Мұрын

Тыныс алу жүйесі

Мұрын адамға тек сәндік немесе әр түрлі иістерді ажырату үшін ғана берілген жоқ. Мұрын — тыныс алу жүйесінің маңызды бір бөлігі. Ол адам дем алғанда ауаны жылытады, ылғалдандырады және тазартады. Ауа мұрынға сыртқы екі саңылау — танау арқылы өтеді. Егер суық ауа бірден біздің өкпеміз бен кеңірдекшеге (бронх) түссе, онда адамның тыныс алу жолдарына суық тиген болар еді.

Егер даладағы температура — 10 °С болса, адам дем алғанда, ауа мұрын ішінде 13-15 °С-қа дейін жылып, көмей, кеңірдекше және өкпеден өткенде, олар үшін суық болмайды. Мұрынның шырышты қабығында толып жатқан ұсақ кірпікті талшықтарды көресің. Сырттан мұрынға кірген шаң-тозаң сол кірпікті талшықтарда тұнып қалады да, өкпеге тазарған ауа барады.

Мұрын қуысының құрылымы өте күрделі. Мұрын қуысын перде екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының бүйір жиегімен жіңішке иілген сүйектер — мұрын қалқаны шығып тұрады. Олардың арасындағы кеңістікті мұрын жолдары деп атайды. Мұрынның шырышты қабығы жиі қабынады, ол кезде мұрыннан өте көп қоймалжың зат бөлінеді. Мұны мұрын бітелу деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мұрын бітудің себеп салдары негізгі белгілері.

Ауыз құрлымы туралы түсінік.

Түшкіру рефлексі ағзадағы қандай жағдайды білдіреді?

Сірлі қабық дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер12
  1. Айгуль

    Мұрын туралы өте пайдалы ақпараттар жинақталған екен. Ақпараттар қысқа, әрі түсінікті.

  2. Карлыгаш

    өте қызық мағлұмат екен

  3. Жаннур

    Сонда мұрын ауаны 23-25 градусқа жылытады ма? Не деген керемет жаратылыс»Барлық ақпаратты қысқа әрі түсінікті қылып жазасыздар. Сол үшін үлкен рахмет

  4. Асылхан

    Өте түсінікті жазылған жұмыс екен. Пайдалы ақпараттар мен кеңестер үшін рақмет.

  5. Динара

    Мұрын арқылы ауа фильтрдан өткендей тазарып барады ағзамызға

  6. Майра

    Мұрын құрылысы жайлы жақсы ақпарат жазылған, бірақ мұрын аурулары туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бір апта болды мұрын ауруымен арпалысып жатқаныма. Жақпаған, тамызбаған нәрсем қалмады?

  7. Айнұр Жалмаханова

    менде мұрыннан аллергия бар. Не істеуге болады

  8. Құндызай

    Пайдалы ақпараттар мен кеңестер үшін рақмет.Өте түсінікті жазылған жұмыс екен.

  9. Аяулым

    кермет мәлімет өзіме алдым

  10. Сандуғаш

    Пайдалы кеңестер үшін рақмет

  11. Гүлжанйа

    Мұрынға қатысты керемет мәліметтермен қанықтым.

  12. Жанна

    Мурын адамнын иис сезу мушеси,иис сезип кана коймай мурнымызбен дем аламыз,коп маглуматтар алып жатырм рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ