Бөдененің құйрығы неге қысқа?

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа?
Сабақтың мақсаты: Сөздерді дұрыс тасымалдауға жаттықтыру. Бөдене жайлы толық түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
 Буын жігімен тасымалдауға жаттықтыру
 Оқушылардың таным аясын кеңейтуге мүмкіндік беру
 Оқушыларды адамгершілікке, сүйіспеншілдікке , құстарды қорғауға тәрбиелеу
Көрнекті құралдар: суреттер, ертегіге қажетті суреттер, слайд, мультфильм, үлестірме қағаздар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап
Күтілетін нәтижелер:
1. Кез-келген сөзді буынға бөліп, тасымалдай алады;
2. Оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын айтып бере алады;
3. Пікірталаста өзін көрсете алады, еркін ой бөлісе алады;
4. Сұрақ қоя біледі, сөзді бөлмей, аяғына дейін тыңдауға үйренеді.
Бағалу:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуы,оқу-құралдарының дайындығы,сынып тазалығы,оқушылардың партада дұрыс отыруы,сыртқы келбеттеріне назар аудару

— Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
— Балалар құстардың суретін таңдау арқылы топқа бөлінеді. (Әр топта өз құстарының суреті көрсетілген)
— Мыс: Бөдене, қарлығаш, шымшық, сауысқан, көгершін
— Тыныштық сәті, әуен тыңдау (құстардың дыбысы)

sozderdi-tasmaldau

Қызығушылығын ояту сатысы

«Менің достарым» деген тақырыпқа сурет салып келу (1-2 бала салған суретінің мағынасын түсіндіреді.
Өткенді пысықтау.
— Тасымал дегеніміз не?
— І-тапсырма. Әр топқа тапсырма беріледі. (сөздерді қалай тасымалдауға болатынын көрсетеді)
— Мыс: балапан, қарлығаш, жемсауыт, шағала, бөдене
Кіріспе әңгіме:

— «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» ертегісін әңгімелеп айтып беремін.( таудың макеті тұрады, құстардың макеті болады) солармен көрсете отырып, балалардың қызығушылығын оятамын.
— Мәтін мазмұнын қалай түсінгендері жайлы қысқаша сұрақтар қойылады:
1. Бөдене қандай құс?
2. Қандай тау болыпты?
3. Құстар не үшін талпыныпты?
4. Бөдене не істепті?
5. Бөдененің құйрығы неге қысқа екен?
— Бөдененің балапыны туралы мультфильм көрсетіледі.
— ІІ-тапсырма. Осы мультфильмнен не түсіндік? (әр топ ойланып, бір адам жауап береді)
Мағынаны ажырату сатысы

— ІІІ-тапсырма. Әр топқа пазл беріледі. Пазлды құрастырады да, сол жайында ойланып, топтан бір бала жауап береді.
— 1-топ. Бөденеге сипаттама бер (суреті беріледі)
— 2-топ. Бөдене немен қоректенеді? (құрттар суреті беріледі)
— 3-топ. Бөдененің ұясы туралы айтып бер (ұясының суреті)
— 4-топ. Бөдене қыста қалай қыстайды? (Қыстағы бөдененің көрінісі)
— 5-топ. Бөдененің балапаны қандай болады? (балапанының суреті)
— Тақпақтар:
— 1. Балалық қып қызбайық
Құс ұясын бұзбайық
Құстар біздің досымыз
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар

2. Орманға бара жатқандар,
Аңшылық дәмін татқандар,
Өтінем түгел бәріңнен
Көктегі құсты атпаңдар!

-Сертігу сәті:
Қыран құстай самғаймыз,
Әлемді біз шарлаймыз.
Биік-биік шыңға өрлеп,
Тыныштықты қорғаймыз.

Жаңа тақырып:

— Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: көл, өзен, емен, шаш, ер

Дәптермен жұмыс

— Сабаққа сиқыршы келеді. Сиқыршы жолда келе жатып, қапшығындағы сөздерді шашып алады.
— Сиқыршы: Балалар маған мына сөздерімді жинауға көмектесесіңдер ме?
— Ол үшін бұл сөздерді тасымалдауға бола ма, болмай ма? Соны айта отырып жинаймыз. Мыс: ақын, іні, жент, әже, өрік, от, сүт, ауа, ата
— Ана тілі дәптері №1 (34бет)
— 1. Мына сөздердің тасымалдау түрін көрсетіп жазамыз (қоңырау, жайын, бауыр)
— 2. Көркем жазу

Ой толғаныс сатысы

ІV-тапсырма. Әр топқа ( Тасымал) деген сөз жазылған қағаз беріледі.
— Тасымал туралы не білетіндерін жазады.

Жазу жолына сыймаған сөз Тасымалданбаған бөлігінен соң дефис қойылады буынға бөлініп тасымалданады

Тасымал

Бір буынды сөз Алғашқы буыны бір
дыбыстан тұратын екі буынды сөз  тасымалданбайды

— Балалар, бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
— Бүгінгі сабақ ұнады ма?
— Не сіздерге қызықты болды?
— Сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталады
— Үйге тапсырма: Ертегіні оқу, ереже жаттау, 100

№48 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Мырышпаева Асем Асенгазыевна
Сыныбы: 1 «Е»

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Мадина

    Сабақты құрылымы өте жақсы жасалған. рахмет

  2. Бахтыгуль

    Сабақты құрылымы өте жақсы жасалған.Өзіме макетпен жұмыс жасаған ұнады.

  3. Гулзира

    Сабақтың мақсаты, күтлетін нәтижесі нақты қойылған. Топтық жұмыс арқылы сабақта көп ақпаратты , материалды меңгеруге мүмкіндік жасалған . бірақ уақытты тиімді пайдаланған жағдайда ғана…

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ