KZ RU

Жұмбақтар жауабымен

Ответы на загадки жұмбақтар жіп жіңішке денесі ортасында шегесі www.erketai.kz сайты жұмбақтардың шешуін табу.

Мəтінде көрсетілген www.erketai.kz сайтын пайдаланып, жұмбақтардың шешімін тап. Жұмбақтардың күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көшіріп жаз. (ответы на загадки)

Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты.

Жауабы: (Халық аты: Татар
ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.
(жуа)

Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Колди жердин укили аруы, Откир желдин саз тартар каруы

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

***

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

***

Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі.

(қарындаш)

***

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

***

Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

***

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

***

Көк лағым көгенде жатып семіреді.
(Қарбыз)

***

Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
(қарбыз)

***

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

***

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 

***

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

***

Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)

***

Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)

***

Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)

***

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

***

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

***

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

***

Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

***

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

***

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

***

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)

***

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

***

Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.

(таба нан)

***

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

***

zhumbakhtar-zhauabimen

Тырау-тырау тырналар, Тау басына жорғалар.
Еті арам,сорпасы адал, Ол не балалар?
(аралар)

***

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат. Бұл не сонда?…
(сағат)

***

Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.
(сағат)

***

Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

***

Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

***

Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

***

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

***

Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп.
(күн)

***

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
(жаңбыр)

***

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

***

Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды.
Қызыл,сары,жасылды, Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

***

Терезені өрнектеп, Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

***

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

***

Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)

***

Дәмін таттсаң –тәтті-ақ,
Түсін көрсең- әппақ.
(қант)

***

Екі басты айдаһар, Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп, Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

***

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
(ана сүті)

***

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.
(бұлақ)

***

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

***

Белі бүкір,
Алысқа түкір.
(мылтық)

***

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

***

Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

***

Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк-теңбіл, Бұлтқа да жетеді.

(шар)

***

Қарап тұрсаң өзіңе, Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды, Тура сенің өзіңе
(айна)

***

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(Бағдаршам)

***

Әрі төсек,әрі үй.
Иесі оның сәби.
(Бесік)

***

Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?
(әліппе)

***

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

***

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

***

Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

***

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)

***

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

***

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

***

Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)

***

Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)

***

Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)

***

Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

***

Орманда- тұрағы
Тоқ-тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

***

Басында үшкір істігі бар,

Өзіне лайықтап тон пішкен, Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

***

Бұл не қылған ер еді? Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі, Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

***

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)

***

Екі найзасы бар, Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар, Бір таяғы бар.

(сиыр)

***

Аспанда жүзеді, қанатын қақпайды
жерде де жүреді, бауырлап жатпайды
(ұшақ)

***

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
(поезд)

***

Сымға асылып, Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді, Ол не,ал кім біледі?

(троллейбус)

Жұмбақтар Жинағы Жауабымен видеосын көріңіздер сіздерге ұнаса каналымызға жазылыңыздар! Біздің Ютуб Канал ERKETAI.KZ

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 399

  • өзіме керек дүниені таптым!!!!

  • Жұмбақтар өте қызықты екен! Қай тақырыпта болсын жұмбақ табуға болады! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер

  • Жұмбақтар өте қызықты екен! Қай тақырыпта болсын жұмбақ табуға болады

  • Бала кезімізде жұмбақты жаксы көруші едік. Жатқа айтатынбаз. Казир ұмытып қалған едім. Кайта есиме түсірдім. Рахмет

  • Керемет жұмбақтар, көп рахмет алдағы уақытта керек болады.

  • Балаларға жұмбақтартардың жауабын тез табуға және де балалардың ойлау, сөздік қорларын арттыруға үйретед

  • Жауабымен берілген жұмбақтар ерекше ұнады. Әсіресе балалардың жаттап, бір-біріне жасырып, жарыса түсетін кейіптері маған қуаныш сыйлайды.

  • Осы сайттан көптеген сұрағына жауап табасың.Керемет сайт!

  • сіздердің жасаған еңбектеріңіз бізге көп көмегін тигізіп жатыр. алғысым шексіз.

  • Жұмбақтар үшін көп рахмеет?

  • Бірнеше жұмбақтар берілген екен тақырыпқа сай қолдана беруге болады екен рақмет

  • Өте жақсы жазылған екен, барлық салаларды қамытылған маған ұнады,

  • Жұмбақтар топтамасы өте керемет, балалар қызыға жауабын шешуге тырысады. барлығына ұнады

  • Алла разы болсын! Кейде осындай тіл ұшында тұрған сөзді айта алмай қиналғанда бірден қарап, ішінен бірең сапасын алуға болады!

  • Жауабын табуга комек керек болып тур отиниш.
    Торт узын аягы бар,Басында тарам-тарам таягы бар.

  • Жұмбақ- баланык сыни ойлануы мен көркнмдік қиялын дамытады. Жұмысыңызда соған бағытталған екен. Қазіргі заман балаларына сай жұмбақтар болса одан да асар еді

  • ЖҰМБАКТАР ҮШІН КӨР РАХМЕЕТ, САБЫН ТУРАЛЫ ЖУМБАҚ ҰНАДЫ

  • Керемет, іздеген нәрсеңды ез табатын
    сайт.

  • Мынау керек жұмбақтар екен. Мен бұларды балама үйретіп қоямын!!

  • Жақсы екен. Балалардың ой өрісін жақсартуға жақсы екен. Көп рақмет.

  • Қандай керемет.балалардың ой-өрісін дамытуға керекті нәрсе.Еркетайға мың алғыс.

  • Жұмбақтар баланың ойлау қабілетін дамытады.Сондықтан балаларға олар балабақшада болсада,мектепте болсада жұмбақты көп жасырса жақсы болады деп ойлаймын.Өте керемет.

  • Балалардың жаттауына өте жеңіл екен

  • Жұмбақтар жеңіл әрі өте жақсы жиналған. Өте керек еді, көп рахмет.

  • Жұмбақтар өте керемет жинақталып жасалған. Мұғалімдерге өте пайдалы. Бастауыш сынып оқушыларына қолдануға керемет пайдалы дүни екен.

  • Жумбактар балалар га женил ари оңай екен рахмет сізге

  • Өзіме керекті жұмбақтарды тез таптым. рахмет

  • Жұмбақтар жақсы жинақталған, бастауыш сынып оқушыларының жасына сай.

  • Көптеген керекті жұмбақтар бар екен.

  • Жұмбақтар жинақтамасы өте жақсы екен. интернеттен жұмбақтар іздесек жауабы жоқ болып шығады ал мына жұмбақтар жауабымен екен.

  • маған ұнады,адамның ойына келмитін жұмбақтар бар екен

  • Жұмбақтар адамның ой-өрісін дамытуға бағытталған ғажайып дүние. Жұмбақтар адамның дүниетанымын кеңейтіп, адамның ой-санасын қалыптастыруға өз үлесін қосатын халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі. Мен жұмбақтар тапқанды ұнатамын.

  • Оте жаксы жумбактар

  • Балалардын интелектин дамытуда жумбактардын манызы зор

  • Жұмбақтар жақсы құрастырылған. Қажетіме пайдаландым.

  • Жұмбақтар балалардың жас ерекшелігіне сай құрастырылған.Көп-көп рақмет! Шығармашылық табыстар тілеймін!

  • Сайтта жарияланған жұмбақтар балалардың жас ерекшелігіне сай құрастырылған.Себебі, жұмбақ- баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі .Жұмбақты шешу арқылы балалар өз беттерімен ізденуге үйренеді, ақыл — ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытады.Сондықтан осы ұжымға алғысым шексіз!

  • Сайтта жарияланған жұмбақтар балалардың жас ерекшелігіне сай құрастырылған.Себебі, жұмбақ- баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі .Жұмбақты шешу арқылы балалар өз беттерімен ізденуге үйренеді, ақыл — ойы мен дүниетанымын кеңейтеді, тілін дамытытады.Сондықтан осы ұжымға алғысым шексіз!

  • Қандай керемет, балалардың жас ерекшеліктеріне сай екен

  • тобесинде айдары,
    Минези де жайдары,
    корсе, унатар сан киси
    кус биткеннин сандиси
    кунбагыска уксайды
    Бул кай кұс?

  • жұмбақтарды сабақта қолдана білудің өзі,мұғалімнің деңгейін көрсетеді.Осы жұмбақтар жинағы арқылы әр сабақтың мазмұнды өтуіне кепілдік алуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын бірден-бір әдіс ол жұмбақ.

  • Балаларды қызықтыратындай жұмбақтар екен күшті

  • Жұмбақтар жиынтығы өте керемет! Өте құнды. Болашақта осындай жұмбақ жинақтарын жүктеп тұрсаңыз.Сәттілік!

  • Сәлеметсіз бе? жұмбақтар жақсы жазылған. бірақ топтастыру керек екен. себебі оңай табу үшін. Жұмысыңызға сәттілік

  • жұмбақтар балалардың ойлау қабілетін жетілдіріп қоймай, сөздік қорын да жетілдіреді.

  • жұмбақтар өте қызықты, балаларға да жеңіл.

  • жұмбақтар бала жасына сай тиімді жинақталған және көптеген тақырыптарды қамтыған. керемет!

  • Сәлем достар маған көмектесіп жібере аласыздарма өтініш!

    Көреді бәрін өзгенің,
    Көре алмайды өздерін.
    *******

    Дегендей ешкім тимесін
    Алыпты қадап инесін.
    *******

    Біреуге найза түйрейді,
    Өзіде содан күйрейді.
    *******

    Ана ауылдың бурасы,
    Мына ауылдың бурасы,
    Желкілдейді шудасы.

    Достар осы жұмбақтардын жауабы болса айта аласыздар ма өтініш?

  • Балаларға жаттатып пайдаланып жүрмін. Балалар қызығып, ойланып шешімдерін табады. Еркемай сайтына!

  • сіздерің ұжымдарыңызға рахмет! коптеген жұмбақтар бар

1 … 4 5 6 7