Шемен

Кейбір аурулардың ауыр көрінісі шемен болып табылады. Шемен деп ағза қуыстарында, әсіресе құрсақ және көкірек қуысында сұйықтықтың жиналуын айтады. Ол адам ағзасындағы әртүрлі мүшелер мен тіндерде зат алмасу мен қан айналысының бұзылуынан пайда болады.

Құрсақ қуысында сұйықтық, әсіресе қатерлі ісік, бауыр циррозы және созылмалы жүрек ауруларынан, ал көкірек қуысында — өкпенің, жүрек пен бүйректің кейбір ауруларынан жиналады. Бұл қуыстарда жиналатын сұйықтық көлемі өте көп болады, мысалы құрсақ қуысында кейде ол 30 литрге дейін жетуі мүмкін.

Сұйықтық құрсақ қуысына қан тамырларының қабырғалары арқылы түседі. Бұл жағдай қанда белоктың азаюынан немесе қан айналысының вена қақпасында ұзақ уақыт қысымның артуынан болады. Шемен сұйықтығын қуыстардан пункцияның көмегімен сорып шығаруға болады. Бірақ та алдымен шеменнің пайда болуына себепші негізгі ауруды анықтап, оны тиянақты емдеу қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жабысқан жер немесе спайки сипаттамасы себеп салдары.

Соқырішек немесе аппеңдицит ауруының алғашқы белгілері.

Варикоз ауруының сипаттамасы және себеп салдары.

Сарысу қандай жағдайда пайда болады ол ағзаға қауіптіме?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ