Кереңдік

Керең адамдарға күнделікті өмірде қиын екенін айтпаса да түсінікті. Өйткені олар естімегеннен кейін келемеждеп күледі, ретсіз қалжыңдайды, олар туралы неше түрлі анекдоттар айтылады. Сондай адамдардың орнына өздеріңді қойып көріңдерші, айналандағы айтылып жатқан ешбір сөзді немесе дыбысты, тіпті өзіңе қауіп төнген кезде берілген сигналды естімесең қандай күйде боласың?

Керең адамдар тіпті өздерінің сөздерін де естімейді. Сондықтан керең және құлағының мүкістігі бар адамдар айқайлап сөйлейді. Құлақ мүкістігі — есту мүшесінің ауруы. Бұл әр түрлі құлақ ауруларының (отит, отосклероз), мұрын және жұтқыншақ ауруларының салдарынан немесе жұқпалы аурулардың (қызылша, қызамык) асқынуынан дамиды.

Құлағы мүкіс адамдар кейбір дыбыстарды (мысалы, өте қатты дыбысты) ести алады. Ең ауыр жағдай керең адамдарда байқалады. Баланың жастайынан кереңдікке шалдығуы — оның ауыр науқастардың, мысалы, ортаңғы құлақтың, есту жүйкесінің немесе ми қабықшасының қабынуы салдарынан деп түсіндіріледі.

Бұдан басқа, кереңдік туа пайда болған және жүре пайда болатын деп бөлінеді. Туа пайда болған ұрықтың ана құрсағында дамуы кезінде есіту анализаторларының немесе туу кезінде оның бөліктерінің зақымдануынан болады. Ал жүре пайда болатын кереңдік адамның әр түрлі жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады.

Сондықтан баланың кішкентай кезінен оның дұрыс ести алатынына көңіл бөліп отыру қажет. Егер баланың есту қабілеті төмен екені байқалса, жедел дәрігерге қарату керек, емдеуді неғұрлым ерте бастаса, ол солғұрлым нәтижелі болады. Ал құлағында мүкістігі бар адамдардың құлағының дыбыс қабылдауын қалпына келтіру үшін дыбыс зорайтқыш, есту аппараты пайдаланылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дабыл жарғағы (барабанная перепонка) дегініміз не?

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

Тіл мүкістігі және тұтығу дегеніміз не?

Мылқаулықты емдеуге болады ма?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Жаннур

    Мәссаған! Адамның естуі де мұрынға байланысты ма? Тағы да жаңа ақпарат. Рахмет үлкен, барлық материалды қысқа әрі нұсқа жазасыздар!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ