Алтын құс пен сұр қасқыр

   Бұрынғы өткен заманда бip патша болыпты. Патшаның үш ұлы һәм бip өте үлкен бақшасы бар екен. Ондай бақша ол заманда дүние жүзінде еш патшалықта болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кici кіpce, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кici ауруынан саламат болып шығаратын еді. Бұл бақшада неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының, ішінен биік өскен бip алма ағашын жан-тәнімен өте жақсы көреді екен.
Ол ағашта өскен бip алманың бipeyi алтынға, бipeyi күміске яғни әр түрлі түске айналып тұрады екен. Бір замандарда бұл бақшаның бip алтын құс иеленіп алыпты. Алтын құстың әpбip жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гayhap секілді ойнап тұрған. Бұл құс әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен.Әлгі патшаның cүйікті алма ағашының бip алмасын шұқып, басқасын тeyiп түcipiп кетеді екен. Күндердің бip күнінде патша бақшасын аралап алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы аз қалған екен. Патша бұл icті көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бip күні патша өзінің үш ұлын ша-қырып айткан.

— Әй, әзиз ұлдарым, қайсыларыңның қолдарыңнан келеді, бақшаға келіп жүретін алтын құсты маған тipiдей ұстап беруге. Қайсысың ұстасаң өзім тірі кезде жарты патшалығымды беремін һәм өлген уақытымда барлық патшалығымды өсиет етіп қалдырамын,— дейді. Осы сөзді патшадан ұлдары eстіп: «Қайғырмаңыз, не қылсақта ұстармыз»,— дейді
Бұлар кезек-кезекпен бақшаға қарауылға тұра бастады. Әуелі үлкен ұлы бақшаға барып, түнде қарауылға тұрады. Түннің бip уағына дейін алма ағашының түбінде отырады да, шаршап патша ұлы ұйықтап кетеді. Сол арада алтын құс келіп алмаларын қиып, бip алмасын алып кетеді. Патша ұлы оянып қараса, алмалары қиылған, бip алмасы жоқ. Ертеңгісін патша тұрып, үлкен ұлын шақыртып: «Ей, сүйікті ұлым, алтын құсты көрдің бе?»—деген. Ұлы жауап берген, мансап қылып айтқан: «Ей, ғазиз ата, көрмедім»,— деген. Екінші күні қарауылға екінші ұлы кеткен. Әлгі алма ағашы түбіне барып отырған. Біраздан соң ол да ұйықтап кеткен. Сол арада құс келіп алманы қиып, бір алмасын алып кеткен. Ертеңгісі патша ұлын шақыртқан. Үлкен ұлы секілді жауап берген. Үшінші ұлына кезек келіп, үшінші ұлы бақшаға барып алма ағашы түбінде еш ұйықтамаған. Біраздан соң бақшаға от секілді жалт жалт етіп кұс келіп, айналаны күндізгідей жарық қылып алма ағашына келіп қонған да алмаларды қия бастаған. Патшаның ұлы айла қылып құйрығынан ұстаған. Бірақ дұрыстап ұстай алмай қалған, алтын құс олай-бұлай етіп ұшып кеткен. Патша ұлының қолында жалғыз ғана бір қауырсын қалған. Патша тұрған, ұлын шақыртқан, ұлы әлгі қауырсынды алып барып атасына берген. Патша қайран қалып тіпті қуанған. Өйткені ол қауырсын қараңғы тунді күндізге айналдырған. Патша осы қауырсынды өзі отыратұғын үйге қойған. Бұл оқиғадан соң алтын құс бақшаға тіпті келмеген. Көп уақыт өткен соң патша жанына ұлдарын шақырып айтқан: «Ей, менің сүйікті ұлдарым, не болса да сол алтын құсты тірідей ұстап әкелгендеріңе бұрынғы айтқан өсиетімді орындаймын»,— дейді. Сол арада үлкен ұлы мен ортаншы ұлы інісіне қатты ашуы келіп, не болса да бірге іздейміз деп кеңес етіп айтып койған еді. Мұнан соң үлкен ұлы мен ортаншы ұлы атасынан рұқсат сұрап һәм дұғасын алып алтын құсты іздеп шығып кеткен. Ағалары шығып кеткен соң патшаның кіші ұлы атасына жалына бастады: «Ай, ата, мені де жібер іздеуге». Атасы айтқан: «Сүйікті ұлым, сен жас баласың, ұзақ жолға жүріп көрмегенсің межелі жерге әлі ағаларың бармаған да болар»,— деген. Күн сайын, сағат сайын кіші ұлы атасынан өтініп тілеген: Не болса да батаңызды беріп, рұқсат етіңіз»,— деп. Ақыры патша кіші ұлын жібермесе болмайтын болады. Атасы көп қайыр дұға қылып, кіші ұлы бір атқа мініп жолға шығып кеткен. Бара-бара өзі де қай жаққа барғанын білмеген. Кетіп бара жатып ойлай бастаған: «Алыс па екен, жақын ба екен, биік пе екен, аласа ма екен?» Жүріп барып бір жерге жеткен. Ол бір жақсы саха¬ра — жасыл шөпті, бұлақтар ағып тұрған. kazakh-halykh-ertegisiЕртеңіне тағы бір кеш жүрген алдынан тақыр шөл кездескен. Біраз демін алған соң әлгі тақыр шөлден кеткен. Біраз барған соң бір биік ағашты көреді. Ағашқа жазылған жазу бар екен. Жазуды оқыпты. Ағашқа жазылған сөздер: «Осы ағаш жанында үш жол бар: оңға ,солға, тура. Тура жолмен кетсе, ол кісі аш-жалаңаш болып аман қалады. Оң жақтағы жолға түссең, аты болса аты өліп, өзі аман қалады. Ағаштан сол жаққа кетсе, ол кісі өліп, аты қатар»,— деп жазылған. Патшаның ұлының ағаштан оң жаққа қараған жолға түсіп жүріп кеткен. Патша ұлы ойлаған «атым өлсе, өзім қалсам мал табылар» деп бір күн жүрген, екі күн жүрген. Үшінші күн бол-ғанда бұған бір жақтан келіп бір сұр қасқыр жолықты. Бұл сұр қасқыр тілге келіп айтты: «Ей, жас жігіт, сен әулиесің. Ағаштағы жазуды көргенсің. Онда жазған оң тарапқа кетсең атың басы жоғалады»,— деп, сол арада бұл баланың атын бір шетке алып барып жей бастаған. Патшаның баласы атынан айрылған соң өзімен бірге туған туысқанынан айрылған секілді шетке барып жылай бастаған. Біраздан соң жаяулап кетті. Бір күн, бір түн жүріп бала мүлде шаршады. Біраз демін алуға отырды. Сол арада артынан сұр қасқыр шауып келіп оны қуып жетіп баладан сұрай бастады: «Әй, патшаның ұлы, сен не жұмыспен жүрсің, жұмысыңды маған айт»—дейді. Патша ұлы жұмысының бәрін сұр қасқырға айтады. Сұр қасқыр: «Менің үстіме мін»,— дейді. Бала мінді, қасқыр жүгіріп кетті. Сонда шапшаң жүруі соншалық шапшаң ат болса да қасқыр артынан жетерлік емес. Бара-бара күн кеш болды. Күн кеш болған соң бұлар келіп бір тас жолға жетті. Ол тас жол биік екен. Сұр қасқыр айтты: «Уақыт жетті, түс менің үстімнен. Осы тас жолға өрмелеп шық. Осы жолдан түскен соң бір бақша көрерсің. Сол бақшада бір алтын қапас ішінде болады алтын құс. Аларсың, бірақ қапасқа тиме. Егерде қапасқа тисең өлесің. Неге десең сол сәтте қарауылшыларға хабар тиіп ол бақшадан шыға алмай қаласың. Сол сағатта сені ұстап алады»,— дейді. Патша ұлы жол бойымен өрмелеп шығып бақшаға кірді де алтын құсты көрді. Қапастан алып шыға бастағанда патша ұлына ой түсті. Өз-өзіне айтты: «Алтын қапассыз құсты алып жүру қиын болар»,— деп. Қайта барып алтын қапасты шешіп алам деп қапасты шеше бастағанда бақшаның іші суға толып кетті. Қапасты байлаған жерде темір шыбықтың бір басы патшаның уйіне кірген екен. Ең басына үлкен қоңырау байлаған екен. Ол коңыраудың сылдыраған даусымен қарауылшылар бұл жігітті келіп ұстайды. Алтын құстың иесі ол жердің патшасы Алматхан атты хан екен. Алмат патша өте ашушаң кісі екен. Бұл патша балаға қатты ашуланып: «Ұят емес пе саған осындай іс істеп жүруің., Өзің қандай адамсың. Қай патшаның еліненсің, атың кім»,— дейді. Жігіт қорқып кетіп: «Мен Хикмет деген патшаның ұлымын. Менің атым Фәрмүч»,— дейді. Алмат жігіттен сұрайды: «Сен мұнда неге келдің»,— дейді. Фәрмүч былай деп жауап береді: «Біздің патшамыздың бақшасын бір алтын құс иеленіп алған еді. Күн сайын түнде келіп бақшамыздағы алма ағашынан алма қиятын еді және бір алма алып кететін еді. Сол үшін оны ұстап әкелуге мені атам жіберді»,— дейді. Алмат патша айтты: «Ей, жас жігіт, өзің патша ұлы бола тұрып бұл іс саған жараспайды»,— дейді. Жігіт айтады: «Егер осы алтын құсты ұстап әкелсем атам орнына патша етіп қоямын деген. Сол үшін келдім»,— деді. Алмат айтты: «Сен ондай болса, жақсылықпен сұрасаң бір ауыз сөз сөйлемей берер едім. Жақсы бола ма, сенің осы ісіңді бірнеше ағыламнама жаздырып әрбір жерге таратсам. Тек сенің жастығыңды ескеріп сені құтқарамын һәм көп мал беремін, маған сен бір қызмет көрсетсең. Ол қызмет — бәлен деген үшінші патша мемлекетінде бір алтын жалды ат бар, ол мемлекет осы шаһардан мың шақырым жерде, бір биік үлкен теңіз артында, егер сен маған сол алтын жалды атты тауып әкелсең саған бір сөз айтпай осы алтын құсты жаным-тәніммен беремін. Егер осы қызметті қылмасаң қарақ атыңды бүкіл дүнияға таратамын»,— дейді. Бұл жігіт Алмат патшаға атты тауып келмекші болып бас иіп шығып кетеді. Қасқыр жанына келген жігіт, сұр қасқырға басынан өткен істерінің бәрін айтып береді.

Қаскыр айтты: «Әй, жігіт, менің айтқанымды неге тыңдамадың. Неге алдың алтын қапасты».— дейді. Патша ұлы қасқырға: «Сенің алдыңда айыптымын»,— дейді. Қасқыр айтады: «Қайыр, құдайдың ісі шығар, енді сен менің үстіме мін, кайда барсаң мен сені сонда алып барамын» ,— дейді. Патша ұлы қасқырдың желкесіне мінеді. Сұр қасқыр атқан оқ секілді шабады. Біраз уақыттан соң патша айтқан мемлекетке де түнде барып жеткен. Нақ түн ортасында ақ тастан істеген албардың қасына келеді. Қасқыр жігітке: «Бар, тез осы албарға кір, қазір қарауылшылар ұйықтаған соң атты, яғни, алтын жалды атты алып шық. Бірақ дуалда алтын жүген болар, оған тиме, егер тисең өлесің»,— дейді. Патша ұлы албарға кіреді. Атты алды. Сол арада жігіттің көзі дуалдағы алтын жүгенге түсті, жігіт жүгенге қатты қызықты. Алғысы келіп алғанда албар шу-шу ете қалып қарауылшылар оянып, албарға кіріп, патша ұлын ұстап патшаның алдына кіргізді. Патша жігіттен сұрай бастайды: «Қай елденсің һәм қандай адамның ұлысың»,— дейді. Патша ұлы қандай кісі ұлы екенін бәрін айтты. Патша жігітке: «Саған мұндай іс істеу жарайма, өзің бір патшаның ұлы екенсің, қайыр, бұл күнәңді кешемін, маған бір қызмет істесең. Қызмет — сол бір мемлекетте бір патша бар, оның бір сұлу қызы бар, неше жылдар мен жаушы жібердім, ғашық болдым, қызын маған берсін деп, ол маған қызын бермеді, егер сол қызды әкеліп берсең барлык күнәңді кешемін. Егер әкелмесең ұрлығыңды әр мемлекетке жазу жазып таратамын һәм ұрлығыңды әр-бір кісі біліп мазақ қылар. Егер осы істі орындасаң алтын жалды атты, алтын жүгенді өз ықтиярыммен саған беремін. Егер сен бастан жақсылыкпен сұрасаң, жақсы деп бір ауыз сөз айтпай беруші едім»,— дейді. Патша ұлы көп уақыт ойланып тұрды да сонан соң уәде беріп, қызды әкелмек болып жылай-жылай сұр қасқырдың жанына келді. Бастан аяқ қасқырға жай-күйін айта¬ды. Қасқыр айтты: «Неге айтқан сөзді тыңдамадың, неге тидің ол алтын жүгенге»,— дейді. Жігіт: «Айып менде, құдай солай мені бастады»,- дейді. Қаскыр айтты: «Жарайды, болары болды енді. Жүр, менің үстіме мін, қайда болса да мен сені сонда алып барамын»,— деді. Қасқыр өте қатты шапқан, сөйлеуге хал жоқ. Біраз уақыт өткен соң әлгі қыз еліне барып жетті., Шаһары алтын дуалмен айналдырған, ішінде бақша. Сұр қасқыр жігітке: «Түс үстімнен һәм аллаға тапсырып бар. Біз келген жолмен қайтып жол үстіндегі емен ағаш түбінде мені күтіп тұр»,— дейді. Патша ұлы касқыр айтқандай барып емен түбінде күтіп тұрады. Сұр қасқыр алтын дуалдың жанына барып бұғып тұрады.
Патша қызы бақшаға шыққан. Күн батқан соң өзінің бірге жүретін қыздарымен патша қызы жүре-жүре сұр қасқыр жанына бір-ақ келген. Сол арада сұр қасқыр дуал үстінен секіріп түсіп, патша қызын көтеріп алып желкесіне салып, секіріп шықты да шауып кетті. Өте қатты шабумен біраз уакыттан соң өзі айтқан жасыл емен түбіне келіп жетті. Патша ұлын да қызбен бірге арқасына мінгізіп алды.
Қасқыр патша қызын алып кеткен соң, жанында бірге жүрген қыздар патшаға келіп айтты. Патша бұл сөзді естіген соң жүйрік атпен қасқыр артынан қууға шықты. Бірақ касқыр артынан жете алмады. Сұр қасқыр үстіндегі патша қызы мен патша ұлы бір-біріне ғашық болып қалады. Қызды олар алып кел деген патшаға жақындайды. Жігіт қайғыра бастады һәм қызды патшаға бергісі келмей жігіттің көзінен жастары домалап-домалап түсе бастады. Жігіттің мұндай болғанын сұр қасқыр көріп жігітке: «Неге қайғырасың»,— дейді. Жігіт сұр қасқырға: «Ой, жан досым, сұр қасқыр, неге жыламайын, мен не қылам, тәнім, жаным, қаныммен бұл патша қызына ғашық болдым. Онан бір сәтке айрылып тұруға халім жоқ. Патшаға айтсам қызды бермейді. Басқадай халім жоқ, егер алтын жалды ат үшін бермесем менің уәдесіз атым әр жаққа жайылады. Осы істер үшін қатты қайғырам, қасқыр досым»,— деп жауап береді. Сұр касқыр: «Ей, жігіт, мен саған көп қызмет еттім тағы бір қызмет көрсетейін. Мен қазір сол қыз болайын. Мені патша жанына алып барып алтын жалды атты ал да алысқа кет. Мен біраз уақыт өткен соң патшадан далаға шығып жүруге сұранамын. Ол мені өзінің бағушы қыздарымен жіберер сол уақытта мен сенің жаныңда боламын»,— дейді. Осы сөздерді сұр қасқыр айтады да көзді ашып -жұмғанша патша қызы болады. Тіпті айырарлық болмады. Жігіт әуелі қызға пәлен жерге барып тұр деп, қыз болған қасқырды жетектеп патша жанына кіреді. Патша көрген соң жаны тәнімен қуанғаннан не істерін білмейді., Шаттанып өтірік қыз болған қасқырды алады да һәм алтын жалды атты жігітке береді. Жігіт қатты қуанып алтын жалды атқа мініп, өзі ғашық болған қыз жанына барып өз қасына міндіріп бірге кетеді. Патша жанында сұр қасқыр патша қызы болып бір күн тұрды, үш күн тұрды. Төртінші күн сұр қасқыр патшадан далаға шығып жүруге рұқсат сұрады. Патша: «Мен сені жүруге неге шығармайын, жаным, сен үшін жаным құрбан болсын», деп өзінің қызметкер қыздары¬мен далаға шығуға рұқсат берді.
Бір-біріне әбден ғашық болған жігіт пен патша қызы бостандыққа шыққан соң аз ғана уақыттан кейін сұр қасқырды ұмытады. Сол арада жігіттің есіне жан досы сұр қасқыр түседі. «Менің жан досым сұр қасқыр қайда екен» дегенде сол арада олардың көзіне сұр қасқыр көрінді. Сұр қасқыр келіп амандасып хал ахуал сұрап, жігіт пен қыз сұр қасқырға мінеді. Алтын жалды атты бұлар өздерімен бірге ертіп кетеді. «Алтын жалды атты алып кел» деген патшаға жетуге аз қалғанда бұлар бір жерге тоқтайды. Жігіт сұр қасқырға жалынады: «Сұр қасқырым, сен маған көп қызмет қылдың, рақмет, алла разы болсын. Енді тағы бір қызмет қылсаң мұнан соң өтініш айтпас едім. Бұл алтын жалды атқа өте қатты бауыр басып қалдым тіпті айрылғым келмейді»,— дейді. Сұр қасқыр «болады» деп, жерге аунап алтын жалды ат болады .Жігіт сұлу қызы мен алтын жалды атын қалдырып, өзі алтын жалды ат болған сұр қасқырды мініп патшаға келеді. Патша бұларды көріп қатты қуанып шат болады. Қарсы алдына шығып жігіттің қолын сүйіп өзінің салтанатты үйіне алып кіреді Жігіттің құрметіне үлкен ас береді. Ертеңіне жігіт өзінің еліне қайтатын уақыты болғанын патшаға ескертеді. Патша бұған «жарайды» деп, алтын құс пен алтын қапасты шаттанып беріп жібереді. Жігіт бұларды алып қаладан шығып кетті және өзінің сұлу қызының жанына барды. Екеуі алтын жалды атқа мініп һәм алтын құс пен алтын қапасты алып кетті. Бір күн өткен соң баяғы патша өзінің жалған алтын жалды атын ерттеп аңға шықпақшы болып қызметшілеріне ерттетеді. Патша мініп шығып кетті. Патша алтын жалды атты ұра бастаған еді. Ашуланып алтын жалды ат сұр қасқыр болды. Патшаны үстінен жығып түсіреді. Өзі шауып кетеді. Сұр қасқыр шауып отырып алтын жалдыға мініп кеткен жігіт пен шын патша қызы артынан жетті. Сұр қасқырға жігіт мініп, қыз алтын жалды атқа мінеді. Сөйтіп бұлар сұр қасқыр жігіттің атын жеген жерге жетіп тоқтайды. Сұр қасқыр: «Мен саған шын ықыласыммен көп қызмет еттім. Осы орында сенің атыңды жедім, сол орынға жеткіздім. Енді менің үстімнен түс. Мін өзіңнің алтын жалды атыңа және қайда барсаң сонда бар. Хош-сау бол»,— дейді. Патша ұлы сұр қасқырмен жылап айрылады. Бұлар өз жолымен кетеді. Күн өте қатты ыстық болады. Өздерінің шаһарларына аз жер қалғанда бір ағаш түбіне дем алму үшін жатады. Алтын жалды атты сол ағашқа байлап қойған. Алтын құсты алтын қапасымен өздерінің бас жағына қойып, өздері жұмсақ шөптің үстіне жатқан. Сөйлесе-сөйлесе бұлар ұйықтап кеткен. Сол уақытта бұл жігіттің екі ағасы алтын құсты іздеп кеткен жерлерінен бос қайтып келе жатыр екен. Інісі жатқан жерге келіп жеткен ағалары алтын құс пен алтын қапасты көріп қатты қызықты. Өзінің інісін өлтірмекші болып, бір ағасы қанжарын қынабынан шығарып інісінің ішін жарып тастайды. Патша қызын оятып одан аты-жөнін, қай жерден екендігін сұрады Патша қызы өзінің ғашық болған жігітінің қанжармен жарылып жатқанын көріп өте қатты жылай бастайды һәм айтады: «Мен сондай деген патшаның қызымын. Мені әкелген сіздің ініңіз Оны ұйықтаған уақытта қайсыңыз өлтірдіңіз. Бұл батырлык емес қой. Егер сіздер оны ояу уақытында өлтірген болсаңыз, ол уақытта бір сөз болмас еді»,— дейді.
Екі ағасы қыздың сөзін керек те қылмайды. Алтын жалды атты, алтын құсты, қызды бәрін алып шаһарына келеді. Үлкен той жасап хан қызды үлкен баласына қоспақ болады. Қыз ханға: Арызым бар, соны айтқасын қосыңыз», дейді. Хан:
— Қандай арыз, айт,— дейді.
Қыз бастан-аяқ көргендерін баян етеді. Хан нанарын да, нанбасын да білмей сол арада дереу кіші баласының өлігіне кісі аттандырады. Кісілер барса, басында бір сұр қасқыр хан баласының жараларын жалап жазып, тірілтіп алып отыр екен. Келгендер жылап көріседі. Қасқырмен хош айтысады. Біреулері сүйінші сұрап ханға қайта шабады, Шаһарға келген соң әкесімен көрісіп, екі ағасын хан малға құл қылып қояды. Мына баласына хан сүйікті қызын қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, өз орнына хан қойыпты.

Пікірлер3
  1. Алия

    Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.

  2. Алия

    Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады

  3. V

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ