Жыныс мүшелерінің аурулары

Мұндай аурулар негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Жыныстық қатынас ересек адамдардың (ер адам мен әйелдердің) арасында болады. Егер ересек адамның біреуі әр түрлі бактериялар тарататын жұқпалы аурумен ауыратын болса, жыныстық қатынас кезінде ол ауруды екіншісіне жұқтырады. Мұндай аурудың қатарына мерез, соз аурулары жатады.

Мерезбен ауырғанда теріде қолмен басқанда ауырмайтын бөртпе пайда болады. Сүйек сырқырап, лимфа түйіндері іседі, жүйке жүйесінің және жүректің қызметі бұзылады. Әсіресе, ата-анасы мерезбен ауыратын сәбилер үшін бұл өте қауіпті. Соз ауруы несеп-жыныс жолдарын зақымдап, ауру асқынып кетсе, бедеулікке әкеледі.

Адамзат неше ғасыр бойына осы жыныс мүшелерінің жұқпалы ауруын емдеудің әдістерін іздеп, оны тапты. Қазіргі кезде мұндай ауруларды емдеп жазады. Бірақ, емделу тек дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек, ал өздігінен дәрі ішіп, емделудің соңы жақсылыққа әкелмейді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Шыжың ауруының негізгі белгілері мен себептері.

Базедов ауруының сипаттамсы және негізгі белгілері.

Бүйректің қабынуының сипаттамасы және белгілері.

Індет дегеніміз не және оның сипаттамасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ