Балаларға арналған әндердің текстері

Шымшық

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Қ.Қуатбаевтікі

Шымшықтың өр тырнағы,
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді,
Күнде жеке басының,
Салмағындай жем жейді!
Күнде жеке басының
Салмағындай жем жейді!

Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі

Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

Қайырмасы:

Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен

Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы:

Қиялдаймыз,самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз

Қайырмасы:

Ойлан, тап

 

Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі
Әні: Ә.Еспаевтікі

Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

Қайырмасы:

Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.

Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.

Қайырмасы:

Жұмбақтар бар өзен,көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер

 

Бала уату
Сөзі И.Оразбековтікі
Әні халықтікі

Әлди, әлди, балам-ай,
Әлди әнге салам-ай.
Әлди әнге мен салсам,
Балам ұйықтап қала ма-ай.
Әлди,әлде, бөпешім,
Жылай беріп не етесің.
Қазтұрасың ертең-ақ,
Тәй-тәй басып кетесің.
.Балбөбегім базарым,
Пәс түспесін назарың.
Сенің күлкің ашады
Дүниенің ажарын

Тұсаукесер
Сөзі мен әні К.Палымбетованікі

Бал бөбегім, сен өлеңім,
Аймаласам нұр өбемін.
Жұпар сенің, құмар еттің,
Кеудеме гүл, шынар ектің.

Иіп те мен, сүйіп келем,
Құшқан сайын биіктегем.
Немереммен керегем кең,
Ең қызыққа бөленем мен.

Жібек естім, теңге тестім,
Жүйрік бол деп тұсау кестім.
Бастың қадам,бол жақсы адам,
Ел-жұртыңа болсын бағаң.

Аяулы әнім-мектебім

Сөзі Ә. Аймақтікі
Әні С. Сапарәлиевтікі

Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Қайырмасы:

Аяулы әнім — мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсем-дағы қай жерде
Кцялымнан кетпедің.

Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған,ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

Қайырмасы:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

Кайырмасы:

balalarga-arnalgan-olen-takpaktar

МЕКТЕБІМ

Сөзі Қ. Мыңжановтікі
Әні М.Омаровтікі

Ашық-жарқын жүзді,
Ұстазың көп ізгі.
Мейірімін төккен
Аялап мың бізді.

Қай ырмасы:

Әріптерді танып,
Білімге еркін қанып,
Қардіріңді ұқтық,
Жанға ләззат алып.
Сен болмасаң мектеп,
Мақсатқа кім жетпек.
Құшағыңда өстік,
Қызғалдақтай көктеп.
Әлем сырын ашқан,
Шежірең жыр-дастан.
Шәкіртіңбіз балғын,
Бауырыңа басқан.

Қайырмасы:

Мамандықты таңдап,
Ұштық алыс самғап.
Жатыр басқа ұрпақ,
Думаныңды жалғап

Қайырмасы:

Кеш жарық

Сөзі Ә. Асылбековтікі
Әні А. Қоразбаевтікі

Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.

Қайырмасы:

Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

Қайырмасы:

Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.

Менің шөжелерім

Сөзі Н.Мүталлибовтікі
Әні Г.Гусейнлидікі
Аударма М.Әлімбаевтікі

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.

 

Кек шалғында жайылыңдар,
Тез,келіңдер,жайылым бар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім.

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім!
Нәзік үнді шөжелерім.

Не жейсіндер,мен берейін.
Су берейін, жем берейін.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.

Тез-ақ өсіп толарсыңдар,
Ақтауықтай боларсыңдар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет

Шеп, шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер169
  1. Нағима

    «Бәрінен де мен тәтті «әнінің сөзін ,әнін кім жазған?Өтініш тауып бере аласыздар ма?

  2. Карлыгаш

    Саламатсыздар ма. Маган балалар уйне арналган андер керек еди. Шамамен 4-5 жаска дейинги балаларга арналган.

  3. гульнар

    Сәлеметсіздерме! Кешіріңіздер, маған осы әннің сөздері керек еді. көмектесіңіздерші!
    1. Айналайын әжемнен
    Бақыт, байлық әкелген
    Өмір жүгі өзіңнің
    Көрінеді көзіңнен

  4. Асылай

    Маган бари ұнады
    ?? ?

  5. Мустафина Шаттық Балтабайқызы

    Сәлеметсіздер ме! осы сайтта балаларга жаксы әндер бар екен. Тәрбиешілерге осы сайттан әндерді табу жеңілдеу. Балалардың жас ерекшелігіне сай әндер бар екен

  6. Асия

    Сәлеметсіздер ме! Маған сіздің әрбір жібереген мақалаларыңыз ұнайды. Өлеңдер арқылы баланың шығармашылығы дамып шыңдай түседі. Көңіл күйлері де жақсарады сайтыңыз дами берсін. Өте мағыналы түсінікті мақалалар шығарасыз.

  7. Нагима

    Сәлеметсіз бе?балабақша балаларына арналған керек әдістеме кітаптар бар ма? Қалай қазақша балабақша сайтына тиркелуге болады?

  8. Асем

    Ұжымдарыңызға алғыс білдіреміз

  9. Айгерім

    Жаксы әндер.осы әндерді калай жүктеп алсам болады?мага оте кажет

  10. Айдарбайқызы Ақмарал

    Керемет. Балаларға қажетті өлең жолдарын табуға болады. Еңбектеріңіздің жемістерін көріңіздер. Алғысым шексіз.

  11. Айгерім

    Балаларга жаксы әндер бар екен.негізі балалар дайлы әндер оте аз.табу киын тіпті.осы сайттан байкап калдым.небір әндер бар екен.тагы да көптеген әндер косылса жаксф болар еді.және калай жүктеп алуга болады?

  12. Женис

    тамаша

  13. Гүлнұр

    Тамаша екен.Қажет болып қалғанда керек нəрсе.Сөздері де ыңғайлы кішкентай балаларға түсінікті əрі көңілді.Рахмет

  14. Арайлым

    Кейде балаларға арналған әндерді таппай қиналамыз. Мына сайт өте керемет екен. Іздеген әнімізді тауып жатырмыз

  15. Алия

    Салеметсіздерме сайт оқырмандары! Сайт ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Қазақта «Баланы жастан» деп бекер айтылмаған, міне осы сайтта бала тәрбиесіне арналған барлық материалдар табуға болады.

  16. Алия

    Бала бауыр етің, балаға әндер шығарыла берсе нұр үстіне нұр болар еді

  17. Бекназарова Гульмира

    Балаларга арналган андердин барлыгының текстин осы жерден алдым десемде болады. Оте керемет. Маган унады. Барлыгын жинактап жиынтык ан ретинде осы сайтка жариялагандарынызга коп рахмет. Енбектериниздин жемисин корниздер. Алдагы уакытта балаларга арналган жана антер жинагы шыгарылады деген ойдамын. Барлыгы керемет!

  18. Куралай

    Сәлеметсіздерме. Ерке кыз анинин авторы керек еди. Еркесимин мамамның,еркесимин папамның деген аннин

  19. Жанар

    Кеш жарык! Маган осы сайттагы Казакстаным ( Кайырмасы Казакстаным- Туган жерим, Казакстаным- думанды елим…..
    Кызыгы мол балдәуреним, балдауреним, балдәурен деп айтылатын) аннин авторы мен композиторы Ким екенмін билсениздер жазып жиберулеринизди отинемин. Шугыл керек болып тур

  20. Камила

    Маган тәтті тәтті әнінің минусовкасын тауып беріңіздерші. Срочно. Өтініш

  21. Айганым

    Ерден атайдын анин калай скачать етуге болады?

  22. Молдир

    Маған мектебім əнінің минусы мен плюсы сөзі керек еді. Əні М.Омаровтікі

  23. Риза Орымбаева

    Роза Рымбаева орындайтын тентегім әнінің авторлары әнімен сөзін жазған кім екенін білесиздерме айтыныздаршы өтінем

  24. макпал

    Салеметсиздерме маган ажемнин шайы деген олени тексты керек

  25. Гульнар Сихимова

    Көк туым киелі,бірлігі жарасқан. Бейбіт күн киелі, көкпеннен ұғысқан өлеңін қалай табуға болады (минусовкасын)

  26. Гулмира

    Балаларга арналган «Кел билейик» анинин авторы ким екенин билесиздерме,айтыныздаршы?
    Кел билейик,кел билейик
    Неге турсын билемей.
    Кел билейик,кел билейик
    Неге турсын ундемей
    Кайырмасы:
    Жалыгуды билмеймиз
    Жабыгуды билмеймиз
    Жауказындай козди тартып,
    Жайран кагып билеймиз.

  27. Гульнур Куанышбек

    Жау жау жаңбыр өлеңының минусовкасы керек еды

  28. Назерке Курманбекова

    Салеметсиз бе? Куз туралы олен бар ма, балаларга арналган.

  29. Aktoty Abatova

    Біз балдырған баламыз өлеңінің əні мен сөзі керек еді

  30. Чина

    Айболат саламатсыз ба?Сіз тəтті тəтті тəтті əнін таптыңыз ба?Тапсаңыз менімен хабарласыңызшы сатып алайын!Қатты керек болып тұр

    1. Админ

      Әніміздің аты тәтті тәтті тәтті сөзі:
      Күлгенімде тәтті, жүргенімде тәтті,
      Мендей қызды барлық ана армандапты.
      Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,
      Бәріненде бәріненде мен тәтті 2 рет
      Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,
      Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.
      Мен туғанда бұлбұл бақта сайрап жатты,
      Әніміздің аты тәтті, тәтті, тәтті
      Тілек қандай тәтті,
      Жанға балдай жақты.
      Өмір жолын әніммен қадам бастып жатты
      Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.
      Бәріненде бәріненде, мен тәтті
      Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,
      Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.
      Мен туғанда бұлбұл бақта сайрап жатты,
      Әніміздің аты тәтті, тәтті, тәтті

      Мына сілтеме арқылы mP3 көшіруге болады https://cloud.mail.ru/public/5yJ3/b2uTcWYEe

  31. Айтолкын

    Жаңбыр әнінің сөзінің айтып жібересізбе өтініш?

  32. Сандугаш

    Өтінем көмектесіңдерші маған Кел билейік, кел билейік неге тұрсын билемей әнінің плюсовкасы керек

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз,бізде бар барлық плюс және минусовкалар сайтта жарияланған.

  33. Асель

    Добрый вечер! Пишу на русском так как не хватит слов написать то что хочу.
    1. Рас уж сайт для деток то мне кажется мудрить и заставлять проходить регистрацию было лишним.
    2. Почему тексты старых песен на русском языке со старых мультфильмов можно так легко найти и так легко распечатать, да даже не распечатать а где то стоя на конкурсе черкез Google просто открыть и спеть там же
    3. Почему то когда дело доходит именно до наших Казахстанских сайтов то все замудрено или платно.
    4. Как мы сможем воспитать наших детей по нашей культуре, если такие элементарные вещи как детские песенки на казахском-родном языке сложно достаются.
    5. Надеюсь на Ваше понимание и рассмотрение данного вопроса не как обращение одного человека у которого было время написать, а как глобальный вопрос будущего Казахстана. Так как остальные соискатели просто махнут рукой и отдадут предпочтение русским песенкам с мультфильмов, сославшись на сложность доступа и отсутствия изобилия ресурсов с казахскими детскими песенками.

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, біріншіден сіз қай жерден көрдіңіз сайтқа тіркелу керектігін.Екінші сұрағыңызға келгенде біз жеке балалар мен ата-аналарға арналған сайтпыз және біз осы сайтқа мақала жазатын және басқада қызметтерге ақшаны өз қалтамыздан төлейміз.Үшінші мәселеге келсек музыкалардың ешқайсысы платыный емес.Барлығы ашық источниктерден алынған және көшіру оңай керек адам көшіріп алады. Егер басқада платный материалға келсек(портфолио, көрнекіліктер) сіз өзіңіз тегін жұмыс жасайсыз ба? Біз интернетте ойын ойнап жүрген жоқпыз, бұл біздің жұмысымыз қарапайым басқада адамдар сияқты бізде өз еңбегіміздің төлемін алғымыз келеді.

  34. Сима

    «Жалқаубек» әнінің мәтіні керек еді. Қай жерден алсам болады?

  35. Аскар Мендалин

    Маған балабақша мен қоштасу га арналған әндер керек еди? Отиниш минусы, плюсы болсын мейли жибересиз дер ме?

  36. Лейла Жаздыкбаева

    Салеметсиздер ме. Сиздерен отиниш нурын токке маган шуагымсын сен оленнин толык нускасын тауып бере аласыздар ма
    алдын ала рахмет

  37. Алия Жумагалиева

    Əндеріңізге көп рахмет

  38. Гульмира Жаймаганбетова

    керемет андер тагы болса

  39. Гульмира Жаймаганбетова

    керемет андер тагыда конилди ан болса балаларга арналган ар мерекеге арналган

  40. Замзагул Омирбекова

    сәлеметсіздерме маган Біз ұланы елімнің Қазақстан жерімнің сөзі мен минусовкасын тауып беріңіздерші

  41. Ботакөз Совет

    коп коп рахмет коп көмектеріңіз тиді

  42. Аноним

    Саламатсыздар ма. Өтініш арқашан күн сөнбесін әнінің сөзі мен минусовкасын жүйктеніздерші. Алдына-ала рахмет.

  43. Ансаган Хабылхаг

    Салеметсиздерме маган устазым менин камкоршым един деген аннин толык сози керек еди жибере аласыздарма

  44. Гульнара Пятаева

    Здравствуйте! Очень срочно нужна минусовка песни Гул кобелек, пожалуйста

  45. Гаухар

    Салеметсиздерме маган гул кобелек деген олен катты керек боп жатыр сиздерде текст и минусы барма

  46. Жанар

    СУПЕР сайт РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!
    мектепалды даярлық сыныпқа тесттер,сабақтар, ойындар болса

  47. Айгерим

    Кермет бари

  48. асем

    маган унады

  49. Гулбану

    Салеметсизбе? Маган осы сайт оте катты унайды барлыгын табуга болады… бир отиниш алакай ани мен бобектер анинин созин жиберинизши. ..плюсовкасын алдым коп создери тусиниксиз екен егер дайын жазылган сози болса жиберинизши….

    1. Erketai (автор)

      Бізде бар материалдар сайтта жарияланған.

  50. моля

    Мен туганда булбул бакта сайрап жаткан деген әннін сози бар ма? Болса жибериниздерши отиниш

  51. Айболат

    Сәлеметсіздер ме?! Маған «Әніміздің аты, тәтті, тәтті, тәтті» әнінің сөзін жазып жібересіздер ме? Әні мен минусы болса тіпті керемет болар еді… Алдын-ала рахмет!!!

  52. алмат

    Маған қуыршағым менің деген әннің сөзін жазып жіберіңдерші.

  53. жан

    Мен туганда аспан быр жулдызын жаккан

  54. Акерке Ғилымханова

    балаларға арналған заманауи әндер керек

  55. Эльмира

    Сəлеметсіз бе! Маған сіздердің сайттарыңыз ұнады, маған «мен туғанда аспан, тəтті,тəтті» əнінің сөзі мен минусы керек еді, жібере аласыз ба?

  56. Бота Бейсенова — Жау, жау, жаңбыр созын минусопкасын калай табамыз

  57. Салеметсиздер. Сайттагы барлык акпараттарга ракмет. Кызыктырар нарселер коп. Мен минусовкаларды кошире алмадым. Вк Твитер Фейсбук биреуин бас диди. Бассан ан коширилмейди???? Калай кошируге болады?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, батырманың бірін басқан соң 1 минуттай күтіңіз.

  58. Данияр

    «Ел қорғауға әзірміз» деген сөзі бар ән барма?

  59. Фараби

    БАлаларга арналган боямактарды кайдан тапса болады?

  60. anar

    Корнекиликтер алгым келеди

  61. anar

    Сайта калай тиркелем

  62. Dinara

    Jol juru erejesi bar makala kerek edi

  63. Dinara

    Salem bala-bakshaga arnalga 1-2-3 jastagi balalarga arnalgan takpaktar bi jane didaktikalik oindar kerek edi jariyalasanizdar…

  64. Карлыгаш

    Оте тамаша сайт маган катты унады керемет.Бала жуататын олендерди кобирек берсениздер екен отиниш

    1. Erketai (автор)

      Қолымыздан келгенше жариялап отырамыз.

  65. Карлыгаш

    Салеметсiздер ме?сайт окырмандары жане уйымдастырушылар.Мен жас анамын коп нарсенi бiле бермеймiн осы сайт аркылы керегiмдi алып отырамын оте тамаша сайт екен,Сайт уйымдастырушыларына алгысым шексiз екбектерiнiз жана берсiн,саттiлiк

  66. Бикеш

    Керемет!!!!

  67. Данара

    Құрметті сайт қызметкерлері әндеріңіз де негізгі сайтта өте керемет! Бізге қатты ұнады. Еңбектеріңіз жана берсін. Оқырмандарыңыз көп болғай. Бала тәрбиесіне қажетті дүниені осы жерден табуға болады.

  68. Нурия Гайнеденова Сейтжанова

    Наурызға көңілді әндер қосыңыздаршы

  69. Нурия Гайнеденова Сейтжанова

    Жана әндердің минусовкаларын,плюсовкаларн,сөздерін қосыныздар

  70. Шынар

    Видиолрды қалай сақтауға болады көмектесіңіздерші. Жаңа жылға керек

  71. Жанар

    «Бала тілегі» әнінің тексті мен минусовкасын қалай алуға болады.

  72. Ерасыл

    салем сиздерде уиретеди тектепте әнінің созі бара

  73. Самал

    рахмет

  74. Самал

    өте жақсы материалдар екен

  75. Сайт қызметкерлеріне шексіз алғысымда білдіремін!!!!!! Қадамдарыңа НҰР жаусын!!!!!!!

  76. тома

    керемет

  77. шолпан

    сайттарыныз унайды керекты материалдар бар

  78. АЙЖАН

    Cәлеметсіздер ме! балаларға ертегілер көшірсем бе деп едім, өте керемет сайт. Бірақ , менде тіркелу бойынша қиындықтар туып тұр. Тіркелуіме көмектесіп жіберсеңіздер, рахмет!!!

  79. Гульжан

    Мен қажет материалдардың бірін де көшіре алмай отырмын неге?

    1. Erketai (автор)

      Өйткені сайтқа тіркелмегенсіз.

  80. гулмира

    калай коширемин вк деп бастым

  81. гулмира

    маган минусовкалар кажет создеримен
    жибересиздерме

  82. Бакыт

    өте жақсы, мүғалім әріптестеріме осы сайттан әндер алуға болатыны жөнінде кеңес берем. Осы қалпында қалып қоймай жаңартулар болып тұрса жақсы болар еді. Сәттілік тілеймін!

  83. Айшагүл

    маған Алтын күз өлеңінің өлеңін жазған және сөзін жазған авторлары керек еді

  84. Минусовкаларды калай аламыз ашылмай жатыр

  85. Минусовкаларыңыз өте ұнады.САйттың админ. көп-көп алғыс айтамын.Шығармашылық табыс тілеймін!!! Көбірек минусовка әнінің сөзі болса жақсы болар еді.

  86. Сәлеметсіздер ме! Сайт керемет ұйымдастырылған,тек минусы,плюсы және мәтін бірге берілетіндей етіп жинақталса.Рахмет!

  87. асель

    сәлеметсизбе әже туралы ән барма минусовкасымен

  88. Альбина

    Тентегім және Жалқаубек әндерінің сөздері болса жазыңыздаршы, өтініш. Алдына ала рақмет!

  89. кундыз

    коп коп рахмет олендеринизге мектеппен коштасуга арналган олендер болса ссылка жибериниздерши

  90. сулу

    казактын кара баласы терме созi керек.Рахмет!

  91. Нурила

    Өте тамаша сайт. Рахмет сіздерге.

  92. Нұргүль

    Айналайын әні керек еді

  93. Шарипа

    калай скачать етуге болады

  94. Самал

    сәлем маған ақ көгершін,ақмама,қошақаным әнінің минусовкалары керек еді. болса жүктеп алуға болама ?

  95. жайна

    маған құттықтаймын ,мама туған күніңмен әні керек еді

  96. Inkar

    ***Сәлеметсіздер!) Бұл жақсы сайт екен. Бірақ мен «Қуыршағым менің» әнінің минусовкасын таппадым. Сіздердің сайттарынызда оның минусовкасы бар ма, жоқ па??? Уақыттарыңыз болса сол әннің минусовкасын табасалыңыздаршы)))
    Менен басқа адамдар бар шығар сол өлеңді іздеп жүрген. Енді бір, күшті музыка керек болса осы сайтқа кірем***)))

  97. Гүлдана

    Салеметсіздер ме? Сіздердің сайттарыңыз балалар үшін өте тамаша екен. Рахмет. Даярлық және 1 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оңай әндер минсовкасымен болса нұр үстіне нұр болар еді. Сәттілік тілеймін!

  98. Aruzhan

    Маған өлеңдер қатты ұнады ! Бұл сайт маған музыкадан кішкене бір көмектесті.

  99. Көп рахмет.Іздегім әнімді таптым.Шығармашылық табыс тілеймін.

  100. Сәлеметсіздер? Мен Сағат Айкерімнің шығармаларын жібердім.Неге шықпаған? Рахмет!

  101. Мен тіркелдім! Қандай тамаша сайт! Көп рахмет сіздерге, 8 Наурызға арналған тағы әндер болса.

    1. Гульнар

      Салем. Маған ақ мамам және де аналарға арналған минусовка сөздерімен керек еди?

      1. Erketai (автор)

        Сөзі жоқ минусовкасы сайтта жарияланған.

  102. Гульмира

    Маған «Кел билейік» әнінің минусовкасы өте керек еді, бірақ көшіре алмай отырмын. Көмектесіп жібересізбе?

  103. маған 8-наурызға, 22-наурызға арналған өлеңдер керек еді, сіздерден алдым, басқа да түрлері керек еді. Қалай алсам болады?

  104. маған осы сайт қатты ұнады, балаларға да ұнайды деп сенемін! Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!

  105. Нурхан

    Өдеңдерді минустарды қалай басуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркеліңіз. Сол кезде минустарды көшіруге арналған сілтемелер көрінеді.

  106. Назерке

    Салеметсіздер ме?! Іздегенімді тапқандай едім, бірак сайтқа тіркеле алмай жатқаным. Картинадагы код қате дей береді. Неге екен? Тіпті қайта-қайта теріп код бітуге жақындады гой деймін

    1. Erketai (автор)

      Салем! Каптча дұрыс жазылу керек.

  107. сәлеметсізбе! маған Айналайын өлеңнің сөзі керек еді

  108. Құралай

    сәлеметсіздерме! бұл сайт маған ұнады.бірақ мен оқушыларыма үйретуге машина, пойыз туралы олендер керек еді. егер болса минусовкасымен. таба алмай отырмын егер тапсаңыз ссилкасын жбересізбе.

  109. ramazan rahimov

    калай олен шыгарат

  110. Көп рахмет!!!!!!

  111. Дауренгул

    Cәлеметсіздер ме?
    Мен парольді ұмытып қалдым, ауыстыру тетіктерін бастым олайда тусінбей қойдым. Көмектесіп жібересәздер ме?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа кіру деген жазуды басыңыз содан соң сол бетте «Құпия сөзіңізді ұмыттыңыз ба?» деген жазуды басып қайтадан жаңа пароль алуыңызға болады.

  112. Гаухар

    Өте жақсы сайт. Маған балаларға арналған минусовкалар мен плюсовкалар керек еді. Соны қалай көшіріп алса болады?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сайттағы минусовкаларды көшіру үшін сайтқа тіркеліңіз, содан соң көшіруге арналған сілтемелер көрінеді.

  113. Молдир

    Қазақша әндер тағы да болса

  114. Сәлеметсіздер ме? Керемет сайт екен. Жаңалыққа тұнып тұр екен. Бәріңізге рахмет.

  115. жадыра

    salemetsizbe magan bobekter aninin sozi kerek edi kalai tabuga boladi kimnin oleni ekeninde bilmedim birak jaksi an eken

  116. фарида

    неге көрнекілерді жібермеи жатырсыздар

    1. Erketai (автор)

      ******** электронды почтасынан тапсырыс жасаушы сіздің электронды адресіңіз қате немесе блокировкаға түскен сол себепті почтаңыздың қатесін түзеңіз немесе басқа почтаңызды адресін жазыңыз біз соған жібереміз.

  117. Газиз

    сәлеметсіздерме мына өлеңдерді калай көшірсем болады??

  118. салеметсіздерме! сайтта Айгөлек әнәнің минсовксын таба алмадым.

  119. Мақаланы қандай тақырыпта жіберсем болады.Өз туындыларымды,балаларға арналған айтыс сөздерін жіберсем болады ма

  120. Cіздерге көп-көп рахмет!

  121. Нургуль

    өте жақсы сайт, қажетті мағлұматтар табуға ыңғайлы

  122. Мақпал

    өтінем маған мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жақты…. тәтті тәтті тәтті деген әннің сөзі мен минусвкасы керек болып тұр тауып бересіздер ме

  123. олендерді калай кошіріп алуға болады

  124. көшірмесін калай алсам болады

    1. Erketai (автор)

      Сізде осы сайттың тақырыбына сай мақала жіберсеңіз бізде сізге қалаған мақалаңызды жібереміз.

  125. Мен балалар үйінде жұмыс атқарамын.Балаларға арналған әндер өте ұнады.Қазақша әндер табу өте қиын.Саит администрациясына үлкен рахмет!

  126. Жұлдызай Абуова

    Сәлеметсіздерме керемет сайт маган ұнады бірак өзіме көшіре алмадым және калай макаланы калай жіберем айта аласыздар ма?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Мақаланы мына сілтемені басу арқылы жіберсеңіз болады. https://erketai.kz/makhala-jaryalu/

  127. Алмагуль

    Нан кокымын шашпандар,
    Жерде жатса баспандар.
    Терип алып кастерлеп,
    Торгайларга тастандар.

  128. сәлеметсіздерме маған ақмамам әні керек еді қайдан таба алам рахмет

    1. Erketai (автор)

      Қазір іздеп көремін тапсам сізге көшіруге арналған сілтемені почтаңызға жіберемін.

    2. Erketai (автор)

      Сіздің почтаңызға минусовкасы және тексті жіберілді.

  129. альмира

    мен сыздердын балаларга арналган олендерыныз катты унадыю

  130. Майра

    «Жалқаубек» әнінің мәтіні керек еді

  131. күшті сайт бәрі де бар

  132. жаксы сайт

  133. Kuanar

    Сәлеметсіздерме?маған менің шөжелерім әні керек еді қандай сайттан алсам болады?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Қазір бұл өлеңнің минусовкасы жоқ.

  134. Аягөз

    маған өте қатты ұнады

  135. гаухар

    неге сонша тіркелу қиын, мен тіркелгім келіп еді қолымнан келмеді,

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сайттың астыңғы оң жақ бөлігінде «Кіру» және «Тіркелу» формасы бар. Сол арқылы тіркеліңіз!

  136. гаухар

    салеметсізбе!Қуырмаш өлеңінің сөзі барма сіздерде?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Бұл өлеңнің тексті жоқ бірақ достар егер білсеңіздер осы пікір жазу формасы арқылы жазыңыздар! Сол арқылы бір-біріңізге көмектесіңіздер.

  137. минсовка бар ма

    1. Erketai (автор)

      Минусовкалардың барлығын мына беттен көре аласыз https://erketai.kz/balalar-minusovkalari/

  138. Erketai (автор)

    Сайтқа тіркелсеңіз Қазақстан әнінің плюсын көшіруге арналған сілтеме көрінеді.

  139. саламатсыз ба!Маған сіздің сайтыныздағы Қазақстан әнінің сөзі керек еді көмектесіңізші.Өтініш

  140. Erketai (автор)

    Рахмет Nursultan сіздердің тілектеріңіз біздің алға жылжуымызға үлкен септігін тигізеді.

  141. Салеметсіздерме сайт оқырмандары!
    Сайт ұйымдастырушыларына алғысым шексіз.
    Қазақта «Баланы жастан» деп бекер айтылмаған, міне осы сайтта бала тәрбиесіне арналған барлық материалдар табуға болады.

  142. Erketai (автор)

    Ол өлеңнің музыкасы жоқ

  143. Менің шөжелерім музыкасы барма?

  144. Erketai (автор)

    Ол өлеңнің минусовкасы мен плюсы да бар ғой сайтта «Қошақаным» деп жазылып тұр

  145. жазда апамның аулына…өлеңінің мәтіні мен минусовкасын қосыңыздаршы

  146. Erketai (автор)

    Мына жерден көрініз https://erketai.kz/balalar-minusovkalari/

  147. минисовкалар барма

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ