KZ RU

Жұмбақтар жауабымен

Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.

Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)

Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.

Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.

(қарындаш)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

zhumbakhtar-zhauabimen

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 399

  • Балалардың тіл байлығын арттыру кезенде таптырмас құрал. Өте қызықты екен!

  • Шығармашылықтарыңызға тәнті болып жүрмін, биіктерден көрініңіздер.

  • Керемет!Балалардың тілін дамытуда ең қажетті мақал мәтелдердің көмегі зор! Балаларға керекті нәрсе!

    • Каз тарих тур жазбаднба

  • Балам әлі 5те бірақ сонда да жұмбақ жасырамыз өте қызықты екен. Авторлар өте кереметсіздер

  • Балаларға ұнады, бірге жасырып, жауабын тауып уақыт қызықты өтті рахмет

  • көп жерде жоқ жұмбақтарды таптым рахмет)))

  • Баланын жылдам ойланып, дурыс шешим кабылдауга уйретуде жумбактар колдану оте орынды. Жумбакты шешу аркылы бала терен ойланып, дурыс шешим кабылдап, ой орисин кенейтеди. Сабактын кызыкты отуине, сабакты жан жакты ашуга комеги зор! Улкен Рахмет!?

  • саламатсыздар ма? Еркетай сайтындағы мына жұмбақтар маған қатты ұнады. әртүрлі тақырыпта бұрыңғы ұмытылып жүрген жұмбақтар да бар екен. мағыналы-мәнді. оқушыларыма да қатты ұнады. жұмбақты шешуге оқушылардың ынтасы артты. сіздерге рахмет.

  • Автор жұмбақтарды бейнеролик түрінде бергені дұрыс болған екен. Балалар жұмбақтың шешімін таба алмай жатқан жағдайда суретін көрсету арқылы оңай табуға болады. Мен өзім балабақшада ақпараттандыру оқу қызметінен сабақ беремін, сабағымда осы әдістерді қолданамын.

  • қандай керемет жұмбақтар.Балалардың ақыл-өрісінің дамуына маңызы зор..Еркетай сайтына рахмет

  • Қандай керемет! Балабақша тәрбиеленушілеріне таптырмас азық.Рахмет Еркетай ұжымына

  • Құрметті сайт ұйымастырушылары өте тамаша ! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

  • Енбек туралы жок екен проста бирак оте жаксв

  • Жұмбақтар өте көп, өте жақсы, қызықты, оңай жатталатын, балаларға дұрыс таңдалған екен.

  • Балалардың ойын дамытуға керемет жинақталған материал екен, жұмбақтың шешуін таба отырып, баланың қызығушылықтары артады. Жарайсыз!

  • Балалардың ойлау қабілетін жақсы жетілдіреді.Нағыз балларға арналған жұмбақтар.Күшті!

  • Жұмбақтар жина жақсы, бастауыш сыныптарымен бала-бақша жасындағы балалрға арналған таптырмайтын жинақ. Бірақ тақырыптар бойынша бөліп қойсаңыздар дұрыс болар еді! : )

  • Өте үлкен жұмыс жасалған.

  • балалардың ой өрісін логикасын миын жаттықтыруға қатты қиында емес қызықты жұмбақтар балалар да емес ересектерде қызығып шешуге болады

  • Салеметсізлер ме?! Баланың ойлау қабілетін арттыруға, сабақты қызықты өткізуге сіздердің сайттарыңыз жақсы көмектеседі. Рахмет

  • Жұмбақтар керемет тақырыпқа сай жасалған

  • Jumbakhtar tamasha jinaktalgan jumbakh arkhili balanin logikasin damituga ote kop ules kosadi.

  • Өте пайдалы дүниелер екен. Шығармашылық табыс тілеймін. Нағыз керек дуние екен

  • Ишинде ести ести кулак абден жауыр болган жумбактарда бар екен. Дегенменде кейбир жумбактарды биринши рет окып отырмын. Рахмет

  • жаңа жұмбақтар көп екен дұрыс болды өзіме керекгін таптым рахмет

  • Маған қатты ұнады.сізберге алғысым шексіз

  • Қызықты жұмбақтар. Оқушыларға да жаттап алуға қиын емес.

  • жұмбақтар ұшқырлыққа тапқырлыққа жетелейді. керемет мәнді қызықты екен,суретімен болса тіпті жақсы

  • Тақырыптық ашу мақсатында жұмыстар пайдаланасыз түсінікті жақсы екен!!

  • Жұмбақтың шешуін табу менің оқушыларыма өте қызық. Жұмбақ- жалпы адамның ой-өрісін дамытуға және тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар. Оны мен айтпасамда бәрі біледі. Енді осы жұмбақтарды жинақтап отырған «Еркетай» сайтына көп рахмет.

  • жұмбақ ұнады өте керемет

  • оқыдым керегімді алдым

  • Жұмбақ — баланың ой-өрісін дамытуға өте пайдалы. Жұмбақ шешу арқылы адам заттың өзін ғана емес, сын-сипатын, түр келбетіне назар аударуға бағыттайды. Арасында өзім де табуға бираз қиналған жұмбақтар кездесті, жалпы басым бөлігі жақсы құрастырылған.!!

  • Балалар жумбакты шешу ушин коп ойланады.ойлау кабилети артады. Мугалимдер мен тарбиешилер керек материалдырын алганы дурыс.осы жумбактардан

  • Маган жумбак шешип комектесинизши

  • Жұмбақ тың өте мәні бар.

  • Сәлеметсіздер ме!Осы жарияланған жұмбақтар жақсы. Балаларға жұмбақтартардың жауабын тез табуға және де балалардың ойлау, сөздік қорларын арттыруға үйретеді. Сонымен қатар берілген жұмбақтар балаларға жаттап алуларына ыңғайлы.

  • онай әрі жеңіл, ойлау қабілетін жақсы жетілдіреді.Рахмет ЕРКЕТАЙ

  • Рақмет.Жұмбақтар жақсы жазылған. Оқушылар осы жұмбақтың жауаптарын қимыл қозғалыспен көрсеткенде жақсы көреді.

  • Әрі төсек,әрі үй. Иесі оның сәби. (Сәби)
    Жауабы бесик болар. Кате кеткен сиякты

  • Рахмет жұмбақітар үшін.оте кызыкты.өзіме кажетті сабагыма пайдаланатын жұмбаітарды жазып алдым.маган үлкен пайдасы тиіп жатыр .тагы да рахмет

  • аспаптардікі жоқпа не

  • Осы жұмбақтар жиынтығын өз сабағыма паидаландым.көпкөп рахмет

  • Коп коп ине коп ине?
    Бір сабағы жок ине
    Іс тікпейді ,əрине
    Жумбактын жауабын білсениздер айтып жіберініздерші?

    • Ине емес пе екен?

  • Жұмбақтар жауабымен берілген екен. Бұл біздерге, ұстаздарға таптырмас көмекші құрал.

  • Ғажап

  • Өте тамаша жазылған екен

  • Жұмбақ жасыру өте ғажап дүние

  • Ассалаумағалайкум маған мына жұмбақты шешіп беріңіздерші Көреді бəрін өзгенің, Көре алмайды өздерін.

  • Мынау жумбактын жауабы
    Жіп жіңішке денесі
    Ортасында шегесі
    Урлесен жеп женыл
    Елпылдеп келеды
    Ушырсан кок тенбыл
    Бултка да жетеды
    Керек санды тересын
    Елге салем бересын

    • Жумбактын шешуы керек . Төрт ұзын аяғы бар, басында тарам-тарам таяғы бар.

1 … 3 4 5 6 7