Сарысу

Адамның дене қызуы қатты көтерілгенде, терінің беткі қабатында өте көп мөлшерде тер бөлінеді. Кейбір мүшелердің қабынуы кезінде, құрсақ және кеуде қуыстарын қаптап жататын қабықшаларда да сұйықтық пайда болады. Бірақ бұл сұйықтықтың терден айырмашылығы — оның құрамында плазмаға ұқсас, қанның белоктары болады. Міне, осындай сұйықтықтарды сарысу деп атайды.

Көбінесе сарысу плевраның (көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық), жүрекмаңы қапшығының және іш перденің қабынуынан дамиды. Қабыну ауруларынан пайда болған сарысу өте қауіпті деп есептелінеді, өйткені ол ішкі мүшелердің қызметін бұзуы мүмкін.

Мысалы, жүрек қапшығындағы сарысу жүректің толықтай босаңсуына мүмкіндік бермейді, соның салдарынан жүрек қанға толып кетеді. Плевра қуысындағы сарысу өкпенің кеңеюіне мүмкіндік бермейді, сондықтан адамның тыныс алуы қиындайды.

Негізгі ауру көздері — мүшелердің немесе қуыс қабықшаларының қабынуын емдеген кезде, сарысу бірте-бірте сіңіп жоғалып кетеді. Кейде оны пункция жасап (тесіп) сорып алады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Плевраның қабыну белгілері мен себеп салдары.

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Пневмоторакс бұл қандай ауру негізгі белгілері мен пайда болуы.

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Алма

    Мақала өте қызықты екен,рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ