Етеккір

еттекір деген не?

Қыз бала балиғатқа толу кезінде оның ағзасында ерекше физикалық және психикалық өзгерістер болады. Ондай өзгерістер әр түрлі белгімен байқалады. Соның бірі — етеккірдің келуі. Етеккір 11—14 жастан бастап, 45—50 жасқа дейін әр айда келіп отырады және ұзақтығы 3—5 күнге созылады.

Етеккір келер алдында ағзада жалпы физиологиялық өзгерістер байқалады. Мысалы, сүт бездері ісінеді, әлсіздік пайда болады, кейде қыздардың бетіне безеу шығуы мүмкін. Жыныс гормондарының әсерінен жатырдың сір қабатында қан айналу процесі күшейеді.

Бұл ұрықтанған жұмыртқа клетка жатырдың сір қабығына түскенде, оның қалыпты дамуы үшін керек. Басқаша айтқанда, жатыр ай сайын ұрықтану процесіне өзінше дайындық жасайды. Егер жұмыртқа клетканың ұрықтануы болмаса, жатырдың қантамырлары мен сір қабығы ыдырап, жатырдан қан кетеді.

Осы кезде жатырдың сір қабатының тіндері де жатыр қуысын тастап, етеккірмен кетеді. Егер ұрықтанған жұмыртқа клетка жатыр қуысында қалса, етеккірдің келуі әйел босанғаннан кейін қалыпты жағдайына түседі.

Етеккір келген кезде жеке бастың гигиенасын мұқият сақтау керек.Етеккірдің келу уақытында ауытқулар байқалса және 15—16 жастағы бойжеткеннің етеккірі келмесе, гинеколог-дәрігерге қаралуы қажет.

Сыртқа шығару процесі

Адам ағзасынан үнемі керексіз заттар сыртқа шығарылады, мысалы тер, зәр, нәжіс. Міне, осы заттарды шығынды деп атайды. Біздің ағзамызға көп шығындылардаң қажеті болмайды, сондықтан олар денедегі әр түрлі мүшелердің көмегімен сыртқа шығарылады. Бірақ, сыртқа шығару процесі бұл тек ағзаны керексіз заттардан тазарту ғана емес, сондықтан мұндай процесс біздің денеміздің ішінде де жүреді.

Ағзадағы ерекше мүшелерде — бездерде — өте қажетті заттар сөлдер мен гормондар түзіледі. Кейбір бездер өздерінің құрамындағы гормондарды бірден қанға шығарады. Екінші бездер бауыр мен ұйқы безі ішек қуысына өт пен ферменттер шығарады. Міне, бұл процесті — ішкі секреция деп атайды. Ағзадағы зат алмасу толықтай гормондар мен ферменттерге байланысты болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Ұрықтану және ұрық дегеніміз не?

Жетілу процессі

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Салтанат

    маған тоғыз оқып жүргенде келді.сыныптағы барлық қыздарға келетін мен ұялатын едім келмегеніне меннен сұрайтын келеме деп айтуға ұялатынмын.гинеколкка қаратып емдетті анашым алла разы болсын

  2. Балжан

    Керекті ақпарат рахмет?

  3. Айнур

    Акпарат керекти

  4. Ермек Канатович

    Қыздарға қиын қанша дегенмен

  5. Айнұр Жалмаханова

    Менде уақытылы келеді. Бірақ кейде ауырсынып келеді ол кезде тамақа дым тәбет болмай жата берем

  6. Айгерім

    Өзіме көп пайдалы ақпарат алдым. Қазақша өте түсінікті жазылған. админ көөөп рахмет

  7. Гулжан

    Менде де уақытылы келмейді. Гинеколог врачка барып қаралған жөн сияқты

  8. ЖАНАРГУЛЬ

    осындай мағыналы әрі түсінкіті материалдырды мектеп қабырғасында 6 сынып жасөспірімдерге түсіндірсе керемет екен.

  9. үміт

    акпаратынызга рахмет

  10. Диана

    Менде де уақыты бойынша көп кешігіп келеді. Тұрақты уақыт ы жоқ

  11. Асем

    Уақытылы келгені жақсы

  12. Асем

    Ауырсыну қалыпты, тіпті сол жақсы дейді ғой

  13. Айнагүл

    менде сол 10-11 жасымда келіп басты да, бірақ 14тен 16 жасыма дейн токтап калды,бірақ қатты киналып ауырганмын ол болашакта бала котеруге ешкандай зиянын тигізбейдіма жауап кутем…

  14. Динара

    Ауырсыну қалыпдыма?

  15. Улжан

    Саламатсызба менде ноября аи келди енди декабрь але келмеди тест алып кордим котермегем онда неге келмеи жатыр.ай саиын келетин кезде ар Аида артурли уакытта келема

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ