Қатерлі ісік

Қазіргі уақытта адамдарға қатты қорқыныш тудыратын дерт — қатерлі ісік ауруы. Соңғы кезде дүние жүзінде бұл аурумен ауыратын адамдардың саны көбейіп кетті. Осы күнге дейін бұл қатерлі дерттің неден пайда болатыны белгісіз.

Егер адам ағзасында ісіктің қатерсіз түрі дамыса, мұндай ісіктер жай өседі және сау клеткаларды зақымдамайды. Кейде мұндай қатерсіз ісіктер адам ағзасына бөгет жасаса, хирургиялық операция жасап, сылып тастайды.

Қатерлі ісік ішкі мүшелердің шырышты қабықтарының клеткаларының тез көбеюінен пайда болады. Мұндай ісіктер тіндердің айналасында өсіп, олардың қызметін бұзады. Қатерлі ісіктің бір бөлігі өзінің пайда болған жерінен ажырап, қан немесе лимфа арқылы ағзаның басқа жерлеріне тарауы мүмкін.

Олар жаңа барған тіндерде өсіп-өніп, сол жерде де ісік пайда болады. Ісіктердің ағзада жайылуын — метастаз (грек тілінен аударғанда — орын ауыстыру деген сөз) деп аталады. Ісіктің тарамдалып, айналасы шаянның аяғы сияқты болған түрін қатерлі ісікті рак деп атаған.

Қатерлі ісік дегеннен гөрі рак деген ұғым көп қолданылады. Ағзада зат алмасу болғанда, ісіктерде өте улы өнімдер түзіледі. Бұлар ағзаны уландырып, ішкі мүшелердің қызметін бұзады. Ал қатерлі ісіктердің клеткалары тез көбейіп, ісік ағзаға жайылу үшін оларға өте көп мөлшерде қоректік заттар мен қуат керек.

Сондықтан ісік ондай заттарды адам қанынан алады да, ағзаның дұрыс қоректенуіне бөгет жасайды. Соның нәтижесінде науқас адам жүдеп, әлі кетеді, терісі бозарып, өте қатты ауырсыну сезімі пайда болады. Қатерлі ісікті бір жағдайда ағзаға ауру таратушы вирустардың әсерінен, кейде улы (канцерогенді) заттардың және сәуле көздері (радий, рентген) ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады деп есептейді. Мысалы, темекінің уы осындай канцерогенді затқа жатады. Сондықтан темекіні көп тартатын адамдарда өкпе қатерлі ісігі темекі тартпайтын адамдармен салыстырғанда, 30 есе көп болады.

Бұл ауру негізінен орта жастағы және қарт адамдарда кездеседі, себебі канцерогенді заттар адам ағзасына ұзақ уақыт әсер етіп зақымдайды. Кейде қатерлі ісік тұқым қуалауы да мүмкін. Егер ісік жайылып кетпесе, әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарымен және гормондар иммундық әдісімен емдейді. Ал егер ісік тым үлкейіп кетсе, онда хирургиялық операция жасайды, ультра-сәулемен күйдіреді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Полиптер қандай жағдайда пайда болады?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Гүлбану

    қАТЕРЛІ ІСІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ АЛДЫМ

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ