Бассүйек

Бассүйектің құрылымы

Археологиялық қазба жұмысын жүргізгенде (әсіресе, ежелгі қабірлерді қазғанда), бассүйекке ерекше мән береді. Бассүйек құрылымы жағынан өте мықты болады. Кейде оның сүйектері ыдырау үшін жүздеген, тіпті мыңдаған жыл керек. Ежелгі дәуірде бассүйек адам өлімінің символы деп есептелінген.

Бассүйектің құрылымы өте күрделі, ол 22 сүйектен тұрады. Негізінен екі бөлікке: жоғарғы немесе ми және төменгі бет бөлігі. Ми бөлігі жарты шар тәрізді, ол — маңдай, төбе, шүйде (қарақұс) және самай сүйектерінен тұрады. Шүйде сүйектен төмен жұлын өтетін саңылау орналасады. Ми бөлігінде өте көп кішкентай саңылаулар болады, олар арқылы жүйкелер мен қан тамырлары, сондай-ақ, ұйқы артериясы өтеді.

Ал төменгі бөлігі — бет, үстіңгі жақ және төменгі жақ, мұрын сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектердің бір-бірімен байланысқан жіктері өте мықты Жақ сүйектерінің кішкентай шұңқырларында тіс орналасады. Осы төменгі бөлікте екі көз қарашығы (онда көз алмасы орналасады) және мұрын пердесімен бөлінген танау тесігі болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қаңқа немесе скелет дегеніміз не?

Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Жаннур

    Мәссаған! Ең қиыны бассүйек шығар сірә. Барлық ақпаратты қысқа әрі түсінікті қылып жазасыздар. Сол үшін үлкен рахмет

  2. Аяулым

    Бассүйектің құрылымы күрделі

  3. Асель

    Бассүйектің құрылымы өте күрделі және маңызды болғандықтан да сәби өміре келісімен бір айлығында бассүйекті тексеруден өткізу басталады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ