Ісік

ісіктер

Ісіктер туралы қазір жиі айтылады, өйткені олар өте ауыр аурулардың белгісі болып табылады және жыл өткен сайын ісік ауруына шалдыққан адамдардың саны көбеюде. Бұл ауру адам денесінің, мүшелерінің немесе тіндерінің кейбір жерлерінде жаңа клеткалардың тоқтаусыз өсіп, көбеюінен басталады.

Сау ағзада ескі клеткалардың өліп, орнына жаңа клеткалардың пайда болу процесі үнемі үздіксіз жүреді.  Бірақ, кейбір жағдайда ағзаның қайсыбір реттеуші механизмінің қызметі бұзылады да, жаңа клеткалар қатты қарқынмен жедел пайда бола бастайды.

Мұндай процесті тоқтату өте қиын. Әдетте бұлар — ісік пайда болған мүшелер мен тіндердің клеткалары. Уақыт өткен сайын ісіктің көлемі ұлғайып, жақын орналасқан басқа мүшелер мен тіндерді қыса бастайды. Осылайша өскен ісіктер — қатерсіз ісіктер деп аталады.

Оларды хирургиялық операция жасап, алып тастаса, ағзаға ешбір зияны болмайды. Бірақ, кейбір жағдайда ісік клеткалары қалыпты тін клеткаларынан өзгеше болады және олар өте тез көбейеді де, жай клеткалардың формасын алып үлгермейді. Бұлар қатерлі ісіктер болып саналады. Мұндай ісіктер тек бір жерде ғана өсіп қоймайды, олар көршілес жатқан мүшелер мен тіндерге тез жайылып, ал кейбір қатерлі клеткалар қан немесе лимфа арқылы бүкіл денеге таралады.

Олар пайда болған жерлерінде бөлінеді де, жаңа ісік клеткасын түзеді. Қатерлі ісік клеткалары өте тез өсіп, көбейеді. Ол үшін ісік клеткаларына өте көп мөлшерде қоректік заттар мен қуат керек. Бұл заттарды ісік клеткалары ағзаның қалған мүшелері мен тіндерінен алады. Бұдан басқа, ісіктер зат алмасу кезінде бүкіл ағзаны улайтын, өте көп мөлшерде улы заттар бөліп шығарады. Сондықтан науқас адам қатты жүдейді, әлсіреп, қаныаздық дамиды, ал қан плазмасының құрамында белок мөлшері азаяды.

Егер қатерлі ісікті дер кезінде операция жасап алып тастамаса, онда ол адамды өлтіреді. Қатерлі ісіктің ең көп кездесетін түрі — рак, ол ішкі мүшелердің шырышты қабығының клеткаларында түзіледі. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік клеткаларының көбею себебі анықталмай отыр. Осыған орай, бұл жағдайды түсіндіретін бірнеше ұсыныстар ғана бар.

Қазіргі уақытта ағзаға түсісімен қатерлі ісік клеткаларының өсуін қамтамасыз ететін арнайы заттар және ісіктің пайда болуына жағдай жасайтын арнайы вирустар тобы табылған. Егер қатерлі ісікті оның дамуының алғашқы кезеңінде анықтаса, қазіргі медицинаның қол жеткен жетістіктерінің көмегімен, ол ісіктердің өсуін тежеуге болады. Содан кейін ол ісіктерді хирургиялық операция жасап, алып тастайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қатерлі ісік немесе рак дегеніміз?

Полиптер қандай жағдайда пайда болады?

Адам ағзасындағы клеткалардың қандай маңызы бар.

Соқырішек немесе аппеңдицит ауруының алғашқы белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Гулмира

    Пікіріңізге көп рахмет өте пайдалы

  2. Жанагуль

    пайдалы ақпар бергеніңіз үшін рахмет

  3. Алмаш

    Қатерлі ісік ең жаман аурулардың бірі.аурудың алдын алу керек.

  4. Гүлбану

    іСІК ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ