Шаш

шаш туралы

Тас дәуірінде өмір сүрген адамдарға қалың шаш, үстін жапқан түк олардың тіршілігі үшін өте қажет болған. Бірақ, адамдар өздерінің эволюциялық дамуының арқасында киіне білді, мата тоқуды игерді, кейін өздеріне баспана салып, жылуды пайдалануды үйренді. Сондықтан, бірте-бірте теріні жапқан түктер адамның өмірінде маңызын жоя бастады. Қазіргі кездегі адамда шаш тек басында (кейбір адамдарда ол да жоқ), қолтығының астында, қасағада ғана сақталып қалды.

Жіңішке және қысқа түктер аяқта кездеседі, сондай- ақ ер адамдардың кеудесінде де түк болады. Шаш адам денесінде жеке мүше болып есептелінбейді, ол терінің қабыршақтанған өсінділері. Әрбір шаш шаш түбінен (шаш буылтығынан) шығады. Шаштың түбін шаш қапшықтары — фолликулалар орап жатады. Шашты ұсақ қылтамырлар қоректендіреді.

Шаштың түрі фолликулалардың пішініне байланысты өседі. Мысалы, дөңгелек фолликулладан түзу шаштар, сопақша түрінен — толқынды шаштар, бүршік тәрізділерінен — бұйра шаштар өседі. Фолликулда шашты майлап тұратын — май бездері болады. Егер адам тоңа бастаса немесе қатты қорықса, қысқа шаштар (түктер) бірден “тік тұрады”.

Бұл әрбір шаш буылтығының жанындағы ұсақ бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Адамның шашының түсі меланин пигментіне байланысты өзгереді. Мысалы, қара шаштың құрамы тек меланиннен, сары шаш — меланин мен күкірттің қосындысынан тұрады, ал жирен шаштың құрамында темір болады.

Адамның бүкіл өмірінде 120 мыңдай шаш шығады, ол айына 1,25 сантиметрдей өсіп отырады. Күніне балаларда 50—80 тал, ересек адамдарда 100-120 тал шаш түседі. Түскен шаштың орнына қайтадан шаш шығады, бірақ бұл тек жас адамдарда ғана болады, ал қарт адамдардың түскен шашының орнына жаңадан шаш шықпайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қасқабас немесе шаштың түсіп адамның таз бас болуының себебі.

Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.

Тырнақ адам ағзасында қалай пайда болады және ол не үшін керек.

Мең немесе қал нені білдіреді?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер67
  1. Айдана

    Шүберек мата адамның көркі дейді емес пе сол сияқты шашта адамның көркі. Қыздарымыз бұрымды ұзын шашты болып жүргеніне не жетсін

  2. Аягоз

    Шаш туралы біраз ақпарат алдым. Рақмет сіздерге!

  3. Айгерім

    Адамның көркі ол шашы ғой әрине. Сондықтан шашқа дұрыс күтім жасаған дұрыс.

  4. Молдир

    Шаш турады бираз акпарат алдык кой

  5. Улщан

    шашым көп майланады екі күнде бір жумасам қайызғақтанып кетеді. не себепті екен?

  6. Салтанат

    Шаштың мөлшерден көп түсуі қазіргі таңда әрқайсымыздың басымыздағы бар проблема ғой. Ал шаштың түсінің өзгеруіне меланин пигменті әсер ететіні мен үшін жаңа ақпарат. Шашты қайтадан қалай қарайтуға болады екен.

  7. Нұрбақыт

    Тамаша еңбектеріңізге табыс

  8. Карлыгаш

    ең актуалды проблема деп білемігн

  9. Гулжан

    Қазіргі таңда мына вирустың әсеріненде шаш көп түсіп жатыр. Мен үшін өте пайдалы болды.

  10. Жаннур

    100-150 шаш түсіп, өспей қалса неше күнде тақырбас болады екенбіз? ><)

  11. Гаухар

    шашым өте көп түседі менің басты проблемам

  12. Ainur

    Шаш ерекше күтімді қажет етеді, қыздың көркі шаш деп бекер айтпаған ғой

  13. Салтанат

    шашым бұйра тез өспейді жәй өседі .мәліметтер түсәнәктәі мағыналы жазылыпты

  14. Насиба

    Шаш адамның көркі. Бас аман болса шаш өседі дейді. Шынында түскен шаш орнына шаштар шыға беретіні рас.

  15. Маржан

    Қыздар үшін шаш күтімі өте маңызды

  16. Жакупова Улжалгас

    шаштың түсуі көп кездеседі

  17. Айгерім

    Шаштың түсуі қазіргі таңдағы басты проблемам.

  18. Алуа

    Шаш туралы керемет жазба ұсыныпсыздар, оқып шықтым қатты ұнады.

  19. Ақманат Мерекеевна

    Шаш күнде түсіп,орнына жаңасы шығады екен

  20. Мадина

    Өте коп малиметтер

  21. Балнур

    Менің шашым түзу,өсімтал.Табиғи шашым қара болған,сарыға бояғалы бері шашым таралмай,сынғыш болып калды

  22. Айнур

    Шаш туралы керемет угым

  23. Толкын

    Кыздын корки шаш. Шашымызды куте билейик.

  24. Жанерке

    Шаш адамның көркі.Шаш бізді сәнді етуші

  25. Айнур

    өзіме көп пайдалы мәлімет алдым шаша күтімі жайл

  26. Шолпан

    адамның көркі шаш демекші, шаш туралы берген ақпапараттарыңыз өте керемет екен, рахмет

  27. Айнұр Жалмаханова

    менің шашым дөңгелек фолликулалы тік шашқа жатады екен. Шашым өте жұмсақ жұқа. тарған сайын уыстап түседі. қандай ем шара қолданса болады.

  28. Алем

    Тамақтану мен шаштың байланысы бар екенін білмеппін. Көп рахмет

  29. Элмира

    Рақмет сіздерге қарап отсам шаш жайлы көп білмейді екенмін

  30. Mentai

    Сосын сары шашқа қарағанда қара шаш сан жағынан артық болады екен

  31. Аяулым

    Шаштың өсуі мен түсуі жайында,керемет мәлімет алдым

  32. Ақтоты

    Рахмет өте керемет көп біліп алдым

  33. Сандуғаш

    Шаш туралы өзіме керекті мағлұмат алдым Рахмет

  34. Меруерт

    Шаштың өсуі мен түсуі жайында, оның түсі не себепті түрлі түсте екенін түсіндім.

  35. Ақсәуле Нариман

    Шаш туралы көп ақпарат алдым рахмет

  36. Зульфия

    пайдалы ақпарат алдым. Көп рақмет

  37. Шахизат

    Шаштың өсуі мен түсуі жайында, оның түсі не себепті түрлі түсте екенін түсіндім.
    Енді шашыма жаксы карауга тырысам.

  38. Ақерке

    Шаштың өсуі мен түсуі жайында, оның түсі не себепті түрлі түсте екенін түсіндім.

  39. Roza

    шаш туралы көптеген мәліммет үйрендім

  40. Дана

    Керемет мәлімет рахмет осындай мәліметтерге жақсы ақпарат болды.

  41. Нұргүл

    Фолекулаға байланысты екенін білдім шаш түрінің.

  42. Сауле

    Шаш туралы малиметтер толык жетик тусиндирилген

  43. Алмагул

    Шаштың өсуі, түсуі жайында жақсы түсіндім

  44. Seiil

    қазіргі кезде шаштың түсуі өте көп белең алуда

  45. Арина

    Адамның шашының түсі меланин пигментіне байланысты өзгереді. Мысалы, қара шаштың құрамы тек меланиннен, сары шаш — меланин мен күкірттің қосындысынан тұрады, ал жирен шаштың құрамында темір болады. осы ақпарат мен үшін қызықты болды керегіме жараттым

  46. Данара

    Адамның шашының түсі меланин пигментіне байланысты өзгереді. Мысалы, қара шаштың құрамы тек меланиннен, сары шаш — меланин мен күкірттің қосындысынан тұрады, ал жирен шаштың құрамында темір болады. осы ақпарат мен үшін қызықты болды

  47. Молдир

    Кыздын корки шаш демей ма казагымыз.Казагымыздын кызгалдак кыздары кашан да сулу

  48. Мергул

    Бүгінде шаш түсу өте көбейіп кетті. Менің қызымның да,,жолдасымның да шашы көп түсе беретін болды. Әртүрлі тәсілдерді пайдаланып жатырмыз.

  49. Гүлжайна

    Шашқа байланысты нақты, пайдылы мәліметпен таныстым.

  50. Жанна

    Шаш адамнын адеми келбетин келтирип туратын бирден бир жаксы нарсегой,шаш туралы коп маглумат билдим

  51. Шолпан

    Шаш та адамның көркі,әсіресе қыздардың қолаң шашы – сол сұлулықтың негізі іспеттес.Әрине ,»заманына сай-адамы «демекші қазір орта буында шаш өсіру жоқтың қасы,қуантарлық жайт жастардың шаштары ұзын .Шаштың өзгерісі -ағзаның өзгерісі болып тұр ғой.

  52. Жұлдыз

    Өзіме керек мағлұмат алдым,керемет

  53. Жұлдыз

    Шаш туралы керекті мағлұматтар берілген өте керемет.

  54. ШАРИПА

    Шаш адамның көркі, шаштаразға барған сайын шашыңыз қатты дейді шаштараздар. Ал мен өзіме жұмсақ сияқты көрінеді судырлап тұрады және жусам түседі. Шаш туралы ғылыми түсінік алдым. рақмет

  55. Ажар

    шашым қысқа

  56. Асель

    шашым коп туседи

    1. Алихан

      Ғылыми түрде қарасаң түзу шаш, толқынды шаш, бұйра шаштың неліктен осылай өсетіні осы ақпаратта толық қамтылыпты. Еңбектеріңіз жемісті болсын

  57. Ирода Ганишева

    Шаш туралы керемет мәлімет берілген
    алар дүние көп екен
    қазіргі таңда экологиялық проблемаларға байланысты шаш күтіміне көбірек назар аударған жөн
    шаш адамның көркі

  58. Сымбат

    шашым уыс уыс болып түсе береді

  59. Жанар

    Шаш туралы ғылыми тұрғыдағы ақпараттар өте қызықты

  60. Айтбуби Нусипова

    Шаш күтімі туралы ақпараттарға ие болдым. Мақала мазмұны ашылып жазылған. Қыз баланың тәрбиелігі қылығы — бұрымды шашыңда деп ойлаймын.

  61. Гулнар Жанысбекова

    шашта темір бар екенін білмеппін.жеке жеке тоқталып құнды ақпараттар бар екенін білдім.шаш жайлы көпрек толықтырып жазсаңыздар екен.

  62. Асель

    шаш дұрыс өсу үшін дұрыс тамақтанған жөн

  63. Гюзель

    Шаш менің өзекті мәселем, бұйра, ұйысқақ. Сіздердің мақаларыныздың арқасында өз шашымнын құрамын білдім, рахмет.

  64. Гюзель

    Шаш менің өзекті мәселем, бұйра, ұйысқақ. Сіздердің мақаларынызды оқып өзіме көп мәлімет алдым. Сіздердің мақаларыныздың арқасында өз шашымнын құрамын білдім, рахмет.

  65. Гулзат

    Өзіме жақсы мәлімет алдым. Сіздерден пайдалы кеңестер алып оқып тұрамын. Негізі шаш жайлы менде бір мәлімет естігенмін.Сол жайлы жазсам Шаштар негізі ұйысқақ майда шаштар және жұмсақ ірі шаштар болып бөлінеді екен.Бұл адамның мінезін білдіреді екен.Майда ұйысқақ шаштар ол адамның тез ашуланғыштық және шыдамсыздығын білдірсе, жұмсақ ірі шаштар адамның сабырлығы мен жайсаң мінезін білдіреді екен.

  66. Нұржайна

    Қыздың көркі шаш демекші, шаш туралы ғылыми тұрғыда жақсы мәліметтер берілген

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ