Алыстан көргіштік және көрмеушілік

Алыстан көргіштік

Кейбір адамдар газет, кітап оқығанда әріптерді анық көре алмайды, бірақ алыстан жақсы көреді. Әсіресе бұл қарт адамдардың арасында жиі кездеседі. Көздің көру қабылетінің бұлай төмендеуін — алыстан көргіштік немесе қарт адамдардың алыстан көруі деп атайды. Кейде алыстан көргіштік балалардың арасында да кездеседі.

Бұл көздің іштен туғаннан пайда болған ауруы. Бұл аурудың мәні — көз алмасының алдыңғы және артқы жағынан тарылуының нәтижесінде, көзге түскен сәуле оның тор қабатынан асып кетіп, сыртқары барып түйіседі. Алыстан көргіш адамдар жақыннан көру үшін дөңес шыны салынған арнайы көзілдірік киеді.

Алыстан көрмеушілік

Алыстан көрмеушілік — көз кемістігі. Кейде бір кісілердің жазғанда немесе оқығанда қатты еңкейіп, кітапқа үңіліп қарағанын байқайсыңдар.  Ондай адамдар көшеде келе жатқанда таныс адамын көргенде танымай қалуы мүмкін. Мұндай адамдардың көзі жақсы көрмейді, ал бұл ауруды алыстан көрмеушілік деп атайды.

Адам мұндай ауруға шалдыққанда, көз алмасының мөлшері ұлғайып, заттан көзге түскен сәуленің дұрыс қиюласпай, тор қабықтан бері түйісуінен болады. Соның салдарынан бала алыстан нашар көретін болады. Алыстан көрмейтін көздің оптикалық кемістігі арнайы (екі жағы ойыс линзалы) көзілдірікпен түзетіледі.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көздің құрлымы туралы білесізбе?

Ақшам соқыр бұл қандай ауру?

Дальтонизм дегеніміз қандай ауру және оның емі барма?

Көздің қылилығы немесе қитарлығы ауруының сипаттамасы.

Пікірлер2
  1. Жанагуль

    + деген алыстан ғана көруме

  2. Эльмира

    Саламатсызба? Көзде маңызы ағзаның бірі. Рахмет көп маңызды мағлұматтар алдым.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ