Жидектерді кім өсіреді?

Бір күні кішкентай қыз бала далада ойнап жүріп, шөп арасынан қып-қызыл жидек тауып алады. Бірден қызығып, жеп алады да:

— Жидек, рахмет саған! — дейді.

 

— Сен неге маған алғыс айтасың? — деген нәзік үн шығады.

 

— Бұл кім өзі? — дейді қыз шошып кетіп…

 

Осы кезде айналасынан алма-кезек түрлі дауыстар шыға бастайды.
— Мен сумын, мен ол жидекті суғардым. Соның арқасында ол үлкен әрі тәтті болып өсті, — деді біреу сыңғырлай.
— Ал мен ше? Маған кім алғыс айтады? — деген тағы бір жуан дауыс шықты гүрілдеген.
— Бұл кім? — деді қыз жан-жағына қарап.

 

— Кім болушы еді? Мен — жермін. Жидекті топырағымда өсірдім. Қоректендірдім.
— Маған да рахмет айтуларың керек! Менің сәулелерім болмаса, оны кім жылытып, қып-қызыл етіп пісірер еді?! — деп дауыстады күн.

 

Қыз ойланып қалды да:
— Жер, су, күн! Барлығыңызға да рахмет! Сіздердің арқаларыңызда мен тәтті жидек жедім! — деп иіліп алғыс айтты.

және де балаларға арналған жеміс-жидектер жайлы тақпақтар топтамасын оқыңыз…

күз туралы ,күз ,жеміс, жидектер, туралы, табиғат, ертегі, тақпақтар

 

Күзгі жапырақтар

 

Алтын сары, қызыл, көк…

Алуан-алуан жапырақ.                           .

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

 

Қ.Шаңгытбаев

 

Құлпынай

 

Бал татитын құлпынай,

Саған құмар құлпынай.

Жазда жылдам таусылмай,

Қыста өссең, шіркін-ай.

 

Таңқурай

 

Жазда өседі таңқурай,

Жемісін тер, қалдырмай.

Апаң қақ та қайнатар

Қыста керек нәр мұндай

 

М.Әлімбай

 

Бүлдірген

 

Уылжыған бүлдірген,

Әбден пісіп үлгерген.

Бірақ оның көйлекті,

Былғайтынын кім білген.

 

А.Шаяхметов

 

Қарақат

 

Торсиған бал уызға,

Кіп-кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

Болса егер бала тап.

С. Мәуленов

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Каникызы Аманкул

    Рахмет. Бундай ертекті кайдан табам деп ойлап ем

  2. Асель

    Мерекеге қажетті өлең шумақтарын тапқаныма ризамын. Рахмет

  3. Aizhan

    Өте жақсы! Рахмет!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ