Күн өту

Жағада жатып, күнге күйгенді көпшілігіміз жақсы көреміз. Бірақ күнге күюдің кейде адам ағзасына қауіпті екенін біле бермейміз. Егер күн көзінде ұзақ жатып қалсаң, біраздан кейін басыңның ауыра бастағаның құлағыңның шыңылдап кеткенін, асқазаның ауыра бастағанын сезесің.

Мұндай жағдайда, көлеңкеге барып жатсам жақсы болады деп шешім қабылдау — өзіңнің ағзаңа қауіпті жағдай туғызғаның болып саналады. Бұны ағзаға күн өтуі деп білу керек. Күн өткен адамға жедел алғашқы көмек көрсетілуі тиіс. Өйткені ондай адамдардың тыныс алуы қиындап, жүрегінің соғуы төмендейді, денесі тырысып, есінен танып қалуы мүмкін.

Күн өткен адамды көлеңкеге жатқызып, басына, желкесіне, қолтығына мұз немесе суық суға малынған мата басу керек. Мүсәтір спиртін (нашатирний спирт) иіскетіп, денесін ысқылайды. Күн өтуден алдын ала сақтанғанда, басты күн көзінен қорғау үшін матадан тігілген не шетеннен тоқылған қалпақ кию керек. Ыстық күн көзіне ұзақ жатуға болмайды. Күн сәулесіне тым сезімтал адамдар ыстық кезде, далаға шығар алдында, дененің ашық жерлеріне арнайы крем жағып шығу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Адам не үшін талып қалады және талу кезінде көрсетілетін көмек.

Соғып алу немесе бір жеріңді ұрып алсаң болатын ағзадағы процесс.

Суға кету кезінде алғаш қандай көмек көрсетілу тиіс.

Теңіз ауруымен кімдер аурады және оның емі барма?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ