Талу

Адамдардың талып қалу жағдайын дәрігерлер коллапс деп атайды. Талу мидағы қанның күрт азаюынан, қатты қорку мен аурудан, есік-терезесі жабық қапырық бөлмеде ұзақ болып оттектің жетіспеуінен, жарақаттанғанда көп қан жоғалтудан, қатты шаршағаннан немесе ұзақ ашыққаннан болады.

Кейбір адамдар қанға немесе жарақаттан ағып жатқан қанға қарай алмай талып қалады. Бұл жағдайда адамның миы оттекпен дұрыс қанықпайды да, ол есінен танады.

Коллапс кейбір жүрек-қантамыр ауруларының жиі кездесетін белгісі болып табылады. Талу кезінде адамдар өңі бозарып, көзі қарауытып, сөзге келмей құлап қалады.

Талу бірнеше секундтан 5—10 минутқа дейін созылуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақырту керек. Оған дейін науқастың басын төмендетіп, өңірін ағытып, белдігін босатады, табанын қатты матамен ысқылайды және ол жатқан бөлменің ауасының таза болуын қамтамасыз ету керек. Науқас есін жию үшін бетіне су бүркіп немесе сірке, әтір, мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскету қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Күн өту кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрі.

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Суға кету кезінде алғаш қандай көмек көрсетілу тиіс.

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Еримбетова Гулдана

    Менің баламда кейде талып қалады. Қалай құлап қаласың десем тұрып сәл қатты керілсем басым айналып құлап қаламын децді. Дәрігерге көрсеттім. Дәрі, уколдарын салдық. Жақсы жүрген енді жақында магазиннің алдында тұрып көзімше құлап қалды, өзім ұстап қалдым. Түрі бірден өзгеріп аяқтары да бір орында қимылдамай қалдыда мама деді де меннен ұстап жерге құлады. 1,2минуттай. Қорқып кеттім. Байқағаным көздері шығып кетті, аяғы да тартылып қалды ма орнында тұрып құлай салды. Сәлден соң балам не болды десем, басым айналып кетті дейді. Байқағаным керілгенде құлайды. Ол неден болады? Адам керілгенде құламау керек қой. Не бұл?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, ондай жағдайда тез арада білікті дәрегерлерге қарату керек баланы. Интернеттен ақпарат іздемеңіз арнайы маманға барыңыз. Ауру өзінен өзі өтіп кетпейді қаншалықты жылдам қаралғаны да үлкен роль ойнауы мүмкін. Сол үшін уақытты жіберіп алмаңыз. Балаңыз жазылып, сауғып кетсін!

  2. Арман

    Салеметсизба менин 1 жарым жастагы кызым кеше емизип отырганда талып калды нестесек болады

    1. Erketai (автор)

      Мұндай жағдайда тездетіп дереу дәрігер шақырту керек .

  3. Перизат

    Салеметсизба. Мен Оз озимнен талып каламын не болганын озимде билмей калам талганда тилимди тистеп киши даретке жиберип коямын. Ештенке билмей каламын Комектесинизши.

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, шұғыл невропатологқа қаралыңыз.

  4. Жанболат

    Сәлеметсіз бе мен екі рет талып қалдым өз өзіммен бірінші рет август айында екінші рет 2күн бұрын енді не істерімді білмей ойланып жүрмін маған кеңес бере аласыздарма

  5. Шолпан

    Талмасы бар адамдарға алғашқы көмек дұрыс көрсетілуі керек екен. Керек ақпарат

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ