Бацилла тасушы

Бұрын ішек жұқпалы ауруымен жаппай ауыру жиі байқалатын. Бұл кезде адамдар құсып, ішіне ас тоқтамаған. Мұндай аурудың пайда болуына бір қаланың тұрғындарының бір күнде бір жерден сатып алған тамағынан немесе балмұздақтан улануы себеп болған.

Өйткені, сол тағамдарда ауру тарататын микробтар болған. Сол микробтың негізгі көзі адам деп есептелген, себебі ондай адамдардың ағзасында ауру тарататын микробтар — бациллалар тіршілік еткен.

Олар адам ағзасында ешқандай бөгет жасамай тіршілік етеді, сондықтан адамдар олардың бар жоғын сезбей де қалады. Ал осындай адамдарды — бацилла тасушылар деп атайды. Бацилла таратушылардың арасында қандай да бір жұқпалы аурумен (мысалы, сүзек немесе дизентерия) ауырған адамдар болуы мүмкін.

Себебі, олар дұрыс емделмегеннен кейін, олардың ағзасында бациллалар толық жойылмай, сақталып қалған. Бұл микробтар адамның ішегі мен өт шығару жолдарында ұзақ уақыт жатады да, нәжіспен бірге шығады. Егер бацилла тасушы адам тазалық гигиенасын дұрыс сақтамаса, онда бацилллалар сол адамның ұстаған затына немесе тамаққа түседі.

Сау адам бацилла жұққан затты ұстаса немесе тамақты жесе бациллалар ішекке түсіп, адам жұқпалы аурумен ауырады. Сондықтан, мұндай аурумен ауырған адамдардың ағзасынан бацилланы тез шығару үшін, дұрыс емдеу керек. Бацилла тасушыларға көпшілік тамақ ішетін жерлерде және тамақ өнеркәсібінде жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Паразиттер дегеніміз не және олардан сақтану жолдары.

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Карантин дегеніміз не және ол қандай жағдайда жарияланады.

Іштің қатуын қалай емдеуге болады?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ