Стресс

Қазірғі кезде стресс туралы өте көп айтылады. Осы сөзді жұмыста немесе мектепте жағымсыз жағдай болғанда, бір нәрседен қатты қорыққанда немесе ұзақ уақыт ой үстінде жүргенде жиі естисің.

Стресс ұғымын алғаш рет ғылымға енгізген канадалық ғалым Ганс Б.Селье болды. Ол адам ағзасына сыртқы ортадан келетін әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерін зерттеді. Мұндай тітіркендіргіштер адамның ішкі мүшелерінің жұмысын бұзып, әр түрлі ауру тудырады.

Селье сыртқы ортаның зиянды әсерінен ағзаның өзін қорғай алатын қабілеті болатынын анықтады. Ол үшін екі негізгі ішкі секреция бездері — гипофиз бен бүйрекүсті бездері өте көп мөлшерде гормон бөледі. Бұл гормондар қанға түсісімен, ағзаның жүрек-тамыр, тағы басқа жүйелердің, сондай-ақ зат алмасуды реттейді.

Осы реакциялардың бәрі адамның сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануға мүмкіндік береді. Егер сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері үздіксіз жалғаса берсе, ағзаның қорғаныштық қабілеті төмендеп, ағза мен сыртқы ортаның арасындағы тепе-теңдікті ұстау мүмкіндігі жойылады. Міне, осы жағдайда ауру дамиды.

Стресс туралы Сельенің ілімі адамның денсаулығы мен ауруы туралы ұғымын дамытуда үлкен қызмет атқарғанымен, ағзаның ауруға қарсы тұратын қабілетін жинақтауда — орталық жүйке жүйесінің қаншалықты маңызы бар екенін толықтай ашып бере алған жоқ.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Жүйке жүйесі және оның клеткасы туралы ақпарат.

Рефлекс дегеніміз не?

Ми дегеніміз не және ол қаншаға бөлінеді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Динара

    Стресс болмау үшін, әр нәрсені көңілге ала бермеу керек, жүрекке жақын қабылдамау керек.

  2. Айдана

    Ия, адам өмірінде стресс өте көп, негізі стресске салынбау үшін адамның менталды денсаулығы мықты болу керек. Адамдардың айтқаның жүрекке жақын алмау керек. Міндетті түрде тынығып жүрі керек. Шаруаларды дедлайннан асырмай орындау керек.

  3. Ерке

    Стресс жайлы көп мағлұмат алдым

  4. Гулжан

    Тағы да осындай мақалалар болса керек

  5. Акмарал

    Стресске түспес үшін тым көп ойға батпай, бүгінгі күнмен өмір сүріп, болып жатқан келеңсіз ситуацияларды дұрыс қабылдап, бүгінгі күнге рахмет айту керек деп ойлаймын

  6. Маржан

    Стресс туралы жақсы түсініп алдым , мақала үшін рахмет

  7. Эльвира

    Адам өміріне стресті жағдайлар көп болады ғой, жақсы жазылған

  8. Майра

    Көп адамдар стрессты ауру деп санамайды, мақала үшін рахмет

  9. Гулнар Жанысбекова

    Ақпараттар құнды және көптеген ақпарат алдым

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ