Кризис

Егер адам бір қиын жағдайға ұшыраса, ол адамның көңіл-күйінің жайын кризис деп айтады. Кез-келген бір елдің экономикалық дамуында құлдырау болса, оны да кризис деп атайды. Сондай-ақ, спортшылар да жарыс кезінде өздері ойлаған межеден шыға алмаса, оны да кризис деп атайды.

Адам ауырғанда, ауру барысында да кризис болады. Осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын ежелгі Мысыр дәрігерлері көпшілік аурулардың бір сәтке клиникалық белгілерінің бәрі айқын көрініп, содан кейін бірте-бірте аурудың бәсеңдейтінін білген. Аурудың дамуының осы кезеңін кризис немесе аурудың ең ауыр кезеңі деп атаған.

Бұл аурудың дамуының шешуші сәті болады. Кризистен кейін аурудың беті қайтып, науқас адамның жағдайы біртіндеп дұрыстала бастайды. Бұндай жағдайлар, әсіресе, жұқпалы аурулар мен қабыну кезінде адамның дене қызуы қатты көтерілген сәтте айқын байқалады. Одан кейін науқас адамның дене қызуы төмендеген кезде, ауру адам кризистен шықты деп айтады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Инкубациялық кезең дегеніміз не?

Қалтырау не үшін болады және оның сипаттамасы.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Адамның дене температурасының қызуы неге көтеріледі?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ