Тырнақ

тырнақтар туралы

Тырнақ адамда, жабайы және үй жануарларында, құстарда болады. Жануарлар мен құстардың тырнақтары өте мықты, оларға өздерінің жауларынан қорғану үшін және қорегін ұстау үшін керек. Адамның тырнақтары жануарлардың тырнақтарындай мықты болмайды, бірақ бұл адам мен жануарлардың эволюциялық даму кезінде арғы тектерінде бір ұқсастықтың болғанын көрсетеді.

Тырнақ адамның саусақтарының ұшын қорғайды және оларға тірек болады. Тырнақтың теріден шығатын жерін тырнақ ернеуі деп атайды. Егер саусақтың ұшын бірнәрсеге қысып алсаң, тырнақ көгеріп кетеді, кейде түсіп те қалады. Ондай жағдайда, біраздан кейін түскен тырнақтың орнына тырнақ ернеуінен жаңа тырнақ шығады. Аяқтағы тырнақ тәулігіне 0,05 миллиметр жылдамдықпен, ал қолдағы — 0,08 миллиметр жылдамдықпен өседі. Бұл бір жылда тырнақ 3 сантиметрдей өседі деген сөз.

Тырнақ сүйек және шеміршекті тіндерге ұқсас мүйізді заттардан тұрады. Тырнақты өсірмей, мезгіл-мезгіл алып отыру керек, өйткені олардың астына кір және ауру тарататын микробтар жиналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Шаш құрлысы туралы не білеміз? Білмесеңіздер, оқыңыздар!

Күбіртке (панариций) ауруының сипаттамасы мен белгілері.

Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.

Бацилла тасушы деген не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер27
  1. Айдана

    Тырнақты уақытылы алып, ұзын қылып өсірудің қажеті жоқ. Басқалар үшін жеркенішті көрінуі мүмкін

  2. Тамара

    Қазіргі кезде тырнақ өсіріп,оны түрлі сәнге салып,түрлі түсті етіп бояу сәнге айналған.Осы тырнақта өсіру қаншалықты дұрыс.Менің ойымша тырнаққа түрлі бояуды жағу уақыттың өтуімен белгісіз ауруларды пайда етуі мүмкін.

  3. Салтанат

    Негізі тырнақ ұзын болса, көп микробтар жиналатын орын. Сондықтан тырнақты апта сайын алып отырған жөн. Тырнақ алудың өзіндік ерекшелігін ескерген дұрыс. Оны да балаға кішкентай кезінен көрсетіп, үйрету керек.

  4. Нұрбақыт

    Тырнақтар жайлы ақпараттар қызық, керемет мақала, түсінікті

  5. Карлыгаш

    тырнақтың өсу жылдамдығын алғаш естуім

  6. Гулжан

    Тырнақ жайында өзіме қажетті мәліметті алдым. Рақмет сіздерге

  7. Айгерим

    Тырнақтар жайлы ақпараттар қызық, керемет мақала, түсінікті

  8. Эльмира

    Тырнақты әр жұма сайын алып отырған дұрыс.

  9. Жакупова Улжалгас

    тырнақты алып жүрген дұрыс

  10. Алуа

    Тырнақ туралы жақсы ақпараттар білдім, рақмет көп көп

  11. Ақманат Мерекеевна

    Тырнақ сәндік үшін сияқты.Бірақ қызметі оразан зор.

  12. Балнур

    Тырнаққа да күтім керек қой.Егер ағзада дәрумендер жетіспесе тырнақ сынғыш келеді

  13. Айнур

    Тырнакты осирсен зиян

  14. Айнур

    тырнақ жай керекті көп мағлұмат алдым

  15. Ермек Канатович

    Тырнақты күтіп ұстау керек,таза қылып

  16. Айнұр Жалмаханова

    тырнақ өсірген маған ұнамайды сол. менің тырнағымды өсірмей жүргенім дұрыс екен ғой. тырнағы ұзын адамды көрсем бір мыстанды көргендей боламын.

  17. Құндызай

    Тырнаққа өте жақсы күтім керек.Көптеген зиянды әрекеттер жасатпауға кеңес беремін

  18. Алмаш

    Тырнақ ең микроб көп жиналатын орын.Мезгілімен,уақытымен тырнақты алып отыру керек.Әйел адам нан жаяды.тамақ істейді.Гелевый тырнаққа қызықпау керек,

  19. Алтынай

    Тырнақты алып, таза ұстау сүннет қой. Пайғамбарымыз да соны айтып кеткен

  20. Ақерке

    Тырнақ 1 жылда 3 см — ге өсетінін білдім. Мен білмеген қызықты ақпарат.

  21. наргиз

    Тырнақ туалы керек мәлімет ала алдым яғни тырнақ адам саусақтарының ұшын қорғайтынын біле алдым

  22. Асем

    Тырнақты өсірмеген дұрыс, ішке микроб кетеді

  23. Гүлжанйа

    Тырнақ туалы керек мәлімет ала алдым яғни тырнақ адам саусақтарының ұшын қорғайтынын біле алдым

  24. Жұлдыз

    Гел лак пен тырнақ жасата бермеуіміз керек рак ауруына алып келеді екен. Тырнақ туралы өте жақсы ақпарат алдым.Көп рахмет.

  25. Шолпан

    Тырнақ- сән беретін форма деп көбі ойлайды,әрине оны бояп, өсіріп жатқандарда көптеп кездеседі,меніңше саусақтың әдемілігі осы тырнаққа тіреліп қалмайды Оның қызметі бәрімізге белгілі.

  26. Ажар

    Адамның тырнағы ең көп микроп жинайды

  27. Гулнар Жанысбекова

    Тырнақты көп баяу қаншалықты зиян екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ