Жұмбақтар жауабымен
Мазмұны
Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.
Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)
Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.
Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)
Ызақор бұғып жатыр,
Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс
Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***
Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
***
Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.
(қарындаш)
***
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
***
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)
***
Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)
***
Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)
***
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)
***
Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)
***
Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
***
Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
***
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
***
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
***
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
***
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
***
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
***
Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
***
Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
***
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
***
Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан)
***
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)
***

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)
***
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)
***
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)
***
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)
***
Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)
***
Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
***
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
***
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)
***
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)
***
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)
***
Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)
***
Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)
***
Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)
***
Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)
***
Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)
***
Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)
***
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)
***
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)
***
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
***
Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)
***
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)
***
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)
***
Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.
(шар)
***
Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)
***
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)
***
Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)
***
Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)
***
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)
***
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)
***
Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……
(арыстан)
***
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
***
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
***
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
***
Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)
***
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
***
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)
***
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
***
Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)
***
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
***
Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
***
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
***
Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.
(сиыр)
***
Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)
***
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)
***
Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?
(троллейбус)
Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ
Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.
Erketai-ға жазылу
nice and like
жаксы жазылган екен
өте жақсы
жұмбақ пен жауаптарға рахмет
өтееееееееееееееееееееееееее керемет кеше анандидің не болганын білесиндер ме»
өте керемет сайт сабаққа өте керекті сайт екен осылардын ішінен мен кейбіреулерін жазып алдым керемет
Жумбактарга рахмет
Жумбактарыныз Супер мен 5 алдым
unadi kuwti eken mina sait
Маган унады
Жұмбақтар өте қызықты екен!
жұмбақтар өте қызықты, Тек өзім іздеген жұмбақты таппадым. Өте өкінішті
Өте қызықты жұмбақтар екен))
Достар мына жумбактын шешимин айтыныздаршы оте керек!
Айдындай жузеди,
Кумистей сузеди
жеміс жидектер туралы жұмбақ жоқ екен
Керекти жумбактарымды таптым, рахмет коп — коп!!!
Қардай аппақ, балдай тәтті ол не? кім біледі
Балмуздак емеспе корш!!!
норм болат еккен
Оте жаксы сайт прикол жумбактар коссаныз кушты болады
Бұл жақсы жұмбақтар.
Жұмбақтар жақсы.Рахмет!
Бір мүйізді,бір көзді (ине).
Jaksi jumbaktar bar eken!Raxmettt kop kop!
белі бүкір алысқа түкір (мылтық)
Маған бұл сайт қатты ұнады!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
ушып журген гул кордим
устап алып улгернрдим
іші қызыл, сырты жасыл
(қарбыз)
өте жақсы
Бiреулерiн елiктеуiш созi бар макал бiлесiнедер ме?
Жерді ұрсаң таңқ етеді.
Итті ұрсаң қаңқ етеді.
Бақ — бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсыңған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
маған 10 жұмбақ керек еді сізің арқанызда таптым ризамын
Мен халық ауызындағы жумбактар іздеп едім 1жумбақ болсын шыкпады өте өкінішті
ризамын!
Куни бойы тынбайды
Дамди тагам жинайды
ЖУМБАКТЫН ШЕШУИН ТАУЫП БЕРИНИЗДЕРШИ
Coooooooooolllllllllllllll
Сәлеметсиздерме!Маған оқушыларды қызықтыратын күлкілі жұмбақтар қажет еді.Өтінемін тезірек тауып беріңіздерші. Алдын ала рахмет!!!
жумбак норм
жұмбақтар өте көп бырақ маған ариптер туралы керек еді жаман емес жұмбақтары
маған өте ұнады! осы жұмбақтар ойынызға көбыне қай уақытта келеді ? шын жүректен үлкен рахмет сізге!!!!
маган бари унади рахмет
рахмет мұндай жұмбақтарыңыз болғанына
рахмет сиздерге
Салеметсиздер ме!!!!! Маган бундагы жазылган жұмбақтар катты унадыр. Рахмет сиздерге.
салеметсиздерме! бака туралы жумбак таба алмадыма, комектесесиздерме?
Салеметсиздерме?! Маған ата-әже туралы жумбактар қажет еді мумкін болса жылдамырақ тауып бере аласыздарма. Алдын ала рахмет
Салеметсізбе! Жұмбақтар қатары жаман емес,тек математика жағынан яғни сандар жайлы жұмбақтар іздеп едім таппадым, Өкінішті!
Болашақта қосуға тырысамыз.
рахмет үлкен үлкен
Рахмет оте жаксы сайт жаксы жумбактар ))) ;-)
Керемет жұмбақтар. Сабақтарда өте керекті нәрсе. Рахмет сізге.
Сізге де. Сайтымызға жиі кіріп тұрыңыз!
жаксы сайт
Жұмбақтар жақсы жинақталған екен. Көп-көп рахмет! Осы жұмбақтарды жинақтаған осы мақаланың авторына.