Жабысқан жер

Қабынудың әсерінен өлген клеткалардың орнына дәнекер тін жайылып, ұлғая бастайды. Ол жараларды немесе тіннің зақымданған бөліктерін бір- біріне қосады. Көпшілік жағдайда дәнекер тіннің жайылып ұлғаюы ағза үшін пайдалы. Бірақ, құрсақ қуысының қабынуынан немесе оған хирургиялық операция жасағаннан кейін іш перде (құрсақтың ішкі жағындағы перде) тіннің ұлғаюына тез жауап қайтарады.

Ол түрлі ішкі мүшелердің бет жағын жабыстырып тастайтын ұйысқан белок бөліп шығарады. Біраздан кейін бұл ұйысқан белоктар дәнекер тіннің клеткасына еніп, сонда ұлғайып өсе бастайды. Бұл кезде құрсақ қуысында созылғыш ұстатқыш — жабысқан жер пайда болады.

Бұл ішектің қызметіне үлкен зиян келтіреді. Ішек қабырғалары жабысқан жердің арасында қисаюы немесе қысылып қалуы мүмкін, соның салдарынан ішек түйілуі пайда болады. Денедегі жабысқан жер өкпе қап (плевра) қуысында және жүрек маңындағы қалтада пайда болып, ол тыныс алу және қан айналу жүйесінің қызметіне зақым келтіреді. Егер жабысқан жер ішкі мүшелердің қалыпты жұмысына кедергі жасаса, онда оны хирургиялық операция жасап, алып тастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

Тұншығу немесе булығудың негізгі белгілері.

Шемен дегеніміз не және ол неден пайда болады?

Пневмоторакс бұл қандай ауру негізгі белгілері мен пайда болуы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ