Түс көру

ұйықтаған адамның түс көруі

Ежелгі грек және рим мифологиясында ұйқы құдайы Морфейдің болғанын бәрің де білесіндер. Ал көптеген халықтардың ұғымында “түс көру — ұйықтаған адамның жаны оны уақытша тастап, басқа бір кеңістікте бой жазуы” деп есептеген. Шындығына келгенде, түс көру — табиғи құбылыс. Бұл адам ұйықтаған кезде мидың кейбір бөліктерінің жұмыс жасап жататының яғни, ұйықтамайтынын көрсетеді. Адам қатты ұйқыға кетіп толықтай тыныштық күйге түскенде, екі-үш сағаттан кейін, мидың кейбір жеке бөлігі ояна бастайды.

Міне, ұйқының осы кезеңінде адам неше түрлі түс көреді. Мысалы, күндіз іздеп таба алмаған зат түсіне кіріп, оның қайда жатқанын көреді. Таңертең тұрып, сол жерді қараса, іздеген затын табады. Бұл мидың дем алмай, ұйықтаған кезде жоғалған затты адам санасының көмегімен іздейтінімен түсіндіріледі.

Бірақ кейде адам көреген немесе болжам түс көреді. Мысалы, адамның бірнеше жыл санасында шешімін таба алмай жүрген сұрағының жауабы түсіне енуі мүмкін. Оған дәлел атақты орыс ғалымы Д.И.Менделеев өзінің “Химиялық элементтердің периодтық кестесін” түсінде көрген. Мұндай түстерді адам өмірінде бір- екі рет қана көруі мүмкін, ал егер ондай көреген түстер жиі қайталанатын болса, ондай адамдар керемет аналитиктер немесе оларға көріпкелдік қасиет дарыған деп саналады. Кейбір адамдар көрген түсін сәуегейлікке жорып, оның шешімін арнайы түс жору туралы кітапшаларынан (сонник) іздейді. Бірақ, ондай кітапшаларда айтылған мағлұматтар барлық адамға келе бермейтінін естен шығармаған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Рефлекс дегеніміз не?

Естен тану неге болады. Адамның есін жинауға қандай көмек беріледі.

Ұйқы туралы не білесіз?

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер36
  1. Айдана

    Мен көбінде түсті аян ретінде қабылдаймын. Керемет мақала

  2. Карлыгаш

    тұс туралы ойым, ол болатын жайт туралы ескерте ме деп ойлаймын

  3. Гаухар

    түс жиі көрем менің басты проблемам

  4. Асылхан

    Мақала жақсы жазылған екен. Маган унады.

  5. Ainur

    Қорқыт Атамыз да Қобызды түсінде көрді емес пе?!

  6. Жакупова Улжалгас

    кей түстер жоруы тура келіп жатады

  7. Алуа

    Түс көп көрмейді екенмін

  8. Жами

    мен корген тусимди умытып калам елсин елсин есте калад ардайым жаксылыкка жоруга тырысам

  9. Ақманат Мерекеевна

    Қатты шаршаған кезде ғана түсті көп көресің.Бірақ мән бермеген дұрыс

  10. Балнур

    Түс көру жұмбақ құбылыс мен үшін.Түс көрсем мамама жорытамын)Жақсылыққа жору керек дейді ғой

  11. Динара

    Түсті өте сирек көремін, жақсылыққк жорып отырамын. Сирек кирсе де орындалады кейбіреулері

  12. Айнур

    Тусти жаксылыкка жору керек

  13. Толкын

    Мен жиі тус коремин. Соган караганда жарты мушем уйыктамайды

  14. Айнур

    түс жоруға көп сенбеймін. жақсылыққа жору керек

  15. Ермек Канатович

    Түс түлкінің боғы дейді атам қазақ

  16. Гулжанат

    Түс көргім келмейді, тура келеді менің түсім

  17. Айнұр Жалмаханова

    Түс түлкінің боғы деген.

  18. Айжамал

    Түс көру туралы ғалымдар адамнын жаны денесінен бөлініп шығып саяқаттайды деегн

  19. Гулжан

    Мен өзім түс жорығанды жақсы көрем

  20. Маржан

    Түс көру ұғымы өте бір құпия нарсе ғой,мақала жақсы жазылған екен

  21. Маржан

    Түс көру ұғымы өте бір құпия нарсе ғой

  22. Сандуғаш

    Түсті әлі ешкім толық зерттемеген.оның сан алуан қырлары көп

  23. Ақерке

    Таңда көреген түс қиялыи түс дейді ғой, сол қияли түс жиі көремін, бірақ таңертең тұрғанда ұмытып қаламын.

  24. Алмагул

    Өзім түске сенемін. Өзім мүмкіндігінше оңға бұрып, жақсылыққа жоримын. Әйтеуір, күндердің күнінде бәрі қолмен қойғандай орындалады. Түс — тылсым дүние ғой

  25. Асем

    Түске сенбеймін бірақ өмірде қайталанып жатады

  26. Асем

    Түс жору дегенге өз басым сенбеймін. Кейде өмірде қайталанып жатады

  27. Данара

    Түс түлкінің боғы дейді ғой. Көп сене бермейін . Негізі түс көрмейін бір нәрсені қатты уайымдасам түсімде ойлап көріп шығамын

  28. Мергул

    Менде көп жылдан бері бір түс қайталана беретін кездер бар. Сол жер, сол адамдар,сол жағдай… шешімін табу қиын.

  29. Гүлжанйа

    Адам не себепті түс көретіні туралы біле алдым, неге түс көремін деп ойлайтын едім

  30. Жұлдыз

    Түсті жиі көремін.Көрсем жорып кетемін.Түсімде көрген дүниелерім өңімде де, болады бірақ сирек.Өзіме жақсы ақпарат алдым.Көп рахмет.

  31. Жанна

    Озим тус коп корем,болжаткым келмейди,коркам

  32. Шолпан

    Түс көру -адамның ойындағы талай шешімін таппай жүрген мәселелердің түрткісі.Ой мазалап,тыныштық таптырмайды.Сондай кездерде түс көруін ғажап емес.

  33. Айболек

    Ғажайып түстерді көребергім келеді

  34. Ажар

    адамның ұйқысы тыныш болмаса жиі түс көреді

  35. Бибігүл

    Түс көп көрмеймін, бірақ көрсем соны жорығым кеп, осындай мақалаларды іздейтінім бар. Рахмет

  36. Гулнар Жанысбекова

    Түс көргім келмейді.Кейде бір ұқсастық келеді,сондықтан түс көргім келмейді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ