Семіздік

Семіздік дегеніміз — зат алмасу кезінде мүшелер мен тіндерге, әсіресе теріасты май клетчаткаларына шамадан тыс майдың жиналуы. Семіздік өз алдына ауру деп саналмайды, бірақ ол кейбір аурулардың дамуына себеп болады.

Адамдардың көпшілігі жақсы және дәмді тағам жегенді ұнатады. Бұл кезде ағзаға қалыпты мөлшерден көп қоректік заттар түседі. Егер де мұндай жағдай жиі қайталанатын болса, ағзаға түскен артық қоректік заттар адам денесінде май түрінде жинала бастайды.

Соның салдарынан адамның салмағы бірте-бірте артып, беті дөңгеленіп, мықыны білінбей қалады. Семіздікке күнделікті рационда кондитерлік, ұннан жасалған және тәтті тағамдар, қаймақ, сары майдың мөлшерден көп болуы және көп қозғалмау да әкеледі.

Семіз адамдардың қан айналымы бұзылып, артерия қан қысымы көтеріледі, қан тамырларының ішкі беттерінде май қабаттары түзіліп, ол қан тамырларының тарылуына әкеледі.

Сонымен қатар, зат алмасу, бауыр, қуық, ұйқы безі және жүректің жұмысы бұзылады. Семіздіктің алдын алу үшін салауатты өмір сүруге тырысу керек, дұрыс тамақтанып, таза ауада көп жүріп, туризммен шұғылданған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзадағы Майлардың Атқаратын Қызметі.

Мешелдің белгілері және бұл аурумен кімдер аурады?

Склероз дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Бронхит ауруының сипаттамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Гаухар

    мен өмірі семірмеуші едім қалай операция жасаттым содан кейін жардай болып толып кеттім ішімді кетіре алмай қалдым

  2. Дильназ Мухаммедова

    Күшті жазылған

  3. Дильназ Мухаммедова

    Сәттілік тілеймін сіздерге,дами берінздер

  4. Дильназ Мухаммедова

    Күшті жазылған акпарат козыне куә болдым, сәттілік

  5. Дильназ Мухаммедова

    Семіздіктің неден пайда болатынын болдым, рахмеет

  6. Жами

    канша жесем де семирмеймин негизи тамакты коп жейтин мен билмейм неге семирмеймин

  7. Акмарал

    Ең үлкен қорқыныш мендегі, семіз болып кетемін деген. Тамақты көп мөлшерде жеп қойсам жатпай турмай секіріп қимылдаймын)

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ