. Зухра

    рахмееет жұмысыңызға

  5. Зульфия

    адам ағзасына көп септігін тигізетіні рас

  6. Нұргүл

    Минералды заттар бәрінде жеткілікті болса еш жері мазаламас еді адамдарды…

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ