Мақта қыз бен мысық ертегісі

Балаларға арналған Мақта қыз бен мысық ертегісінің желісі бойынша жасалған қазақша мультфильмді тамашалаңыздар. Құрметті сайт қонақтары мен достары, сайтымыздың ютубтағы каналына жазылуларыңызды сұраймыз.

Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады, бірақ Мысығы келмейді.

Мақта Қыз: – Келмесең келме! – дейді де, мейізді өзі жеп қояды. Арада біршама уақыт өткен соң  мысығы келіп: – мені Неге шақырдың? – деп сұрайды.

Мақта қыз бірақ оған еш нәрсе айтпайды.

Мысық: – Ендеше мен сенің қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз: – Онда Мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! – дейді мысығына. Мысық Мақта қыздың айтқанын тыңдамастан  қатықты төгіп жібереді. Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.

Мысық: – Мақта қыз құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз болса: – Менің қатығымды төле! –дейді.

Содан Мысық сиырға барады. – Сиыр- Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр оған: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барады: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш мысыққа: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.

Мысық су іздеп бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.

Мысық дүкенге барады. – Дүкенші- Дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші: – Маған алдымен жұмыртқа әкеліп бер! – дейді.

Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықт: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық : «Енді не істеймін?» – деп бара жатқанда, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.

Мысық тышқанды бас салады. – Тез Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.

Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді;

мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш оған жапырақ береді; жапырақты алып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Осымен ертегіміз аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар.  Егер мультфильм ұнап жатса лайк басып , каналымызға жазыла кетіңіз.Алдағы уақытта басқада қазақ тіліндегі ертегілерді шығарамыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер25
  1. Аягоз

    Жақсы ертегі. Балаларға оны білу керек

  2. Акерке

    Бала кезімде осы ертегіні айтушы едік. Бұл — кез келген оқырман өзіне қажеттісін тауып алатын сайт екен!

  3. Жауқазын

    Осы ертегини балабакша балалары жаксы биледи жане сактау кабилеттери жаксы екенине коз жеткищуге болады

  4. Нағима

    Бұл ертегіні білмейтін жан жоқ шығар ең сүйікті ертегім

  5. Айгул

    Ес білгеннен осы ертегіні білеміз. Мысыктың жаман әдеттерден журдай екені көрініп тұр. Максатына жету үшін куйрығына канша ма әрекет етеді. Кызык

  6. Камшат

    Кішкентай кезімізден оқып өскен бізге ыстық ертегі!

  7. Жанна Кудайбергенова

    Бұл бұрыннан келе жатырған ертегі.Балаларымыздың барлығына осыны айтып отырушы едік.Өздері де біледі мысықтың құйрығын алып алды,сүт төгуге болмайды деп шуылдасып отыратын.

  8. Назира

    Ертегі тыңдап өссен балалар ақылды болады

  9. Замзагуль

    «Мақта қыз бен мысық» туралы ертегісін бейнеролик арқылы балаларға көрсету өте ыңғайлы. Оқып бергеннен, көзбен көріп құлағымен естіген олардың есінде қалады. Ертегіні бейнероликпен де, сөзбен де жеткізіп мақала жариялағыныңызға рахмет.

  10. Нұргүл

    Осы ертегіні оқығанда балалық шағым есіме түсіп кетті,көзім жасқа толып кеткені-ай Маған қатты ұнады

  11. Айнагүл

    осы ертегіні білмейтн қазақ баласы жок шыгар
    макта кыз деп бастаган бойда сатырлатып айтадыго бари
    сол денгейди жоймай жанартып шыгарып жатканы да конил куантарлыктай екен. себеби бала кезимсизден бери келе жаткан бул ертеги сол кезендерди еске тусиреди екен

  12. Майра

    Кішкентай кезіміздегі ең танымал ертегі

  13. Елена

    Балалық шақтын тамаша ертегілерінің бірі, баланың өрісің кеңейтеді, логикасын жақсартады. Кезіңде апам айтып беруші еді, қазір сіңіліме мен айтып беремін)

  14. Жумамуратова Жулдыз

    Қызығып кеттім ау ертегіне қайта оқып шықтым.Бала кезімізде апайларымыз осының сенарин жасап мерекелік шараларда көрініс қоятынымыз бар еді.Сол есіме түсіп кеттіғо.Мақта қыз ертегісі десе балаларым бүлдіршіндеріп отыра қалып тыңдайтын.Өте керемет.ертегі.мултфилімдерін көріп мәз болатынбыз.Қазір дамыған заман әрбір бала өз телефондарынан тамашалайды.

  15. Диана

    Балалық шағыма қайта оралғандай сезім болды?

  16. Гулим

    Өте танымал ертегі!Бала кезімізден тыңдап өскен ертегі.Балаларға ұнайды

  17. Шынар

    қазіргі балаларды ертегіге қызықтыру күрделі процес, осындай дүниелер арқылы балана қызықтыра білу өте қажет. сол шарага сіздердің қосып жатқан үлестеіңіз өте көп. ертегінібалага ауызша айтқаннан көрі видеомен көрсетіп отыру да есте сақтауға, баланы қызықтыруға көп көмегі тиді. видеотүсінікті, ерекше жаалған екен. рахмет!

  18. Бисенбаева Мирамкүл

    «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. бұл ертегіні сіздерден жүктеп алып оқушылардың ой-өрісін дамытып отырмыз. сіздерге көптен көп алғысымды білдіремін.

  19. Айман

    «Мақта қыз бен мысық» туралы ертегісін бейнеролик арқылы балаларға көрсету өте ыңғайлы. Оқып бергеннен, көзбен көріп құлағымен естіген олардың есінде қалады. Ертегіні бейнероликпен де, сөзбен де жеткізіп мақала жариялағыныңызға рахмет.

  20. Эльмира

    ертегінің мазмұны достыққа, жауапкершілікке үйретуге негізделген деп ойлаймын

  21. Асем

    Сайт-қа алғысым шексіз осындай ақпараттар жариялап отырған. Рахмет.
    Дерек көзі: https://erketai.kz/ertegiler-alemi/makhta-khyz-ben-mysykh-ertegisi/

  22. Айдарбайқызы Ақмарал

    Қайырлы күн! «Мақта қыз бен мысық ертегісін» балалар жақсы көреді. Мультик өте жақсы. Балаларға міндетті түрде көрсетемін. Сайт-қа алғысым шексіз осындай ақпараттар жариялап отырған. Рахмет.

  23. Айгерім

    Біздің бала күнімізде естіп окып оскен ертегіміз әлі күнге дейін есімізде бояуы кетпеген оте кызыкты ертегі балаларды тәрбиелеуге үлкен ыкпалы тиетін ертегі түрі осындай тәрбиесі бар ертегілер коп болса екен.

  24. Гулизат

    Мақта қыз бен Мысық ертегісі менің бала күнімде сүйіп тыңдайтын ертегілердің бірі. Осы сайттың арқасында өз тобымның балаларына керек мәлеметтерімді алдым.Видеосымен балаларға түсінікті жазылған.

  25. Арайлым

    Мақта қызбен Мысық ертегісі бала күнімізден естіп келе жатқан ертегіліердің бірі. Осы сайтқа кіріп оқушыларыма керек мәліметті алдым. Өте жақсы жазылған. Түсінікті екен. Видеосымен өте ерекше

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ