Қаңқа

Қаңқа скелет

Адам қайтыс болып, оны жерлегеннен кейін оның денесі біраз уақыттан кейін ыдырай бастайды. Ұзақ уақытқа шыдайтын адамның — қаңқасы. Бұрынғы кезде біздің ата-бабаларымыз қаңқа туралы неше түрлі аңыздар құрастырған. Мысалы, адам өлгеннен кейін оның қаңқасы шалғымен жүріп, Жер бетіндегі қалған адамдардың өмірін шабады деп түсіндірген.

Осы күні мұндай аңыз-ертегіге кішкентай сәби де сенбейді. Қазір біз қаңқаның 230 сүйек пен сүйекшелердің жиынтығы екенін, оның адам денесінің негізгі тірегі екенін және ішкі мүшелерімізді сыртқы күштен қорғайтынын білеміз. Сүйектердің атқаратын қызметіне қарай олардың көлемі, пішіні және құрылымы әр түрлі болады.

Бассүйек негізінен тегіс сүйектерден құралады, олар бір-бірімен мықты тігістермен жалғасады. Омыртқа жотасын қысқа және мықты сүйектер омыртқалар, ал кеуде қуысын қабырғалар (олар алдыңғы жағынан төс сүйекке, артынан — кеуде омыртқаларына бекиді) құрайды. Адамның жоғарғы жағының сүйектері тегіс, пішіні үш бұрышты болады.

Ол сүйектердің қатарына жауырын жатады және оған бұғана мен тоқпан жілік жалғасады. Бұдан кейін шынтақ сүйек және кәрі жілік, сондай-ақ, саусақ сүйектері мен саусақ буындары орналасады.

Адамның төменгі жағындағы сүйектер жамбастан басталып, одан кейін ортан жілік, үлкен және кіші жіліншік сүйегі, табан сүйектері (бақайшақ сүйегі, толарсақ сүйегі) және бақай (башпай) сүйектерімен аяқталады. Ең ұзын сүйек — ортан жілік, ең кішкентай — құлақ қуысындағы үзеңгі сүйек, ал ең мықты сүйек болып — тіс саналады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Адамның тізесі туралы қызықты ақпарат.

Шеміршек дегеніміз не?

Омыртқа бағанасы туралы не білеміз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Ерке

    Ең ұзын сүйек туралы білмеппін

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ