Бөгде дене

Көзге түскен қиқым, тамаққа тұрып қалған балық шөңгесі немесе дененің бір жеріне кіріп кеткен бөгде зат адамға қаншама қолайсыздық туғызады. Адам ағзасына түскен бөгде денелер оның денсаулығына үлкен қауіп туғызады.

Теріге иненің сынығы немесе тікен кіріп кетсе, сол кірген жер іріндейді, ал көзге түскен қиқым көздің дәнекер қабығының қабынуы — конъюнктивитті туғызады. Мұндай жағдайларда медициналық көмек жасау аса қиындық түсірмейді. Ал кішкентай балалар қолына түскен нәрсенің бәрін аузына салады.

Міне, осындай кезде бөгде дене баланың көмейіне немесе кеңірдегіне барып тұрып қалса, ол тынысы тоқтап, тұншығып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, ұшы өткір затты жұтып қойса, ондай бөгде денелер баланың өңешін немесе ас қорыту мүшелерінің кез-келген бөлігінің қабырғасын тесіп жіберуі мүмкін.

Бұл кезде өте ауыр ауру — перитонит (іш пердесінің қабынуы) және жұтқыншақ маңындағы көкірек қуысының қабынуы басталады. Мұндай жағдайда кейде хирургиялық операция да балаға көмектеспеуі мүмкін.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Соқырішек немесе аппеңдицит ауруының алғашқы белгілері.

Көзді ақ шел басу ауруының негізгі белгілері.

Жыланкөз (свищ) қандай ауру сипаттамасы.

Пневмоторакс бұл қандай ауру негізгі белгілері мен пайда болуы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Жанагуль

    Жас аналар үшін өте қажет ақпарат

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ