Желшешек

Желшешек — балаларда жиі кездесетін жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы науқас адамның сілекейінде болатын — вирус. Ауру бала жөтелгенде немесе түшкіргенде вирус ауамен тарап, сау балаға жұғады. Желшешекпен көбінесе 1-10 жастағы балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересек адамдар өте сирек ауырады.

Аурудың жасырын кезеңі екі-үш аптаға созылады. Содан кейін баланың дене қызуы көтеріліп, терісінде мөлшері кішкентай, сулы бөрткен пайда болады. Мұндай бөрткендер қатты қышиды, осы кезде бала шыдамай бөрткенді тырнаса, ол іріңдеп, жазылуы ұзаққа созылады және бөрткеннің орнында тыртық қалады. Егер бөрткенге қол тигізбесе, олар бірнеше күннен кейін жазылып кетеді. Желшешекпен ауырған баланы балалар бақшасына немесе мектепке жібермей, үйде емдеген дұрыс. Желшешекпен ауырып, жазылған балаларда күшті иммунитет қалыптасады.

Жел шешек — балаларға тән жұқпалы аурулардың бірі. Оның ауру қоздырғыш вирусы сыртқы ортаға төзімсіз және өте жұққыш келеді. Жел шешектің ауру қоздырғыш вирустері ауаға тез тарайды, тіпті басқа бөлмелерге, дәлізге жайылады. Балалар бұл ауруды қабылдауға өте бейім келеді. Сондықтан ондай ауамен дем алған бала ауруға тез шалдығады. Баланың организміне аурудың вирусы түсіп, оның алғашқы белгілері білінгенге дейін 11—21 күн, көбінесе 10—11 күндей уақыт өтеді.

Сонан соң баланың қызуы көтеріліп, көңіл- күйі нашарлай бастайды. Бірінші күні-ақ науқастың басына, бетіне, мойнына, кеудесіне, аяқ-қолына қызғылтым бөртпелер шығады да, ертеңіне түрлі түйіндерге, теңбілдерге, көпіршіктерге айналып кетеді. Бұл бөртпелер қатты қышиды. Сондықтан бала абыржып, мазасызданады. Бөртпелерді қасып жара қылады. Бұл ауру көбінесе жеңіл өтеді, бірақ ауыр түрі де кездесіп қалуы мүмкін. 3—5 күн өткенде бөртпелер қабыршақтанады, сонымен қатар ауру бала денесінің қызуы да басылып, жағдайы жақсара бастайды.

Жел шешектің алғашқы бөртпелері көрініп, ең соңғы қабыршағы түскенге дейін науқас бала айналасындағы балалар үшін қауіпті. Сондықтан бала ауырысымен дәрігерді үйге шақыру керек. Науқас бала үйде емделеді және басқа балалардан бөлек күтімге алынып сау балалармен қарым-қатынас жасамауға тиіс.

Науқас баланың төсек-орнын, іш киімдерін жиі ауыстырып, денесінің таза болуына көп көңіл бөлген жөн. Бөртпеден қалған қабыршақтар кепкен кезде баланы шомылдыруға болады. Сусынға, тамаққа, жеміс-жидекті және шырындарды мол пайдалану керек. Денеге шыққан бөртпелер қатты қышитындықтан бала қасынып, оларды жараға айналдырмас үшін марганцовка ертіндісін қоюлау етіп бөртпелерге жағады.

Егер ауру асқынбаса, антибиотиктер немесе басқа дәрілер берудің қажеті жоқ. Жел шешекпен ауырып тұрған балалар онымен қайталап ауырмайды және балада тұрақты иммунитет пайда болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қотыр ауруы қалай пайда болады және оның сипаттамасы.

Қатпар дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Қызамық ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Көкжөтел (коклюш) ауруының алғашқы белгілері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ