Зат алмасу

Зат алмасу процесі

Енді күнделікті жеген тамағымыздан, ішкен суымыздан, жұтқан ауамыздан біздің ағзамызда не болатынына назар салайық. Адамның тіршілігі үшін ең қажетті нәрсенің бірі — жылу және зат алмасу. Бұл процестер тіршілік барысында үздіксіз жүріп жатады, ол тек адам қайтыс болғанда ғана тоқтайды.

Зат алмасу кезінде ағзаға қоректік заттар мен ауа сіңіріледі, олар жай заттарға ыдырап, соларды клеткалар өздерінің өсуі және жаңаруы үшін пайдаланады. Бұл процестің негізіне химиялық энергияның бөлініп шығып, оның физикалық және жылу энергиясына айналуы жатады.

Зат алмасу кезінде: біріншіден — ағзада жаңа клеткалар құрылу үшін жаңа заттар түзіледі, екіншіден — қоректік заттар мен ескі клеткалар ыдырай бастайды. Міне осы процестердің бір-бірімен тығыз байланысынан ағзаның тіршілік қызметі тоқтамайды.

Зәр шығару жүйесі

Адам ағзасы зат алмасу процесінің нәтижесінде химиялық қосындылар мен артық судан тазарып отырады. Мұндай тазартудың бірнеше жолы бар. Ағзаны керек емес заттардан тазартудың маңызды жүйесін — зәр шығару жүйесі деп атаймыз. Бүйректе жиналған зәр, несеп ағардың түтікшелерімен ағып, одан қуыққа түседі.

Қуық зәрге толғанда, адам оны сыртқа шығарғысы келеді. Қуықтан зәр шығару түтіктері шығады, оның аузында орналасқан сақина тәрізді бұлшық еттер зәрдің өздігінен ағып кетуіне кедергі жасайды. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады.

Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,5 литрдей зәр шығарады, ал балаларда бұдан аз болады. Әр түрлі қабыну ауруларымен ауырғанда, зәрдің құрамында белок, ірің немесе қан болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер көбіне зәрді тексеріп, соның қорытындысы бойынша аурудың диагнозы қойылып, емдеу әдісі белгіленеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Өттің ас қортудағы атқаратын қызметі жайлы не білесіз?

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Минералды заттардың адам денсаулығына маңызы қандай?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Айгуль

    Зат алмасу процесін үнемі бақылауда ұстап керек, оның салдары артық салмақ болуы мүмкінү Өте құнды ақпарат үшін рахмет.

  2. Күмісбайқызы Меруерт

    Зат алмасу процесі организмнің негізгі қызметін жүзеге асырып отырады

  3. Дильназ Мухаммедова

    Көп мәліметтерге ие болып куанып отырмыз

  4. Дильназ Мухаммедова

    Күшті акпараттар қамтылыпты, рахмеет

  5. Дильназ Мухаммедова

    Рахмееет быразынан малымет алдык, рахмеет керемет

  6. Дильназ Мухаммедова

    Зат алмасу процесі жайлы көп нәрсе білдім, рахмеет

  7. Эльмира

    Зат алмасу жақсы болуы үшін таңертең аш қарынға 2 стакан су ішу керек.

  8. Акмарал

    Зат алмасу процесі баяу адамдардың көбіне көкеніс, жеміс жегені және судыкөп ішкені дұрыс деп ойлаймын

  9. Зульфия

    ағза үшін күрделі, әрі қажетті процесс екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ