KZ RU

Жұмбақтар жауабымен

Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.

Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)

Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.

Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.

(қарындаш)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

zhumbakhtar-zhauabimen

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 399

  • жауабтын шешуы аспан и жер гой соныда

  • жайганым тукты кiлем iлгенiм тыкыр кiлем

  • ЖАКСЫ

  • Оте жаксы жумбактар

  • Кім-кімде басы жоқ-бас киімі бар, етегі жоқ-аяғы бар жауабы қандай болады

  • бұл сайт маған ұнайды, бүлдіршіндерге арналған жұмбақ, ертегі, мультфильмдер бәрн де табуға болады, сіздерге үлкен рақмет!!!

  • мен оны тек скачать ете алмай жатырмын бірақ маған қатты ұнады

    • Сайтқа тіркеліп, логинмен почтаңызға жіберілген паролді жазып сайтқа кіріңіз. Содан соң көшіруге болады.

  • Макалдар коп екен керек макалымды тез тауып алдым

  • Тамаша, издегенинди табады екенсин. Унады

  • жұмбактар көп екен . Маған ұнады . Күшті.

  • Керемет жұмбақ.Маған ұнады!: ))
    Бірақ құрал саймандардың жұмбақтары жоқ екен: |
    Бірақ маған ұнады

  • Жалтыраган боркы бар
    Жалтыраган коркы бар

  • Неге копировать етілмейді?

  • Маган унады керемет

  • Жұмбақтар жақсы екен ұнады. Супееер!!!

  • Маған доп туралы жазып бересіздерме өтініш Маган срочно керек еді

  • күшті екен бірақ доп туралы жоқ екен

  • Рахмет! Жұмбақтардың ішінен керектінің бәрін таптым!

  • маган кыска байланысты киын жумбактар керек еди,онай керек емес,тауып бериниздерши отинем

  • Сайт өте жақсы. Оқушыларға арналған жұмбақтары да жақсы. Өзіме қажеттісін таңдап алыдым. Сіздерге үлкен рахмет.

  • көп жұмбақ екен және пайдалы екен

  • жақсы екен. Рахмет!

  • Оте жаксы коп коп рахмет мен осы жумбактарды жазып алып сыныптастарыма айтып коргеммин олар осы жумбактарды шеше алган жок

  • Жұмбақтар жақсы екен. Рахмет!

  • Өте жақсы сайт, көп-көп рахмет. Осындай сайттар бізідің жастарымызға мәдени үлесі өте зор

  • Өте жақсы сайт, көп-көп рахмет. Осындай сайттар бізідің жастарымызға мәдени үлесі өте зор

  • Кыздын есими 7 ариптен…3 арип табигат туралы..2 арип тус..2 арип уй жануары..кутееммм

  • маган кыс туралы керек еди маган жумбактар унамады

  • копировать етуге болмайды екен?

    • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
      Сайтқа тіркелсеңіздер кез-келген материалды көшіре аласыздар!!!

  • Мынау тек қана жемістер ғой.

    admin

  • Керемет

  • Baride keremet. Sizderge sattilik. Allanin nuri jausin!

  • материалдарды жүктеп алуға болама, болса қалай?

  • Екі доп Ауысты бір шеңберді тауысты жауабын жазыншы отінем

  • бала туралы жұмбақтар билсениздер жиберинздерш отнем

  • Окындар

  • недеген жаксы

  • Бұл сайт өте жақсы!!!:))))

  • Erketai өте жақсы праграмма

  • кей біреуін білемін бірақ жұмбақ коп екен ;)

  • бугин гана кирдим тунге деин отырдым былай катты — катты унады менин апкем мен анам акем кун сайын киреди осы сайтка кино да бар ойын да бар тагыда мамам жаксы коретин логикалык есептер бар :)

  • Маган отбасы га байланысты жумбактар керек еди мумкин дик болса тауып бериниздерши

  • оооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо кушти екен

  • класссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс

  • НЕГЕ КОПИРОВАТЬ ЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ

  • КРУТО

  • классно

  • КЕРЕМЕТ!!!!!!)))))

  • Оте унады КЕРЕМЕТ!!!!!!

  • рахмет сізге өте жақсы сайт

1 2 3 4 … 7