Тіршілік

тіршіліктің пайда болуы

Өзіңе өмірді сезу және көрсету оңай сияқты, бірақ тіршіліктің мәнін білу және оны түсіну өте қиын. Тіпті ғалымдар осыдан екі миллиард жыл бұрын өлі материяның тірі материяға айналу құпиясын күні бүгінге дейін толықтай ашып бере алмай отыр. Күрделі химиялық процестерге қатысатын өте күрделі заттар — белоктар пайда болғаннан кейін барып, тіршілік пайда бола бастады.

Белок жүйесі мен сыртқы ортаның арасындағы ең қарапайым зат алмасу осылайша басталған сияқты. Белоктық негіздің арқасында, бұдан кейін де тірі материяның басқа да қасиеттері дами бастады. Мұндай қасиеттердің қатарына қозғыштық, өсу және көбею жатады. Тірі материяның жеке түрлері біртіндеп дами бастады, соның нәтижесінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі пайда болды. Адам осы жануарлар дүниесінің бір класы — сүтқоректілерге жатады.

Адамдар өздеріне туыстық жағынан жақын тұрған маймылдармен көп ұқсастықтары бар. Адамдар мен маймылдардың қаны, сүйектері, бұлшық еттері және тағы да басқа ағзаны құрайтын мүшелері бірдей болады. Бірақ адам мен кез-келген жануардың арасындағы ең негізгі айырмашылық — адам миының көлеміне байланысты, яғни, адамның миы оның денесіне қатысты салыстырғанда үлкен келеді.

Адам миын өзінің іс- әрекеттерін ойлануға, қиын сұрақтарды шешуге, басқа адамдармен араласуға, тағы да басқа толып жатқан жағдайларға пайдаланады. Қазіргі антропология ғылымы Жер бетіндегі адамдардың бәрін бір ғана саналы адам (Homosapiens) түріне жатқызады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?

Бронх демікпесінің (бронхиальная астма) сипаттамасы.

Микроорганизмдер немесе Микробтар дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер18
  1. Айдана

    Адам мына қысқа өмірде дұрыс өмір сүре білу керек. Ол үшін тіршілік ету керек дегендей, керемет мақала

  2. Айгерім

    Жазылған әр ақпараттарыңыз пайдалы. Сіздерге алғысым шексіз!

  3. Жаулиева Эльмира

    Бұл әлемде мағыналы, дұрыс тіршілік ету үшін адамның өмірлік ұстанымы мықты болуы керек.

  4. Ainur

    ия, тіршілік көзі нәруыз деп бекер дәлелденбеген

  5. Насиба

    Тірі адам тіршілігін жасайды деген. Яғни тіршілік адамның өмір сүруге деген ынтасын арттырады

  6. Жакупова Улжалгас

    Адамдар өздеріне туыстық жағынан жақын тұрған маймылдармен көп ұқсастықтары бар деп қарастырылады

  7. Алуа

    Тіршіліктің пайда болуы мен үшін өте қызық болған, мына мағлуматтарды оқып күшті әсер алдым

  8. Ақманат Мерекеевна

    Тіршілікте біз білмейтін құпия көп екен

  9. Айнур

    өзіме керекті көп мәліметтер алдым

  10. Алем

    «Өзіңе өмірді сезу және көрсету оңай сияқты, бірақ тіршіліктің мәнін білу және оны түсіну өте қиын» өте жақсы айтылған сөз

  11. Сандуғаш

    Тіршіліктің біз білмейтін сан алуан қырлары өте көп

  12. Seiil

    тіршіліктің жасырынып жатқан құпиялары өте көп

  13. Алихан

    Адам бірден пайда болып кете салмағаны демек алдымен белоктар түзіліп содан жалпы жанды тіршілікке қуат бітіпті. Ғаламның біз естімеген құпияларын білгіңіз келсе Еркетаймен бірге болыңыз

  14. Жанна

    Тиршилик болган жерде омир суру болады жаксы омир суре билу керек сол ушин, керемет

  15. Жұлдыз

    Өмір адамға бір ақ рет беріледі соны қалғанымызша жақсы өмір сүруіміз керек .Өте керемет жақсы мағлұмат алдым.

  16. Шолпан

    Тіршіліктің пайда болуы туралы сан ғасырлар бойы ғалымдар пікірталас жүргізуде.Білетініміз адамның өзі күрделі материя.

  17. Ықпал

    ????

  18. Ажар

    тіршілік пайда болған соң өмір сүру пайда болды

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ