Қасқабас

Ер адамдардың шаштары түсіп, оның орнына қайтадан шаш шықпай, бастары тақырлана бастайды. Әрине мұндай жағдай кімге болса да жақсы әсер қалдырмайды. Түскен шаштың орнына шаш шықпауын — қасқабас деп атайды.

Қасқабастық ер адамдарда ерте 30-40 жастың аралығында біліне бастайды. Адам шашының бұлай қатты түсетін себебі әлі күнге анықталмай отыр. Кейбір аурулардың салдарынан немесе ағза қатты уланғанда шаштың уыс-уыс болып түсетіні белгілі. Сондай-ақ, ағзаны ұзақ уақыт немесе өте күшті сәулемен емдесе, психикалық көп ойлану, ағзада зат алмасу және ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы да шаштың көп түсуіне әкеледі.

Кей жағдайда қасқабас болу тұқым қуалайды. Кейбір адамдардың шашының түбіндегі арнайы бездер өте көп мөлшерде май шығарады, соның әсерінен де шаш түседі. Егер ағзаға қажетті витаминдер мен минералды заттардың да жетіспеушілігі байқалса, бұл да қасқабастыққа әкеледі.

Шаштың түсуін тоқтату мүмкін емес, сондықтан оған қатты мұңаюдың қажеті жоқ, мүмкіндігінше құнарлы тамақ ішіп, адам өзінің денсаулығын күтіп жүрсе, шаштың түсуі өте көп болмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Шаш құрлысы туралы не білеміз? Білмесеңіздер, оқыңыздар!

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Безеудің пайда болу себептері және оның алдын алу .

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ