Ерекше әже мен ата туралы ертегі
АвторҚұдайбергенова Мәншүк Төлегенқызы Мазмұны
Лия әже мен Назым ата туралы бұл қазақша ертегі отбасындағы сүйіспеншілік пен ұрпақтар арасындағы жақындықты бейнелейді. Екі кейіпкердің мінезі әртүрлі болғанымен, екеуі де немерелеріне қуаныш сыйлауды жақсы көреді. Олар қарапайым демалысты қызықты оқиғаға айналдырып, балалармен бірге қазына іздейді, ойын ойнайды. Шығарманы үйде отбасымен бірге оқып, ата мен әженің бала өміріндегі орны, ортақ естеліктер және жақын адамдарға көңіл бөлу туралы әңгімелесуге болады.
Бірде ерекше Лия әже мен Назым ата өмір сүріпті.
Барлық әжелер бәліш пісіріп, сериал көріп жатқанда, Лия әже қара былғары күртеше, қызыл кроссовки киіп, самокатпен жүретін. Оның қалтасында әрдайым қарбыз дәмі бар сағыздар және барлық қоралардың кілттері жүретін.
Ал Назым ата — оған мүлдем қарама-қарсы еді. Ол какао түстес, әлемдегі ең жайлы үлкен жемпір киетін, оған бірден үш баланы орап алуға болатын. Оның қалталарында өзеннен әкелген жылы тастар және кәмпиттер жүретін.
Міне, демалыс келді.
Ата-аналар күрсініп:
— Тағы да жұмыс… Балалар, сендермен не істейміз?
Сол кезде терезе қағылады — тық-тық. Бұл Лия әже самокатын подъезд алдына қойып қойған екен.
— Так, экспедицияға жиналамыз! — деп бұйырады ол.
Ал Назым ата жемпірін сиқырлы кілемдей жайып жіберген.
— Кім жемпірге кірсе — шытырман оқиғаға кіреді! — дейді ол.
Балалар оларға қарай секіріп, демалыс басталып кетеді.
Қарапайым әжелерде демалыс деген — сорпа мен теледидар.
Ал Лия мен Назымда — мүлдем басқаша.
Бірінші күні олар балкондағы шатырда тұрды. Былғары күртешедегі Лия әже балаларға фонарикті қалай қосуды үйретті, сонда қабырғадағы көлеңкелер айдаһарға айналатын. Ал жемпірдегі Назым ата какао қайнататын.
Екінші күні олар бақшадан қазына іздеді. Лия әже: "Рок-жұлдыздар сияқты қазамыз!" — деп күннен қорғайтын көзілдірік киетін. Назым ата: "Ал ең мұқият адамдар сияқты табамыз" — дейтін. Олар табатын да: патшаның ескі түймесін, саяхатшы ұлуды және жаздың исі аңқыған үш құлпынайды.
Үшінші күні керісінше күн болды. Лия әже атаның жайлы жемпірін киіп, құймақ пісіре бастады, ал Назым ата оның былғары күртешесін киіп, балалармен аулада самокат тепті. Барлық көршілер сығалап: "Мына әже мен аталарың қандай ерекше?!" — дейтін.
Ал балалар күліп: "Ең кереметі!" — дейтін.
Ата-аналар кешке жұмыстан шаршап келсе, үйдің іші какао және самокаттан шыққан аздаған бензин иісіне толы болатын. Балалар құшақтасып ұйықтап жататын, қалталарында — сағыздар мен жылы тастар.
— Мұны қалай істейсіңдер? — деп сұрайды анасы.
Лия әже күртешесін түзеп, көзін қысып:
— Құпиясы қарапайым. Біз балаларды балалық шаққа алып кетеміз.
Ал Назым ата барлығын өзінің үлкен жемпірмен жауып, сыбырлайды:
— Ал бұл балалық шақ соншалықты үлкен, оған бәрі сияды. Тіпті шаршаған ата-аналар да.
Сөйтіп бәрі бір жайлы жемпірдің астында ұйықтап қалады.
***
Ертегі не туралы?
Лия әже мен Назым ата немерелерімен үш күнді қызықты өткізеді. Бірі белсенді ойындарды ұнатса, екіншісі жайлылық сыйлайды. Екеуінің де мақсаты — балаларды қуанту.
Ертегінің негізгі ойы: отбасындағы жылулық бірге өткізген уақыттан, қамқорлық пен ортақ қуаныштан көрінеді.
Қай жастағы балаларға арналған?
Оқиғаның көлемі мен сөздік қорына қарай 5–9 жастағы балаларға ұсынуға болады. Кіші балаларға ересектер оқып бергені жөн.
Балаға қандай тәрбие береді?
Ертегі жақын адамдардың ерекшеліктерін қабылдау, бір-біріне көңіл бөлу және отбасылық естеліктерді бағалау туралы әңгіме бастауға мүмкіндік береді.
Баламен бірге не істеуге болады?
- Ата мен әжемен өткізген сүйікті күніңді еске түсір.
- Отбасылық демалысқа арналған үш ойын ойлап тап.
- Үлкендермен бірге қауіпсіз жерде қазына іздеу ойынын ұйымдастыр.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ертегінің басты кейіпкерлері кімдер?
Лия әже, Назым ата және олардың немерелері.
Балалар демалыста немен айналысты?
Көлеңкелермен ойнады, бақшадан қазына іздеді, аулада самокат тепті.
Ертегінің тәрбиелік мәні қандай?
Ол отбасымен бірге уақыт өткізудің және жақын адамдарға қамқорлық танытудың маңызын көрсетеді.
Ұқсас шығармалар
«Әкеге қарап ұл өсер» — отбасындағы тәрбие туралы шағын қойылым. «Алтыннан да қымбат достық» — сенім мен кешірім туралы ертегі. «Бұлақ неге жылады?» — бірлесіп әрекет ету туралы ертегі.
Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.
Erketai-ға жазылу