Ентігу

Дені сау адам баспалдақпен немесе тауға оңай көтеріле алады. Бірақ, кейбір адамдар жоғары қарай көтерілгенде немесе жай жүргеннің өзінде ауыр дем алып, жүрегі қатты соғып, қайта-қайта тоқтап дем алуға мәжбүр болады. Ондай адамдар жүгіру туралы ойлауға да қорқады. Міне, адамның осындай жағдайын — ентігу деп атайды.

Адамның қаны оттекпен толық қанығуы үшін, оның өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары өз қызметін дұрыс атқаруы керек. Бірақ, бұл мүшелер әр түрлі аурулардың салдарынан өз жұмысын дұрыс атқара алмайды. Атап айтқанда, өкпе тіндері мен бронхтардың қабынуынан — өкпенің, ал жүректің қақпақтары мен бұлшық еттері жұмысының бұзылуынан — жүректің жұмысы нашарлайды.

Қан тамырлары өздерінің серпімділік қасиетін жоғалтады. Бұл жағдайда адамның дем алуы өте ауыр болады. Себебі, өкпе оттекпен қанықпайды, жүрек қанды бүкіл денеге тарата алмайды, ал қан тамырлар ол қанды өткізе алмайды. Осының салдарынан ентігу басталады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Жүрек-қан тамыр аурулары

Тамыр соғу процесі жайлы не білеміз?

Өкпе және оның артериясы туралы біз не білеміз ?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. гулшат

    Алла тек денсаулық берсін!демікпеден тұмауға байланысты кызым ауырды

  2. Сауле

    Ентигу тек окпе емес екенин билдим журеккеде байланысты екенин

  3. Алма

    Ентігуде жүрекпен байланысты екен ғой, керек ақпарат екен

  4. Гулзат

    мына мәліметті оқып секем алдым. Себебі соңғы кезде менде ентігу болып жүр.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ