Екі аяз ертегісі

екі аяз ертегісі

Баяғы өткен заманда ағалы-інілі екі аяз болыпты. Қыс болса болды олар жер жерді шарлап, қыдырғаннан басқаны білмейді екен.

Бірде інісі ағасына: – Көк мұрын аяз-аға, бұл жұртты суыққа үсіртсек қайтеді? – дейді ерігіп. – Несі бар? Қызыл мұрын інім, халықты тоңдырып, бір рақаттанайық, – деп құптайды.

– Ал, кеттік, жолда біреу-міреу кездесіпте қалар дейді.

Ермек іздеп аттанған екеуі бір кезде ат тұяғының дүбірін естиді. Бұл шанасын атына жегіп, қалаға қарай бағыт алған бір бай саудагер мен орманға отын әкелуге бара жатқан кедей еді.

Қызыл мұрын аяз: – Өзінің киімі жұпыны екен, қолғабы да жыртық. Мен оны тез-ақ аязға үсірермін. Ал саудагерге сен бар, менің оған шамам келе қоймас, – деп кедейді таңдайды.

– Айтқаның болсын! – дейді де көк мұрын аяз саудагердің соңына ілеседі. Кешкісін ағайындар тағы да кездеседі. Көк мұрын аяз көңілді. Қызыл мұрын одан: – Не, саудагерді үсіре алдың ба? – деп сұрайды. – Иә, – дейді көк мұрын аяз. – Қалай үсірдің? – деп таң қалады інісі.

Ағасы мақтанып: – Алдымен тонын, сонан соң малақайын, тіпті етігіне дейін шешіп алдым, – дейді де енді інісінің әңгімесін тыңдамақ болып, – ал сен кедейді қатыра алдың ба? – деп сұрайды. – Мен емес, ол мені қатырып кетті, – дейді қызыл мұрын күрсініп. – Жолда ызғарлы желімді үрледім, кедей шанасынан түсіп, жаяу жүг іре жөнелді.

Бұл жағдайда оны тоңдыру мүмкін емес болды. «Қап бәлем, тоқтаған кезіңде көрерсің» деп ойладым. Бірақ ол орманға келісімен балтасын алып, ағаш жара бастады. Қимылдаған сайын денесі қызып, сырт киімін шешіп тастады. Тіпті, жыртық қолғабын да лақты рып жіберді. Содан соң мен шешкен киімдерінің ішіне жасырынып алып едім.

Ол жұмысын бітірген соң, қатып қалған киімдерін кимей мені ағашпен оңбай ұрғылады! Бүйіріме оңбай соққы тиді, – дейді қызыл мұрын аяз. Болған оқиғаны асықпай тыңдаған ағасы: – Иә, інім, бұл – сен үшін үлкен сабақ. Балтаның тоннан да күшті жылуы барын есіңе сақтарсың, – депті.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер38
  1. Исмаилова Алма Ораковна

    Балалардың тілін дамытуға жақсы екен

  2. жайнагул

    тамаша

  3. Бибинур

    Бұл ертегі аудиоертегі еиіп алынғаны жақсы екен әсіресе дамыту ға жақсы

  4. МАРЖАН

    Балага тындатканга оте таптырмас ертеги екен

  5. Казна

    өте қызықты мағыналы ертегі екен рақмет

  6. Ақбаян

    өте қызықты ертегі екен

  7. Калбиби

    тыңдалымға арналған материал екен,осындай ертегі көп болса

  8. Баян

    ертегі арқылы балаларга тһкоптеген тапсырмалар беруге болады

  9. Айгерим

    Өте қызықты, мағынасы терең ертегі

  10. Алия

    Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

  11. Стэлла

    Аудио ертегісі өте құлаққа жағымды болады екен. Осындай ертегі көп болса

  12. Стэлла

    Аудио ертегісі өте құлаққа жағымды болады екен.

  13. Жанылсын

    Өзіме сақтап алдым, мен балаларға тыңдатамын,өте жақсы, рахмет

  14. Гүлдана

    Ертегіні аудиосымен шығарғандарыңызға көп рахмет.тамаша жұмыс.қатты ұнады.

  15. Маржангул

    Салеметсізбе! барлық керекті көрнекіліктер үшін алғысым шексіз))

  16. Рахметова Айтолқын

    Осындай аудио ертегілер ұйқы алдында балаларға өте әсерлі болады. Керекті материал, балабақшадағы балаларымның көңілінен шықты.

  17. Амангелді

    Жақсы жазылған тәрбиелік мәні бар маған ұнады

  18. Айдын Қанатқызы

    Өте керемет. Балалар үшін тіптен керемет екен. Рахмет осындай сапалы материалдарынызға

  19. Ирода

    Радиоға қарағанда керемет екен?????????????

  20. Маржан

    Қазақ тіліндегі ертегілерді тек радиодан тыңдауға болады екен деп жүрсем. Қатты қуандым. Істеріңіз алға баса берсін!

  21. Уміт

    Аудио ертегі керемет

  22. ҒАЛИЯ

    ертегі балалар үшін қызықты болды. карантин кезінде өткізген сабағымда қолдандым жазғы мезгілінде балаларға өте қызықты болады екен салқын жыл мезгілі туралы ертегі тыңдау.Сұрақтарын жаудыртты ғой тыңдап болғансоң)))

  23. Толқын Жұмабаева

    Ертегіні аудиосымен шығарғандарыңызға көп рахмет.тамаша жұмыс.қатты ұнады.

  24. Айгуль

    Сәлеметсіздер ме! Аудио ертегілер өте ұнады балаларға да өзімеде. Өсындай қазақ ертегілері көбірек болса екен.

  25. Акнур

    Аудиоертеги ретинде шыгарганынызга мын алгыс , кейде уакыт тапшы болып жатканда косып тындатып коямын

  26. Нарат Мейірбан

    ертегі аудиолары жақсы жазылған екен. жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер.

  27. Ерсайын

    рахмет улкен

  28. Гулим

    Саламатсыздар ма? Екі аяз ертігісін осы сайттан алып сабақ барысында пайдаландым. өте керемет. Аудиосын балаларға интерактивті тақтада тыңдаттым, оқушылар керемет әсер алды. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына осы ертегінің өз әсері орасан зор.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады деп ойлаймын.

  29. Гүлжайна

    Салеметсіздерме! кей оқушыларға оқығаннан гөрі тындаған кезде, ертегіні түсіну оңайға түседі. Өте тамаша, көптеген мұғалімдерге таптырмас құрал.

  30. Шынар

    Мұғалім ретінде сіздердің мақалаларыңыздан көптеген нәрселер үйрендім.

  31. Айнур

    Салеметсіздерме Ертегіңіз ұнады. Аудиосымен бірге берілген. Рахмет сіздерге. Жас мамандарға жаксы материал.

  32. Айнур

    Кандай жақсы ертегілер, әйтпесе қазақша ертегілер табу қиын интернетте.

  33. Таңшолпан

    Ертегі қызықты. Балалар қызығып тыңдады. Мағанда ұнада. Рахмет

  34. Нұра

    Қайырлы кеш, Еркетай ұжымы! Қыс мезгілінің келгенің балаларға түсіндіруге таптырмас құрал болды. Жаңа жылға балаларға ертегіні айтып беріп, рөлге бөліп ойнаған да тіптен керемет әсерлі шықты. Сіздерге үлкен алғыс айтамын!

  35. Бисенбаева Мирамкүл

    Саламатсыздар ма? Екі аяз ертігісін осы сайттан алып сабақ барысында пайдаландым. өте керемет. Аудиосын балаларға интерактивті тақтада тыңдаттым, оқушылар керемет әсер алды. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына осы ертегінің өз әсері орасан зор.Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады деп ойлаймын.

  36. Нукебаева Асель Саякхановна

    Сәлеметсіздер ме,Еркетай ұжымы.Жаңа жылға ертегіге көрініс қою мақсатында,ертегі іздеу барысында сіздердің осы Екі Аяз ертегісі көңіліме жақсы ұнады.Сіздерге Рахмет,осындай терең мағыналы,тәрбиелі ертегілерді жариялап отырғандарыңызға.Аудиожазба түрінде шыққан ертегілеріңіз де тамаша,балалардың есті,тыңдау дағдыларын қалыптастыруға септігі мол.Рахмет көп-көп.Бұл ертегіні тек қойылым ретінде емес,балалардың ой-өрісін дамытуға септігінің тигізетіндігі сөзсіз.

    1. Erketai (автор)

      Рақмет!

      1. Жумамуратова Жулдыз

        Саламатсыздарма еркетай ұжымы сіздердің ватсап номерлеріңіз болса жазыңызшы.87053776943 номеріне. Керемет ертегілер бейне баяндар барекен.Рахмет сендердің ұжымдарыңа.өтініш ватсап номер жазыңдаршы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ