Ортаңғы құлақ

Ортаңғы құлақ

Сыртқы құлақ пен ішкі құлақтың аралығында ортаңғы құлақ орналасады. Ол дыбысты есту мүшесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Ортаңғы құлақтың бір бөлігі самай сүйегінің төменгі бөлігіндегі кішкентай қуыста жатады. Осы қуыста адам ағзасының үш кішкентай сүйегі орналасқан.

Ол сүйектер өздерінің пішініне қарай — балғашық, төсше, үзеңгі деп аталады. Балғашық сүйек дабыл жарғағына жабысып жатады да, дыбыс толқынының әсерінен тербеліске ұшырап, осы тербеліс барлық дыбыс сүйектеріне беріледі.

Үзеңгі сүйек ұлуға жақын жатады да, ол нағыз есту мүшесі болып саналады. Ортаңғы құлақ қуысынан басталатын жіңішке өзек (канал) — евстахиев түтікшесі мұрын-жұтқыншақ қуысына дейін жетеді. Ортаңғы құлақ ағзадағы кішкентай мүше болғанымен, оның қабынуы (әсіресе, балаларда) жиі байқалады. Ортаңғы құлақтың жиі қабынатыны — ауру тудыратын микробтар Евстахиев түтікшесі арқылы мұрын-жұтқыншақ қуысынан оңай ортаңғы құлаққа өтіп кетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

Кереңдік қалай пайда болады және оның қанша түрі бар?

Дауыс туралы қызықты ақпарат топтамасы

Адамның бойындағы алты сезім мүшесі жайлы не білесіз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Жаннур

    Анатомияда оқып едік, біраз нәрсені есіме түсірдім. Рахмет

  2. Ықпал

    ??????

  3. Гюзель

    Есту мүшесі адам үшін өте маңызды, қажет дене мүшесі. Сіздердің мақалаларыңыздан ғылыми тұрғыда жақсы мәлімет алдым.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ