Естен тану

Адам өзінің ақыл-есі дұрыс кезінде жан-жағында не болып жатқанынан хабардар болып, кейбір жағдайларға тиісті жауап та қайтарады. Сана — адамның жүйке жүйесінің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау) толықтай сақталған жағдайы. Егер адамның осындай қалыпты жағдайы бұзылса, онда оны естен тану немесе естен айырылу деп атайды.

Адам есінен танғанда көп жағдайда ешбір қимылсыз жатады, бірақ оның денесі құрысуы мүмкін. Бұл кезде ол ешнәрсеге көңіл бөлмейді, ешқандай сұраққа жауап бермейді. Естен танудың негізгі себептері: жарақаттың әсерінен мидың зақымдануы (ми шайқалу, ми қабықтарының қанауы), мидың оттекпен дұрыс қамтамасыз етілмеуі (мысалы, жүрек қызметінің бұзылуы, шахтада газдан тұншығу, отырған бөлмені ұзақ уақыт желдетпеу), химиялық және улы заттармен улану.

Мұндай жағдай орталық жүйке жүйесінің жұмысын тежейді және бұл себептердің қай-қайсысы да адам өмірі үшін өте қауіпті. Өйткені осындай жағдайлардың салдарынан есінен танып қалған адамға көмек көрсетілмей ұзақ жатып қалса, оның миында орнына келмейтін өзгерістер болуы мүмкін. Адам есінен танып қалғанда, тез алғашқы көмек көрсетілу керек. Ол үшін ауру адамды таза ауаға шығарады, аяғын көтеріп, шалқасынан жатқызады, есі кіргеннен кейін аздап су береді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Эпилепсия (қояншық) ауруының пайда болуы және негізгі себептері.

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Адамның тітіркенгіштік қасиеті туралы не білесіз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ