Түшкіру

Түшкіру рефлексі

Адам түшкірген кезде “денің сау болсын” деп тілек айтуды бәріміз білеміз. Бірақ, осы айтылған тілектің өзіндік тарихы бар екенін көбіміз біле бермейміз. Түшкіру көп жағдайда аурудың, әсіресе, тұмаудың алды екенін, бұрыннан білген. Сондықтан “денің сау болсын” деген тілекті аурудың алдын алу үшін айтқан. Өйткені, тұмау өте жұқпалы аурудың қатарына жатады.

Түшкіру рефлексі — бұл адамның қорғаныш рефлексі. Соның көмегімен мұрын қуысы бөгде заттардан, микробтар мен шырыштардан арылады. Тұмау кезінде адам қатты және жиі түшкіреді, себебі қабынудың салдарынан мұрын қуысы үнемі тітіркеніп тұрады және өте сезімтал келеді. Мұрынға жағымсыз немесе гүлдің хош иісі келгенде де адам түшкіреді.

Кейде адам күннің көзіне қараған кезде де түшкіруі мүмкін. Мұндай жағдай күрделі рефлекстердің әсерінен болады. Түшкірген кезде адамның айналасына микробтардан тұратын мыңдаған өте кішкентай тамшылар таралады. Сондықтан түшкірген кезде мұрын мен ауызды қол орамалмен жабу керек. Бұл тек гигиеналық тазалық үшін ғана емес, сонымен қатар адамның әдептілігін де көрсетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Қақырық неден пайда болады және одан құтылу жолы.

Есінеу — тыныс алу рефлексі туралы не білеміз.

Пікірлер23
  1. Айдана

    Әр кезде әрқалай, біреулер тоқтамай түшкіріп жатады ол адамдарда алергиядан болады

  2. Карлыгаш

    түшкіру кезінде мұрын қуысы микробтардан тазаратынын естіп едім

  3. Жаннур

    Жаңа ақпарат алдым.Қазақша оқымағаннан ба көп нәрсе түсінбедім, бірақ қысқаша қылып жазғандарыңызға рахмет!

  4. Эльмира

    Көп түшкірмеймін.Арасында бір түшкіргенде жеңілдеп қаламын.

  5. Жакупова Улжалгас

    адам тумау болғанда көп түшкіреді

  6. Алуа

    Өте керемет кеңестер, түшкіру де қандайда бір ауруға акелетінің түсіндім

  7. Ақманат Мерекеевна

    Түшкірудің де түрі бар.Аллергиядан түшкіру,болмаса тұмауратып түшкіру

  8. Ермек Канатович

    Түшкірненде ӘлхәмдулиЛләһи деп айту абзал

  9. Жұлдыз

    Қазірде аллергия барлық адамда дерлік бар, ақпарат пайдалы, ауырмай жүріңіздер

  10. Айнұр Жалмаханова

    Түшкіру қандайда бір аурудың белгісі екенін білдім.

  11. Жанагуль

    Кейде түшкіргенде жарекмалла деп жатамыз. ол дегеніміз Жарылқасын Алла деген сөз екен.

  12. Аяулым

    Кейбір адамдарда аллергия болса түшкіре береді.

  13. Сандуғаш

    Өте пайдалы кеңестер екен

  14. Ақсәуле Нариман

    Пайдалы ақпарат алдым ?

  15. Ақерке

    Түшкіргенде неліктен сау бол деп айтады деп ойлаушы едім. Енді білдім неліктен екенін, рақмет.

  16. Алмагул

    Әжелеріміз түшкіргенде «жәрекім алла!» деп басымызды тәу ететін. Мағынасы қайда жатыр?

  17. Мергул

    Түшкіру — қорғану рефлексі екен ғой. Түшкіргенде қысылмай қатты түшкіре салған жақсы иә.

  18. Гүлжанйа

    Түшкіру кезінде ата анам Мұңсыз бол деп айтатын, соған қарағанда бұлда бір денің сау болсын деген мағынаға жақын айтылған сөз шығар деп ойлап отырмын.

  19. Жұлдыз

    Өзіме керек ақпарат алдым. Мектепте үйретілмеген нәрселерді осы сайттан .Құнды дүниелерім табылуда.Рахмет сіздерге.

  20. Шолпан

    Көбіне түшкірген адамға жалт қараймыз да, «сау болыңыз»дейміз,бұл рас.»Сақтық бар жерде,қорлық жоқ» дейді,түшкіру рефлексі-корғану деп біліңіз. .

  21. Шолпан

    Көбіне түшкірген адамға жалт қараймыз да, «сау болыңыз»дейміз,бұл рас.»Сақтық бар жерде,қорлық жоқ» дейді,түшкіру рефлексі-корғану .

  22. Ажар

    адам тонғанда түшкіреді

  23. Айгерим

    Мектепте үйретілмеген нәрселерді осы сайттаг табудамын.Ахахах қызық..Рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ