Абзал деген бала туралы ертегі

Биік таудың бөктерінде бір шағын ауыл бар. Сол ауылдың сол жақ бөлігінде Абзалдың үйі бар. Ал, мінеки, бұл – Абзал. Біздің ауылымыздың ерекше баласы. Жасы — өзінің айтуынша, енді 7-ге толады екен. Оны ерекше бала  дейтін себебіміз, ол өте көп сұрақтар қойып, бәрін білгісі келеді де тұрады.

Бірде әкесі екеуі малды жайлауға апарғанда, бала бірнеше сұрақтар қоя бастады.

-Әкетай, осы кірпінің үстіндегі инесін алып тастасаң не болады?-деп, сұрайды Абзал.

-Балам-ау, үстіндегі инесі болмаса, оның өзін жейтін жауларынан қорғана алмай қалады ғой!-деді, күлімсіреп.

-Ал, әке айтыңызшы, роллтон кеспесі, қытырлақ (чипсы, сухарики) және газды сусындарды неліктен ішуге болмайды? – деп, тағатсыздана сұрады.

-Жоқ, бұларды мүлдем жеуге болмайды, денсаулыққа зиян, асқазаның ауырады және күш-қуатың әлсіреп, ауыра бересің әрі сабақ оқуға деген құлышынысыңды да төмендете береді.

-Ал, онда неге оны үлкендер білсе, дүкенде неге сатады екен, а? – деп, таңырқады.

-Әу…құлыным-ау!- кідіріп, — Білмеген болар әлде сату керек болған шығар!?…-деп, әкесі бұл сұраққа қымсынып, кібіртіктеп жауап берді, әрі өзі де ойланыңқырап қалды.

Алдарынан, Абзалдың көрші достары шықты. Бірге футбол ойынына Абзал да жүгіре жөнелді. Осылай әрлі-берлі ойнап жүріп, мектепке де баратын уақыт болып қалғандығын байқамай да қалды. Анасы:

-Ботақаным, кел, үйге кіре ғой!-деп, шақырады. Бала: -«Менің ішім ауырып отыр, анашым!» — деді. Анасы: — «Не болды, құлыным-ау, сабаққа баратын кезде ішің ауырып… Енді, сабаққа баруың керек, сабақтан тағы да қала беруге болмайды ғой.

-Олай болса, сенде менімен бірге сабаққа баршы!? – дейді, Абзал жарқын үнмен өтініп. Анасы мектепке Абзал мен оның інісі Әлимен бірге келе жатады. Мектепке кірерде інісі: -«Менде мектепке барамын!»- деп, еденді дүмбекшіп, есіктен тартқылап жылайды, осы кезде Абзал сәл кешігіп қалған еді. Абзал ұстазына:

— Сәлеметсіз бе! – деді.

— Сәлеметсің бе! Неге кешіктің, Абзал? – деді, қатқыл үнмен мұғалім.

-Кешіріңіз, жаңа бір кішкентай баланы анасына апаруға көмектестім, — депті.

-Бәрекелді, жарайсың! Олай болса, отыра ғой – дейді, мұғалім.

абзал деген бала туралы ертегі

Сабақтан тарап, үйіне қайтып келе жатқанда, ақылды Абзал өзінің досының басқа сыныптас балалармен бірге дүкеннен атқыш заттарды алмақшы болғанын көріп, зиян, алуға болмайтынын айтып, оларды тоқтатады. Ал, анау тұрған алыс жердегі қоқыс жәшікте сіріңке қорабын көріп: -«Мұны, мен тығып тастамасам, басқа бала атып жіберсе, жаман болады» — деп, ойлап, оны тығып тастайды.

Сөйтіп, ол сабақтан келіп, теледидар қосып, ұялы телефоннан ойын ойнап, алма жеп отырып алады. -«Анашым, маған тамақ берші, қарным ашты!» — деді. Анасы: -Сен тағы да сабақтан келіп, теледидар қосып, телефонмен ойнап отырып алғансың. Одан да қолыңды жуып, шашылған анау бөлмеңді жинап тастауға болатын еді ғой?! – деді, анасы.

-Қалаймаймын, жинағым келмейді!- деп, еріне бастады.

-Ал, онда дүкеннен сүт алып кел! – деді, анасы ашуланып.

-Барғым келмейді! – деді, бала.

-Бірақ та, сен анаңа көмектесуің керек ғой! – деп, анасы теледидарды өшіріп тастап, телефонын алып кетеді.

-Бәрібір де қаламаймын! – деп, айқайлайды.

Анасы: — Ал, сен сонда нені қалайсың?

Бала: -Мен тек мультфильм көріп, ойын ойнағым келеді – деп, ренжіп, Абзал бөлмесіне кіріп, көрпесін жамылып, сол мезетте:

Кенеттен көз алдында титімдей әлде бір түсініксіз түрлі-түсті өте жып-жылмағай, ұсқынсыз, көріксіз мақлұқтар билеп жүр. Бойлары кіп-кішкентай, тарам-тарам қолдары бар, мойындары жоқ, көздері бақырайған, өздері қылдырықтай, ашу-ызаға толы және сонша көп, есептеп санына жете алмайсың.

-Мынау, немене?-деп, таңданып бала сұраған бойда…

-Ал, бұл — микробтар-деп, көңілді сөйлейтін тіс щеткасы келе қалды. Әп сәтте, микробтар бәрі топырласа, бірін-бірі итеріп, әр жерге жасырынып қалды. Сөйтсе, ол адамның ауыз қуысының ішінде жүр екен ғой.

Сөйлейтін тіс щеткасы микробтардан қалай құтылу керектігін білетінін баланың құлағына бар дауысымен сыбырлап еді, онысы он метр жерден естілді.

-Жоқ, бізге ондай қажет емес, жоқ… – деп, барлық микробтар шулай бастады.

Тіс щеткасы былай сұрады:

-Мүмкін, сендерге анда жасырыну қолайсыз болар, ә?!

-Жоқ, жаман емес!Бізге сондай жақсы, қолайлы!Біз барлық жерге де сыйып кете аламыз – деді, дүмбекшіп.

Осы мезетте, бала тіс щеткасы айтқандай, тіс паста құтысын шығарып алып:

-Ал, мына құтыға сиясыңдар ма?-деді.

-Сиямыз,-деп дауыстады микробтар.

-Кәне, келіңдер, сендер қалай сыяр екенсіңдер, көрейік!-дейді де, бала құтының ауызын ашып, еденге қойды.

-Ал, бәрің де осындасыңдар ма?

-Иә, бәріміз де, сенің құтыңның ішіндеміз.

-Жерде, қуыста қалғандар бар ма?

-Ешкім де жоқ, бәріміз мындамыз!-деп, дыбыстады.

Одан соң, бала құтының тығынын мықтап жауып тастайды, алысқа лақтырып тастайды. Осылайша, тіс щеткасы мен Абзал екеуі бір-бірімен дос болады. Бала тісін күніне 3-4реттен жуып тұру керектігін түсінді.

Бір кезде жүріп келеді, жүріп келеді, жап-жасыл орман ішіне кезігеді. Орман ішінде үйшік тұр. Үйшіктің жан-жағы толы таңқурай. Бір таңқурайды Абзал үзіп алып, жемекші болып еді, таңқурай қозғалып кетті. Сөйтсе, бас киімі түгел таңқураймен көмкерілген бір қыз отыр екен.

-Неткен көп таңқурай!-деді, таңырқады Абзал бала.

-Бұл таңқурайларды жуып қан жеу керек-деп, тоқтатты қыз.

-Таңқурай денсаулыққа пайдалы, мен оны өсіремін. Міне, менің өсірген таңқурайымнан ала ғой! Оны жуып жесең, ақылды боласың,- деді де, ғайып болып кетті.

Бала таңқурайын жуып, қалтасына салып, жолда жүріп келе жатып, бүркіттің қатты саңқылдаған дауысын естиді. Сол дыбыс шыққан жаққа қарай беттейді. Алдынан байқап қараса, ақ сақалды бес қария ұзын сақалдарын беліне байлап алып, таудың биігіне кетіп барады екен. Беліне байлаған себебі, ақсақалдар арқашан бас қосып, елдің мәселесін би, төрелігін айтып шешкен. Үлкен қариялардың ақылын тыңдасаң, жолыңнан еш адаспайсың. Сол себепті, ақ сақалдарын қариялар байлап алған екен.

Бала олардан жөн сұрап еді:

-Біз алыс жол жүріп барамыз, мұның бәрі адаспас үшін қажет. Тау бөктерінде екі дәу аспанда тұрған күнге таласып жатыр. Себебі, Күнге таласып ұйықтамау керектігіні айтуға бармақшымыз. Олар, өйткені  Күн шыққанша ұйықтай береді екен.  Сол мәселені шешімін табуға, көмектесуге, олай ұйықтамау керектігін айтуға кетіп барамыз — деді. Сол-ақ еді, екі дәу күнге бола, ала ауыз болып, жанжалдасып отыр екен.

— Менікі, жоқ менікі!-деп,қолдары күннің ыстығына күйгеніне қарамастан, таласуын тоқтатар емес.

Ақсақал қариялар бірігіп:

-Аспанда Күн біреу-ақ, бұл-бәрімізге ортақ, сондықтан таласпаңдар! Қараңдаршы, қолдарыңды да күйдірдіңдер!…-деп, қабақтары түйілді. Екі дәу Күнді тартқылап отыр еді, Күн аспандағы орнына «лып!» етіп тұра кетті. Күн қапаланып, дәулерге ренжіп, найзағай ойнап, күн жылағандай боп, жаңбыр да тасырлап жауа бастады. Жай екі дәуге түсіп, дәулер қорыққанынан қаша жөнелді. Күн шығып, аспанда қалықтап құстарда самғай ұшты. Ақсақалдар жүрген жерді жайнатып, гүлге, жасыл желекке орандырды. Ал, бала дәулерге таңқурайынан берді. Және Абзал Дәулерге былай деді:

-Егер де, мұны жуып жесең, микроб болмайды және дәмді болады. Ал, өзің ақылды Дәу боласыңдар! Осылайша, дәулер сабасына түсті, ақылды болатынына уәде етті. Өйткені, таңқурай сондай дәмді.

Одан әрі ну орман ішінде жүріп келе жатса, алдынан жапырақпен оранған алғашқы адамдар, тайпа жаңбырдан соң, жерден гүлдеп шыққан өсімдік тамырын жұлып, жеміс-жидектерді теріп, ал ер адамдар аңдарды жебемен аулап жатқанын көреді. Ал, оң жақта, жабайы адам жауыннан салқындап, тоңып отырды. Абзал болса, ұялы телефонын беріп еді, жабайы адам телефонды тістелей бастады. Абзал телефонды алып, шақпақ тастарды тауып алып, оларды бір-біріне үйкеп, от жағып, жылытады, оларға көмектеседі. Алғашқы тайпа адамдары Абзалға дән риза, оның қасына келіп: «О, ғажап, сіз осының бәрін қайдан білесіз? Бізде мұндай жоқ! Данышпан екенсіз, бізге де осынының бәрін үйретші!- деді, тайпа адамы.

-Ол үшін мен сияқты мектепке барып, оқу керек, үлкендердің айтқанын тыңдау керек – деді, Абзал бала мәз болып.

-Ол мектеп деген қай жерде, бізді де апаршы, сонды?! – деді, қуанып.

-Ал, бізде адамдар үлкендерге «сіз», мен сияқты кішкентайларға «сен» — дейді, осылай өзінің оқыған, білетінін айтып, әңгімелесе бергенде, сол сәтте:

-Ағатай, тұр енді! Жүр кеттік, анда сен жақсы көретін тамақтарды, анашым дастарқанды әдемілеп, дайындап қойды — деп, інісі ұйқысынан оятты.

Сөйтсе, бұл бағанадан бергі біздің ақылды Абзал баланың түсі екен ғой. Оянғанда, Абзал бала өзінің қарны ашып, құрылдап тұрған дыбысын естіді. Орнынан тұра сала, «а, солай ма?алақай, кеттік онда!-деп, қуана жөнелді. Сөйтіп, Абзал балақай, өзінің түсінде көрген қызыққа толы әңгімесін дастарқан басында әңгімелеп берді. Одан соң, ол зиянды заттардан аулақ болу, денсаулықты күту керектігін, үлкендердің айтқанын тыңдау керектігін ұқты және күнге таласып, күндіз болғанша ұйықтамайтын да болды және онысын інісіне де айтып жүр. Енді, Абзал бала зиянды заттарды жемейді де, ішпейді де. Ол өзгерген, ақылды бола бастаған.

Оның орнына пайдалы ғана тағамдарды және жеміс-көкөністерді жуып қана жейді және өзінен кіші інілеріне, қарындастарына да соны үнемі айтып жүреді. Енді, тіптен планшет, компьютермен күні ұзақ ойнап, отырмайтын да болған. Өйткені, оның да көзге зиян екенін де, ауыртатынын да біледі. Оның орнына, далада ойнап, сабағын да оқып үлгереді әрі сыныптың үлгілі оқушысына айналды. Ал, біздің ауылдың үлгілі баласы осы Абзалдай, кәне, кім ақылды болғысы келеді, ә?!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер20
  1. Амангүл

    Мәнді мағыналы ертегілеріміз көбейе берсін!

  2. Баян

    ерекше жане естимеген ертеги екен

  3. Стэлла

    Балаларды жалқаулықтан арылту үшін таптырмас ертегі десе де болады.

  4. Гүлдана

    Қазірге кездегі балаларға нағыз керек ертегі екен ,

  5. Маржангул

    Ертегі қандай ұғымды балаларға керемет

  6. Сауле

    Ертегі жақсы. Қазір балалар ертегі оқу керек.

  7. Амангелді

    Жақсы жазылған ертегі екен, маған қатты ұнады

  8. Жанерке Ертайқызы

    балама оқуға ертегі таппай жүр едім. осы ертегіні міндетті түрде оқып берем

  9. Диана

    Маған ұнады. Балаларға жақсы білім береді деп ойлаймын

  10. Айдын Қанатқызы

    Өте жаксы екен. Мәнді мағыналы қызық. Әрі балалар үшін пайдалы

  11. Ирода

    Тез арада жүктеп алуым кк

  12. Самал

    Мына ертегі менің балаларыма оқып берген едім ұнады. Осындай қазақша ертегілер көп салынып тұрса екен

  13. ҒАЛИЯ

    қалай жүктеуге болады екен? ертегі һте мағыналы,балалар бойына адами қасиеттерді сіңіруге көп септігін тигізеді.

  14. Айгерім

    Ертегінің желісі мазмұны, қазіргі заманға сай екен, балаларымызды жақсылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа шақырады.

  15. Айгерім

    Қазірге кездегі балаларға нағыз керек ертегі екен ,

  16. Акнур

    Кейде болады осы тариздес ертегилерди ойдан курастырып айтындар деп балаларга тапсырама беретинимиз, алдагы уакытта окып бермесем

  17. Жанар

    Ертегі жақсы, қазіргі кезде қызықты ертегілер кемде кем. Қызыма қатты ұнады.

  18. Айнур

    Қандай жақсы жазылған ертегі,маған және ұлдарыма қатты ұнады.

  19. Райхан

    керемет

  20. Райхан

    әдемі жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ