Сараң баймен түстену

Бір күні шаруалар бас қосып, өзара әңгімелесіп отырады. Оларға қыстақтағы дүкенші келіп, мен талай жерде болып, талай баймен дастархандас болған адаммын деп мақтана сөйлейді. Мұны естіген соң шаруалардың арасындағы ең кедей жігіт:

  • Сол да мақтаныш болып па? Қаласам, мен де кез келген баймен бірге түстене аламын, — дейді.
  • Мына сен бе баймен бірге түстенетін?! Ондайды көзіммен көрсем де сенбеген болар едім, — дейді дүкенші.
  • Ендеше көрерсің! Мен тап сол байдың өз дастарханында отырып түстенемін!
  • Ақымақ болма, жігітім, бәрібір қолыңнан келмейді!

сараң бай ертегісі

Екеуі бірін-бірі жеңе алмай ұзақ дауласады. Ақырында кедей жігіт былай дейді:

  • Кел бәс тігейік! Егер мен баймен түстенетін болсам, сен маған қара атың мен торы атыңды бересің. Егер мен жеңілсем, үш жыл бойы сенің малайың боламын!

Дүкенші бұған қатты қуанады.

  • Келісемін! Жеңсең — қара ат та, торы ат та сенікі, оған қоса тағы бір тайыншамды берейін! Мен мұны міне куәлардың көзінше айтып тұрмын, — дейді дүкенші.

Кедей жігіт байдың үйіне барады.

Қайырымды қожайын, мен сізден бір нәрсе сұрайын деп едім, — дейді ол байға. — Тек бұл екеуміздің арамыздағы құпия болып қалсын. Айтыңызшы, мысалы, мына менің қалпағымдай алтынның құймасы қанша тұрады?

Бай ештеңе айтпастан екі шапалағын шарт еткізеді:

  • Кәні, мына жігіт екеуіміз жақсылап түстенейік, бізге тамақты да ішімдікті де молынан тезірек әкеліңдер! Отыр, отыр, — дейді жігітке, -көңілің қалағанша ішіп, же!

Бай кедей жігітті қымбатты қонағындай күтеді. Бірақ жігіт айтқан алтын құйма есінен шықпай алаңдай береді. Әбден ішіп-жеп тойып алған соң:

  • Ал, жігітім, әлгі алтын құймаңды алып кел! Мен саған сол үшін бір пұт ұн мен бес тиын берейін, — дейді алақанын ысқылап.
  • Кешіріңіз, бай мырза, — дейді кедей жігіт, — менде ешқандай алтын құйма жоқ! Менің қалпағымдай алтын құйма қанша тұрады екен деп әуестікпен сұрап едім.

Бұған бай қатты ашуланады:

  • Жоғал, оңбаған ақымақ!
  • Мәртебелі бай-ау, — дейді ол, — сенімен әбден ішіп-жеп түстендім, сол үшін мақтаншақ дүкеншінің қара аты мен торы атын, оған қоса тағы бір тайыншасын қағып алайын деп отырмын! Сонда мен қайдан ақымақ боламын, а?!

Кедей жігіт байдың үйінен көңілді аттанады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. асем

    Сайт-қа айтарым . Рахмет.
    Дерек көзі: https://erketai.kz/ertegiler-alemi/makhta-khyz-ben-mysykh-ertegisi/

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ