Жұлын

Ми мен жұлын

Ми мен жұлын жүйке жүйесінің негізгі бөлігі болып саналады. Жұлын жан-жағынан омыртқамен қоршалған, омыртқа бағанасының ішінде созылып жатады. Оның сыртқы түрі ақ жіп тәрізді, қалыңдығы 1 сантиметрдей. Мидан басталып, барлық омыртқа жотасымен, құйымшаққа дейін жетеді.

Осы ақ жіптің сырты ақ зат аксоннан, іші сұр зат нейроннан тұрады. Жұлын 31 бунаққа (сегментке) бөлінген: 8 мойын,12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ. Әрбір бунақтан бір жұп жұлын жүйкесі шығады.Жұлын негізінен рефлекторлық және өткізгіштік қызметін атқарады.

Жұлын арқылы ағзадан миға, мидан адам денесінің барлық мүшесіне жүйке импульстері өтеді.Егер жұлын зақымданса, жеке мүшелер мен мидың арасындағы байланыс үзіледі. Бұл сал (паралич) ауруына алып келеді.

Жұлын сұйықтығы

Біздің денемізде қан мен лимфадан басқа тағы бір сұйықтық болады. Ол — жұлын сұйықтығы немесе ликвор. Оның мөлшері 140 миллиметрден аспайды, бірақ ол ағзада маңызды қызмет атқарады. Ликвор — мөлдір, суы көп сұйықтық, лимфаға ұқсайды. Бірақ лимфадан айырмашылығы, жұлын сұйықтығының құрамында белоктық заттар едәуір аз кездеседі.

Жұлын сұйықтығы мидың ішкі қуысында пайда болып, ми мен жұлынның милы қабықтарының аралығымен ағып өтеді. Соның нәтижесінде ми осы жұлын сұйықтығының ішіне батып жатқан сияқты. Бұл миды сыртқы соққыдан және шайқалудан сақтайды. Кейбір қабыну ауруларының салдарынан жұлын сұйықтығына қан немесе ірің өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда жұлын сұйықтығын тексеру қажет. Оны зерттеу үшін омыртқалар арасындағы жұлын өзегін инемен тесіп (пункция жасау), сұйықтық алады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Орталық жүйке жүйесі туралы қызықты ақпарат.

Сарысу қандай жағдайда пайда болады ол ағзаға қауіптіме?

Плевраның қабыну белгілері мен себеп салдары.

Омыртқа бағанасы туралы не білеміз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Ақмаржан

    сәлеметсіз бе , менен жұлынана анализге сұйықтық алды ол қауыіпті емес пе , мен алдырмаймын деп отказ беріп едім ,алдырмасаң диогноз білмиміз деді ,

  2. Ерке

    Ақпарат үшін рахмет

  3. Эльвира

    Орталық жүйке жүйесі тақырыбында жақсы мәліметтер алдым, рахмет!

  4. Гулнар Жанысбекова

    Құнды ақпарат екен ,толықтырсаңыздар.Рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ