Тітіркенгіштік

ағзаның тітіркенуі қасиеті

Адам бір жерін қатты соғып алса — даусы қатты шығып кетеді немесе ыстық нәрсеге қолың тиіп кетсе, жалма-жан қолыңды тартып аласың. Осындай жағдайларға әрбір адам өзінше жауап қайтарады. Адам денесінің осындай жауап қайтаруының мәні тірі ағзаның ең маңызды қасиетінің бірі — тітіркенгіштік болады. Оның негізі жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.

Сезім мүшесі арқылы қабылданған тітіркену, күрделі жүйке жолдары арқылы миға беріледі, одан жүйкелер арқылы бұлшық еттерге немесе басқа мүшелерге ары қарай не істеу керек екені туралы “бұйрық” түседі. Міне осылайша ағзаның қорғаныс рефлексі пайда болады. Егер адам тітіркенгіштік қасиетін жоғалтса, онда ол өзінің қай жері ауырып тұрғанын сезбес те еді.

Онда бұл адамның сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен сақтайтын, ең негізгі қасиеті — қорғаныс реакциясын жоғалтқаны деп саналады. Ауруға тек адамды қинайтын нәрсе ғана деп емес, ол ағзаға төнген қауіпті ескертетін жағдай деп қарау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Стресс дегеніміз не және оның адам денсаулығына әсері.

Естен тану неге болады. Адамның есін жинауға қандай көмек беріледі.

Рефлекс дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Айдана

    Адамның әртүрлі жағдайда тітіркенеді емес, жаурағаннан, ысығанан, жеркенгеннен дегендей. Керемет мақала

  2. Айгерім

    Тірікену ми жұмысына тікелей байланысты. Оның өзіндік бір орыны бар.

  3. Айгерим

    Мәссаған білмеген ақпараттары көп екен

  4. Насиба

    Тітіркенгіштік туралы ақпаратты бірінші рет оқып тұрмын. Өте пайдалы кәдемізге жарады деп ойлаймын

  5. Жакупова Улжалгас

    тақырып керемет ашылған

  6. Ақманат Мерекеевна

    Тітіркенгіштік бұл жүйке жүйесімен байланысты құбылыс

  7. Ақсәуле Нариман

    Пайдалы ақпарат рахмет ?

  8. Ақсәуле Нариман

    Пайдалы ақпарат

  9. Ақерке

    Тітіруенгіштік қасиет жоғалса, адам өзінің қай жері ауырып тұрғанын білмейді.

  10. Алихан

    Оқып отырсам тітіркену арқылы да адам өзінің денсаулығына зиян дүниелердің қандай екенін түсінеді. Тітіркенгіштік қасиетіміз жоғалмасын. Қай жаратылыс та өз орнымен ғой. Мақала өте пайдалы

  11. Жанна

    Рахмеет,коп дерек коздеримен таныстым,озиме керекти

  12. Жұлдыз

    Тітіркену арқылы ояна алмайсын.Өте жақсы мәлімет алдым

  13. Шолпан

    Тітіркену-қорғаныс рефлекциясы ,расында адам ағзанда сезімталдық жақсы дамыған.Сезімталдық болмаса қауіп-қатерді сезбес еді.

  14. Ажар

    тітіркену арқылы оянғандай боласың керемет мәлімет,рахмет

  15. Гулнар Жанысбекова

    ия тітіркену арқылы аянғандай боласың,құнды мәлімет.рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ